Бекітемін:
|
Сыныбы: 10 б
Пәні: Қазақ әдебиеті
|
Күні
|
21.10
|
Тақырыбы
|
Мұрат Мөңкеұлының
өмірі мен шығармашылығы. «Үш қиян»
толғауы
|
Жалпы мақсаты
|
Мұрат Мөңкеұлының
өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. «Үш қиян» толғауы жөнінде білімдерін
тереңдету, мазмұнын, тақырыбын, идеясын меңгерту
|
Оқыту нәтижесі
|
Мұрат
Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы .
«Үш қиян» толғауыныңмазмұнын, тақырыбын, идеясын меңгере алады, толғаудың үзінділерін мәнерлеп жатқа айтады. Тіл
мәдениеті, сөз байлығы, сөздік қоры молаяды, шығармашылық қабілеті артады,
өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады.Өлеңді жаттап айту дағдылары қалыптасады.
|
Түйінді идея
|
Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен
шығармашылығы. «Үш қиян» толғауы
туралы нақты білім алады.
|
Сілтеме
|
Диалогты оқыту;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және
дарынды балаларды оқыту; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен
жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
|
Стратегия
|
Жеке, диалогтік
оқытудағы топтық әңгіме, «Бағдаршам» арқылы топтық бағалау, смайликтер
|
Ресурстар
|
Мұрат Мөңкеұлының
суреті, шығармаларынан кітап көрмесі, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы
слайд. Постер, түсті қағаз,
маркерлер, дидактикалық материалдар, компьютер, проектор, бағалау парақшасы.
|
Кері байланыс
|
«ПОПС» формуласы
|
Бағалау әдісі
|
Критериалды
бағалау, смайликтер, «Бағдаршам» арқылы топтық бағалау
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалім іс
әрекеті
|
Оқушы іс әрекеті
|
Ұйымдастыру
Тренинг
Топқа бөлу
|
1 минут
2 минут
|
1. Сәлемдесу
2. Оқушы қатысын тексеру
3.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
«Мен кіммін?»
психологиялық тренинг
Топқа бөліну
|
1.
Мұғаліммен амандасу
2.
Кезекші жоқ оқушыны айтады
3.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын түгендейді.
4.
Сабаққа назарларын аудару, тыныштық сақтайды
Оқушылар 3 топқа
бөлінеді.
|
Топ ережесі
|
1 минут
|
• Біреу сөйлеп жатқанда, сөзін бөлме.
Өз кезегіңді күт.
• Егер де айтқың келсе, қолыңды көтер.
• Адамды емес, оның айтқан идеясын сына.
• Әр адамның өз пікірі мен идеясын айтуға құқығы бар,
сондықтан да көп уақытты алма.
• Кез келген пікір құнды.
• Көбіне өте үздік идеялар пікірсайыста туындайды.
|
Оқушылар сабақ
барысында ережені басшылыққа алады.
|
Кіріспе.
Үй тапсырмасын пысықтау
|
6 минут
|
Оқушыларға өткен
Қашаған Күржіманұлы және оның шығармашылығы туралы түсінгендерін «Интервью»
әдісі арқылы сұрауды тапсырады.
|
1 оқушы топ
мүшелерінен үй тапсырмасы бойынша интервью алады. Қалған оқушылар сұраққа
жауап береді
|
Негізгі бөлім
Топтастыру
|
10 минут
|
Топтық тапсырма
І топ:Мұрат
Мөңкеұлының өмірі туралы
ІІ топ: Мұрат ақынның шығармашылығы
ІІІ топ: Ақынның «Үш қиян» толғауы
Берілген тақырыптар бойыншатоптастыру әдісі арқылы постер жасауға тапсырма береді
|
Топ мүшелері
берілген топтық тапсырмаға оқулықтан өз беттерімен оқи отырып, топтастыру
жасайды. Оқушылар топта орындап, постерлерін қорғайды.
|
Критериалды
бағалау
|
2 минут
|
|
Егер оқушының
жеткізуі нақты, анық, постер талапқа сай түсінікті болса
|
Жасыл түс
|
Егер айтуы, түсіндіруі орташа болып, постерге үш түстен артық қолданса
|
Көк түс
|
Егер айтуы, түсіндіруі орташа болса
|
Қызыл түс
|
«Поэзия минуты»
|
8 минут
|
«Үш қиян» дастанынан үзіндіні жатқа оқуға
оқушыларға тапсырма береді.
|
Оқушылар
дастаннан үзіндіні жатқа мәнерлеп
оқиды.
|
Қорытынды
Сатылай кешенді
талдау
|
10 минут
|
І топ: Ақынның
өмірі мен шығармашылығына сатылай
кешенді талдау:
1. Туған жері:
2. Өмір сүрген жылдары:
3. Үлгі – өнеге алған ақындары:
4. Өлеңдері:
5. Толғаулары
6. Айтыстары:
ІІ топ: «Үш қиян»
толғауына сатылай кешенді талдау:
1. Авторы :
2. Тақырыбы:
3. Жанры:
4.Идеясы :
5. Шумақ:
6. Ұйқас түрі:
7. Тәрбиелік
мәні:
|
І,ІІ Топ берілген тапсырма бойынша дәптерге жазып орындайды.
ІІІ топ: «ПОПС
формуласы»арқылы жаңа сабақ бойынша тұжырым жасайды.
«Менің ойымша
...»
«Себебі, мен оны
былай түсіндіремін...»
«Оны мен мына
мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...»
«Осыған
байланысты мен мынадай шешімге келдім»
|
Кері байланыс
|
2 минут
|
Білетінім.
Білдім. Білгім келеді.
|
Стикерге оқушылар
өз ойларын жазып талдайды.
|
Бағалау
|
2 минут
|
Бір – бірін
бағалауға мүмкіндік береді.
|
Оқушылар бір –
бірін бағалайды.
|
Үй тапсырмасы
|
1 минут
|
1. Мұрат
Мөңкеұлының толғауларын оқып, үзінділер жаттау
|
1. Мұрат
Мөңкеұлының толғауларын оқып, үзінділер жаттайды.
|