ІІ.Мағынаны тани білу Класс оқушылары алты топқа бөлінеді. І Баяндаушы топ (Поэманы өз көзқарастарын білдіре отырып мазмұндайды) ІІ топ –Зерттеуші топ. (Поэманың өн бойындағы кейіпкерлер туралы айтады, тарихпен байланыс жасалады, оларға мінездеме береді, венн диаграмасын құрады Ескендір | ұқсастығы | Аристотель | Дүниеқоңыз Ашкөз Жауыздық иесі Соғысқұмар Батыр қолбасшы | Екеуі де бір заманның адамдары Өмірде болған жандар | Рухани бай адам Адамгершілік иесі Ізгіліктің нұрын себуші Бейбітшілікті сүйеді Ұлы ұстаз |
ІІІ топ - Сұрақ құрастырушылар Жіңішке сұрақтар Поэманың өзектілігі неде? Поэманың тақырыбы не? Идеясы қандай? Поэманда қандай кейіпкерлер бар? Жуан сұрақтар 1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек? 2. Осы поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады? 3. Бүгінгі күннің қандай өзекті мәселесімен байланыстыруға болады? ІҮ топ-Сілтеме берушілер(Поэмадағы нақыл сөздерді теріп жазып мағынасынашады. Поэма мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазады.) Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр, көзіне құм құйылғанда. Қанша тірі жүрсе де, өлген күні, Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен. “Бақпен озған патшадан, мимен озған қара артық”. “Хан ақымақ болса, жұртың ылаң болар” Қанағат – қарын тойғызар. Білімді өлмес – қағазда аты қалар Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар Ү топ – Бейнелеуші топ Поэма желісі бойынша сурет салу ҮІ топ – Дәнекерлеуші топ. «ХХІ ғасырдың Ескендір Зұлқарнайлары бар ма?» бүгінгі өмірмен байланыстырып ойтолғаныстар жазу. Сабақты бекіту Топтастыру Әділдік пен жауыздықтың ара салмағын ажырату әділеттің жеңіске жетуі «Ескендір» поэмасы бізге не берді? |
білімнің қажеттілігі бейбітшілікті сақтау
қатанғатшылдық рухани байлықтың бағасы Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау. Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды? Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді, Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! Абай туралы айтылған ұлы ғұламалар сөзімен бекіту Үйге тапсырма «Әзімнің әңгімесі» , «Масғұт» поэмаларын оқу Бағалау: (Бағалау парағы сабақтың басынан бастап итерактивті тақта арқылы көрсетіліп тұрады. Әр жауап сайын оқушыға тиісті жұлдызшасы қойылып, сабақ соңында қорытындыланады.) |