Ұлы Отан
соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық
жауынгер К. А. Семенченко (1941 жылы 22 шілде).
238 – атқыштар
дивизиясының автоматшысы Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино
қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан – Амангелді
Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев.
П.Б. Вихрев
Панфиловшы 1075- атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі жетекшілігімен 14
жауынгер, жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды.Жалғыз қалған саяси
жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. Вихревке Батыр
атағы берілді
ІІ-топ: Мәтінмен жұмыс /жауынгерлердің аты-жөнін
атау,баяндау/
Ленинград
шайқасы. (1941 жылы 9 қыркүйек – 1943
жылы қаңтар)
Қазақстандық жауыгерлер Ленинград түбінде
ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қыркүйекте
Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры жазылды. Алғадай Жамбылұлы – 19 гвардиялық
атты әскер полкінде пулемет расчетін басқарды.Синельниково қаласы маңында ерлікпен
қаза тапты.
Ленинград үшін
шайқаста Сұлтан Баймағамбетов пулеметтің дзотының аузын аузынөз кеудесімен
жауып, қаза тапты.
Нүркен
Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.
Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен дивизиясымен бірге жаудың 18
танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді,
жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше
жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нүркен Әбдіровке 1943 жылғы
наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Қаһарман қазақ
қызы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры. Анасы Маржан қайтыс болғаннан
кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі
№9 мектепте оқыған. 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып,
мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың
тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа
қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында
болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен
қаза тапты. Жауынгер достары Лия деп
атап кеткен.
1922 жылы
Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда
ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1
наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы
басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз
еркімен майданға аттанған, ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға
сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель
қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынан пулеметті тастамаған
күйінде қаза болды.
ІІІ-топ: Мәтінмен жұмыс
/кесте құрастыру/
Сталинград шайқасы. (1942 жылы шілде- 1943
жылы ақпан)
1942 жылы 17 шілдесінде Сталинград түбіндегі кескілескен
ұрыстар болды.
Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық
пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең
таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген
ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ
жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.
Днепр шайқасында ерлік көрсеткен 18 жастағы ең жас батыр
– Жәнібек Елеусізов
Әр топ берілген тапсырманы қорғайды.
І
топ – «Мәскеу үшін
шайқасқа қатысушылар» сызбасын толтырады
. Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев,
Бауыржан Момышұлы, 316-атқыштар дивизиясы, И.В. Панфилов. 314-атқыштар
дивизиясы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова.
ІІ
топ – «Қатысушылардың
ерлігін » сипаттап,атайды
ІІІ
топ –Сталинград
шайқасына қатысқан қазақстандықтар жайлы кесте толтырады
–
Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысуы:
Қазақ 50%
Орыс 37%
Басқа ұлт өкілдері 13%
Қазақ жерінен 1200000 адам соғысқа аттанды.
Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны.
Жалпы әлем бойынша – 70000000
Фашистік Германия бойынша -10000000
Кеңестер одағы бойынша -270000000
Қазақстан бойынша –
400000
Тарихта 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып
өтті.
КСРО бойынша Кеңес Одағының батыры-11600 адам
Қазақстандықтар – 497 адам
қазақтар- 97 адам
Тарихи термин сөздерге анықтама (дәптермен жұмыс)
Фашизм–
италян тілінде «ұйым»деген сөздүние
жүзіне үстемдік орнатпақ болған топ,бірлестік.
Агрессия -мемлекеттің
тәуелсіздігімен аумақтық бір тұтастығын
егемендігін әскери күшпен бұзу.
Барбаросса-фашистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен соққы беріп,басып алу жоспары
Тайфун
-Гитлер армиясының Мәскеуге
басып кіру жоспары
Остланд - Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропаны мекендеген
халықтарды қырып-жою жоспары
Оккупация -бір
мемлекеттің территориясын басқа мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы
Милитаризм - жаппай
қарулану саясатыКім жылдам?
ІV.Жаңа сабақты бекіту:
Тұлғаны
таны.(Ұяшықтардан
тұлғаларды анықтау, сипаттама беру.)
Мәлік Ғабдуллин
Төлеген Тоқтаров
Мәншүк Маметова
Әлия Молдағұлова
Хиуаз Доспанова
Бауыржан Момышұлы
Талғат Бигелдинов
Рақымжан Қошқарбаев.
V.Жаңа
сабақты қорыту:
Тест
жұмысын алу
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
А) 1939 ж Ә) 1941ж Б) 1948 ж В) 1940ж
2. КСРО –ның Батыс өлкесіннен Қазақстанға қанша завод
фабрика көшірілді
А) 110 Ә)
2 Б) 80 В) 100
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық армия
қатарына алынды?
А) 1 млн 200 мың Ә) 2 млн Б) 500 мың В) 1 млн 300 мың
4. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау
пулеметін өз денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?
А) Б.Момышұлы Ә)
Ә.Молдағұлова Б) М.Мәметова В) С.Баймағанбетов
5. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд
жасаған кім?
А) Ж.Қуанышбаев Ә)
Ш.Берсиев Б) Ы.Жақаев В) Б.Дисекбаев
6. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің
үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия
А) 316 атқыштар дивизия
Ә) 238 атқыштар дивизия
Б) 310 атқыштар дивизия
В) 314 атқыштар дивизия
7. Ә.Молдағұлованың өмір сүрген жылдарын атаңдар
А) 1921-1940 ж.ж
Ә) 1925-1944 ж.ж Б) 1915-1942
ж.ж В) 1920-1943 ж.ж
8. Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары
А) 1910-1982 ж. ж Ә) 1900-1945 ж.ж Б) 1905-1978 ж.ж В) 1908-1980 ж.ж
9. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?
А) 1939 ж Ә)
1942 ж Б) 1945 ж В)
1944 ж.
10.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыш?
А)Б.Момышұлы
Ә)Р.Қошқарбаев
Б)Т.Тоқтаров В)Т.Бигилдинов
VІ.Оқушыларды бағалау:
VІІ.Үйге тапсырма беру