Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Альханова Айгуль Тулеутаевна

Тақырыбы: Санды өрнек

Мақсаты: “Санды өрнектер” және “санды өрнектің мәні” түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасау; “+” және “–” арифметикалық амалдарын пайдаланып санды өрнектер құрастыру дағдыларын қалыптастыру; санды өрнектердің мәнін табу біліктілігін қалыптастыру.

Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту

ІІ. Жаңа тақырып

Санды өрнек — сандар, арифметикалық амалдар, жақшадан тұратын өрнектің түрі. Егер өрнектің құрамында әріп болмаса, ол өрнек “санды өрнек” болады. Өрнектегі берілген амалдарды орындау, өрнектің мәнін табу болып саналады.

Цирк әлеміне саяхат.

4 санды шарлар ( 15, 5, 17, 7).Оқушылар төрт санның ішінен ең үлкен және ең кіші санды таңдап алып, олармен әртүрлі өрнектер құрастырады.

17-5= 12 12+5= 17

Арифметикалық амалдардың нәтижесінде шыққан сан санды өрнектің мәні болады.

Цирктегі қойылым. Суреттен санды өрнектерді тауып оқы.

5+10 =15 5+3=8 19-8=11 60-20=40 90-60=30

Ауыстырымдылық қасиетіне сүйеніп, жаңадан санды өрнектер құрастырады және оларды оқиды.

ІІІ. Сергіту сәті

"Шығарып көр" тапсырманы орындау барысында оқушылар санды өрнектердің мәнін ауызша есептеп табады.

80-70=10 12+5=17 30+20=50 10+30=40 17-1=16 2+18=20

Бекіту: Жүргізуші сандар жазылған парақшаларды көтергенде, оқушылар қол шапалақтайды. Санды өрнекті көтергенде, оқушылар алақандарын үш рет шапалақтайды.

"Санды өрнектер аренасы" бірінші оқушы санды өрнек құрастырады, оны қағазға жазады да, келесі оқушыға береді. Ол берілген өрнектің мәнін тауып, бірінші саны өрнектің мәні болатын санмен басталатын өрнек құрастырып, келесі оқушыға береді. Осылай санды өрнектер жазылған қағаз шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға ауысып отырады. Ойын өрнектің мәні нөлмен аяқталған уақытта бітеді.

Бағалау: - санды өрнек деген не? 30+40; 70-20 санды өрнектерін оқыңдар.

Кері байланыс

Мадақтау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов