Бұрындық
хан— 1480-1511 ж.ж. аралығындаҚазақ хандығындабилік құрғанКерей ханныңүш ұлының бірі. Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап
көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы
үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру
жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар
ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мауреннахрлық билеушілерімен,
шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты.
Қасым хан (1445—1521) —қазақтың ұлы
хандарынын бірі,Қазақ хандығының негізін
қалаушылардың бірі —Әз-Жәнібек ханның ортаншы
баласы. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін,Қазақ хандығы Қасым
хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп,
ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыстаСырдарияның оңтүстік
жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін,
оңтүстік-шығысындаЖетісудың солтүстік
бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Қасым тұсында
Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын. «Қасқа жол» — деп
аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері
негізінде Қасым хан тұсында жасалған.
Момыш хан — (1521—1523) билік
құрғанҚазақ хандығының билеушісі.
Тайыр хан — (1523—1533) билік
құрғанҚазақ Ордасының билеушісі.
Тахир хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ
адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің
көпшілігімен:Шайбани әулетімен,Ноғай ордасымен жәнеМоғолстан хандарымен
де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және
солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы текЖетісуда ғана
сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барыпМоғолстан ханына
қарсы қырғыздармен одақ жасасты.1527 жылдан кейін ол көбінесе
қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы
күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті.
Ханаралық дәуірі(1533 жыл —1538 жыл)
Ахмет хан — (1533—1535)Сырдария маңында
билік құрған.. 1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің
қолында болған.
Тоғым хан —Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғысы кезіңдегіқазақ ханы. Тоғым
ханәз-Жәнібектің немересі,Жәдік Сұлтанныңұлы. Тоғым хан
Қазақ ордасындағы берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады.
Жан-жақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елінің
әскери қуатын арттыруға ұмтылады. Тайыр ханның тұсында Қазақ ордасына қарсы
өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Рәшид жорыққа шығады. Түбі бір түркілер
өзбек-моғолдар мен қазақ-қырғыздың 1537 жылғы 27 шілдеде Ыстықкөлдің шығыс
бетіндегі Сан-Таш деген жерде үлкен соғысы болады. Осы қиян-кескі ұрыста
қазақ-қырғыз әскері түгел қырылады. Тоғым хан бастаған 37 сұлтан мен оның
ержүрек тоғыз ұлы да осы соғыста қаза табады. Сан-Таштағы соғыс-Қазақ ордасы
әскери тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі. Тоғым ханның туған інісі Шығай ханның
ұлы Еңсегей бойлы ер Есім хан қазақ-қырғыздың қаншама ержүрек жауынгерлері
шейіт болған Сан-Таш аңғарында ұлан-асыр ас беріп, биік қорым үйгізген. Тоғым
хан Қазақ ордасында 1533-1537 жылдар аралығында билік құрған.
Бұйдаш
хан — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538).Жәнібек ханның немересі,
Әдік сұлтанның ұлы,Тайыр ханның інісі.
Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған. Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір
бөлігіне де тараған.
Хақназар
хан —
(1538—1580) билік
құрған.Қасым ханныңХанық сұлтан
ханымнан туған
баласы. Хақназар хан тұсындақазақ хандығы қайта
бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Ол ел басқару,
қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды.
Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман
екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін
нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғыТахир хан жәнеБұйдаш хан тұсында
бытыраңқы жағдайға түскенҚазақ хандығын қайта
біріктірді.1523—1524 жылдары
жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи
деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол
осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып,Моғолстан хандарыныңЖетісуменЫстықкөл алабын
жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ
хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде
батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп1552 жылыҚазан хандығын,1556 жылыАстрахан хандығын басып
алды. Осы жағдайға байланысты,Еділ менЖайықарасында
ұлан-байтақ өңірді мекендегенНоғай ордасы ыдырай
бастады.
Шығай хан -Жәдік
сұлтанның баласы,Жәнібек
ханның немересі
1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен,
қазақтардың ішінде беделді хан болды. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы
саясатындағыХақназар
хан ұстаған бағытты жалғастырды.
Тәуекел хан[1] —1582-1598 жылдары билік құрғанҚазақ
хандығының билеушісі.
Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия
халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел
ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің
құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері
болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған
Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз.
Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани
әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай,
Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және
оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы
Қазақ хандығының орталығына айналды.
Есім хан[1] — (1598—1628) билік құрған. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын
қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.Қазақта "Қасым
салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар.
Керей мен Әз
Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз,
жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанныңкүншығысында,Жетісуда дулаттар,жалайырлар,албан,суан,наймандар, тағы басқа рутайпалар құрған күшті мемлекетМоғолстанға келіп, жер сұрағанақордалық бауырларынаЕсенбұғахан Шу-Ӏле тауларының
Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні
бүгінге дейін атын жоғалтпай,Шу бойындаХан
тауы, хандар құс салғанCұңқар шыңы алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту
көтергенҚазақ
хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған.
Шығысында Ойраттардан, батысындаӘмір-Темір әулеті билептұрғанСырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мауреннахрдан, солтүстігіндеСібір
хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді
өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға
шыға ма деген үрей бар.