Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Тақырыбы: «Болашаққа мықты денсаулықпен»

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір жайлы білімдерін тереңдету, денсаулықтың негізі тазалық,дене қимылы,дұрыс тамақтану,таза ауа екендігін жете ұғындыру. Зиянды әдеттерден сақтандыра отырып, болашақтың тірегі болатын дені сау азамат болуға баулу. Түрі: танымдық сайыс Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, жағдаяттар шешу, топтық жұмыс. Көрнекіліктер: Бейнефильм «Денсаулық – зор байлық», тақырыпқа байланысты слайдтар, бүктемелер, нақыл сөздер, ақ қағаз, маркерлер Барысы:

I.Ұйымдастыру

Релаксация «Тыныс алуға зейін қою» Тәрбиеші: Сіздерден аяқ-қолды айқастырмай түзу отыруды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде біздің миымыз демалады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. - Кәне, дайындалайық,балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз.., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Бақытқа, махаббат пен шаттыққа толы таза ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңіздер! Демал... шығар... (жаймен 9-10рет)

II. Бейнефильм «Денсаулық – зор байлық»

Ой қозғау 1. «Денсаулық-зор байлық» дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен біз денсаулықты байлыққа теңейміз? - Денсаулық дегеніміз – адам өміріндегі басты байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап оны нығайту әрбір адамның өзіне байланысты. 2. Қалай ойлайсыңдар адам дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау керек? - Жеке бастың гигиенасын сақтау, қоршаған ортаны таза ұстау, дұрыс тамақтану, дәруменді тағамдарды көбірек пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу, денені шынықтыру, спортпен айналысу. – Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сіздердің жауаптарыңызды ретімен қойсақ денсаулығымызды сақтау жолындағы негізгі қадамдарымыз пайда болады. Олай болса біздің біздің бүгінгі сайысымыз «Денсаулыққа дейінгі 5 қадам» деп аталады.

III. Денсаулыққа дейінгі 5 қадам:

1. Күн тәртібі және жеке бас гигиенасы;

2. Таза ауа, таза табиғат;

3. Дұрыс тиімді тамақтану;

4. Зиянды заттардан аулақ болу;

5. Дене шынықтыру және спорт.

2 топқа бөлу: (топтарын таныстыру) 1-топ «XXI ғасыр»

2-топ «Болашақ»

- Әділқазылар алқасымен таныс болайық: 1. Хохлачева Татьяна Ивановна – 9асыныбының жетекшісі; 2. Кусагалиева Айгүл Хайрошқызы – 7а, 8а сыныптарының жетекшісі; 3. Нұрсұлтан Армангүл Батанқызы – 9б,9в сыныптарының жетекшісі.

1-бөлім «Тәртіп пен тазалық – саулық негізі»(күн тәртібі, жеке гигиена) «XXI ғасыр» тобы – күн тәртібіне ассосация құрау, қорғау, топтық жұмыс «Болашақ»тобы – жеке гигиенаға ассосация құрау, қорғау, топтық жұмыс

2-бөлім Денсаулықтың дауасы –

Даланың ауасы.

Көк өзен, күмбез тау,

Ну орман, ағашы... сайысымыздың бұл бөлімі таза ауа, таза табиғатқа арналады. Сұрақ-

жауап бөлімінде табиғат, қоршаған орта туралы білімдеріңіз сынға түседі.

Сұрақтар:

1. «Экология» дегеніміз не?(грек сөзі, эко - «үй», «баспана» , логос– ілім деген ұғымды білдіреді. Жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің, экожүйелердің ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.)

2. Атмосфера жердің қандай қабаты? (ауа қабаты). Осы ауа туралы не білесіңдер? (Ауа көзге көрінбейді. Ауа физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа – газдардың қоспасы. Оның иісі де,түсі де болмайды. Ол газдардың ішіндегі оттегі мен көмірқышқыл газы бізге өте жақсы таныс. Ағзалар демалғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.)

3. Ауаның маңызы қандай? (ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан қорғайды. Ауаның мұнан басқа да пайдасы өте көп. Су түбінде жұмыс істеуге адамдарды батискафпен түсіреді. Батискаф су кіргізбейді. Бұл су астында шамалы кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ауаның салмақсыздығы да пайдаға асады. Түрлі резеңке заттарды ауамен толтырып, ұзақ уақыт су бетінде жүзуге болады)

4. Жер бетінен жоғалу қаупі төнген өсімдіктер мен құстар туралы кітап қалай аталады? (Қызыл кітап)

5. Қазақстанның «Қызыл кітабы» тұңғыш рет қай жылы шықты? (жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, өсімдіктерге арналған бөлігі 1981 жылы)

6. Жер бетінен жоғалып кеткен өсімдіктер мен жануарлар туралы кітап қалай аталады? (Қара кітап)

7. Қай өсімдіктер таза ауаның көрсеткіші деп аталады?

8. Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар? (1.Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі. 2.Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.3.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады.

9. Туған табиғатты қалай көркейтуге болады? ( Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу,гүлзарлар,саябақтар,орман өсіру, мысалы; Астана маңында елбасы қолдауымен орман өсірілуде 15гектар шамасында, су көздерін ашу)

10. Табиғатты қорғаудың жолдары қандай?(Табиғи орынды сақтау. Қоршаған ортаны таза ұстау, ауаны, суды ластамау.Табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат жұмыстары.)

3-бөлім «Ас – адамның арқауы» (дұрыс тиімді тамақтану) топтарға суреттер беру, сурет бойынша жарнама жасау (тағамның құрамы, адам денсаулығына пайдасы т.б.)

«XXI ғасыр» тобы – Жылқы малынан алынатын өнім еті мен қымызын жарнамалады.

«Болашақ» тобы – Сиыр малынан алынатын өнім сүт өнімдерін жарнамалады.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов


4-бөлім «Жаман әдет жуымасын бойыңа,

Ниетің де,тілегің де,ойың да,

Сұлу болсын, таза болсын бойың да,

Жеңіл пайда,жеңіл жолға бой ұрма...»зиянды заттардан сақтануға арналады. 1. «Қара жәшікке үңілу» ойынында тақырыпқа байланысты жағдаяттар шешу; 2. Үй тапсырмасы; зиянды заттар туралы салған суреттерімен таныстыру және қорғау.

Тәрбиеші: - Бұл «Қара жәшікке» қарауға тыйым салынған. Алайда осы жәшіктегі нәрсені көргісі келген балаға рұқсат бергім келіп тұр, өйткені мұның ішінде сіздерді қызықтыратын бұйым болуы мүмкін. Ал кәне, батыл жігіттерді ортаға шақырамын, тыйым салынған жәшікте не бар екенін көру үшін... (жәшіктің ішінде жағдаяттық тапсырмалар жазылған темекі қорабы, шприц, бөтелке, кішкене целлофан дорбада ұнтақ зат бар.)

«XXI ғасыр» тобына – 1.Сенің ең жақын досың саған «Бізбен бірге темекі шегесің, шекпейтін болсаң бүгіннен бастап бізбен бірге жүрмейсің» деген шарт қойды,сенің шешімің..? 2. Бұл шприцтың ішінде сенің барлық қиыншылықтарыңды ұмыттыратын, сенің көңіліңді көтеретін, сені рахат сезімге бөлейтін керемет бір құдіретті нәрсе бар?! Байқап көргің келе ме? Сенің әрекетің..?


«Болашақ» тобына – 1.Саған өте көп мөлшерде қаражат керек болды, осы қиналған сәтте досыңннан көмек сұраған едің, досың саған« өзінің есірткі сатумен айналысатындығын және саған да есірткі сатып берсең, көп ақша беремін, ешнәрседен таршылық көрмей өмір сүресің » деді, сенің шешімің..? 2. Бірге жүретін достарың туған күн кешіне шақырды. Сол кеште өздері спирттік ішімдік ішіп, сені де осы ішімдікті ішіп, көңіл көтеруге шақырды. Сен ішпеймін деп бас тартсаң да, сені ішуге достарың күштейді. Сенің әрекетің..? 2.Әр топ зиянды заттар тақырыбына салған суреттерімен таныстырып және суреттерін қорғады.


5-бөлім «Дені саудың – жаны сау»атты бөліміміз дене шынықтыру және спорт туралы. 1. «Тұлғаларды тану» (слайдтан қазақ елінің көк байрағын желбіретіп,елімізді әлемге танытып жүрген атақты спортшыларымыздың суреті көрсетіледі, сол тұлғаны танып, толық мәлімет беру)

2. Спорттық би жарысы.

IV. Қорытынды– Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Бірінші байлық – денсаулық» деп халқымыз айтқандай, қазіргі таңда елбасымыз алға қойған мақсат-міндеттің бірі елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт. Егеменді еліміздің Тәуелсіздік туын еңкейтпей, ұрпағымызды ғасырдан ғасырға саны мен сапасы жағынан жоғары деңгейде жалғастыру мақсатында біз бүгінгі тәрбиелік шарамызды қорытындылай отырып, мектебіміздің оқушыларына «Болашаққа мықты денсаулықпен қадам басайық» атты үндеу тастаймыз. 1.Жеке басының және көпшілік орынның тазалығын сақтауға; 2.Табиғатты қорғауға және көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысуға; 3.Дұрыс тиімді тамақтану және оны насихаттауға; 4.Зиянды заттардан сақтануға, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге; 5.Күнделікті дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысып, дене шынықтыру сабақтарына спорттық үйірмелерге және жарыстарға белсенділікпен қатынасуға шақырамыз

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ