Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің қасиеттерін салыстыру

Сабақтың мақсаты: -Тәжірибелер жасау арқылы денелердің жылуөткізгіштік қасиеттерін салыстыру. - Алған білімдерін өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру. -Ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап , тәжірибе жасау Көрнекілігі:Суы бар шайнек,термометр, резеңке шар,түтікше,мензурка Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу II.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау. III.Бүгінгі өтетін сабақтың мақсатымен таныстыру IV. Жылу өткізгіштік кезінде болатын ішкі энергияның берілу процесі неге байланысты?

Бұл құбылысты түсіндіру үшін қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың ішкі құрылысын еске түсіру керек.

Қатты денедегі бөлшектер әрдайым тербелмелі қозғалыста болады, бірақ өзінің тепе-теңдік күйін өзгертпейді. Денені қыздырғанда температураның артуына байланысты молекулалар күштірек тербеле бастайды, өйткені олардың потенциалдық және кинетикалық энергиясы артады. Артық энергияның бұл бөліктері бртіндеп бір бөлшектен екіншісіне, яғни дененің бір бөлігінен икөрші бөліктеріне беріледі. Қатты денелердің барлығы түрліше энергия береді.

• Жылу қондырғылары еденге жақын төменде орналасқанымен, бөлменің жоғары жағындагы ауаның температурасы әдетте төменгі жағынан жоғары болуының себебі неде? Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш — Архимед күші әрекет етеді.

I. Біз судың жылуөткізгіштігі аз екендігін көрдік, сондықтан судың жоғарғы жағын қыздырғанда, төменгі жағы салқын күйінде қалады Бірақ суды шәугімде, кастрөлде, бу қазанында тез қайнатуға болады.

Су қалай жылытылады?

Ауа жылуды өте нашар өткізеді. Қыста бөлменің барлық жерінде температура неліктен бірқалыпты болады?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін келесі тәжірибені жасаймыз. Суы бар түтікшені жанарғының жалынына ұстаймыз. Түтікшенің екі шетіне бірдей термометрлер бекітілген. Қыздыру кезінде термометрдің біреуінің ( сол жағы көрсетуі еш өзгеріссіз қалады да, ал екінші термометрдің оң жағында) көрсетуі тез арада артады. Судың жылуөткізгіштігі өте аз болғандықтан, сол жақтағы термометр төменгі температураны көрсетеді. Су қыздырған кезде ұлғаятындықтан, оң жақтағы термометр жоғары температураны көрсетеді. Бұл кезде оның тығыздығы азаяды, сондықтан қайнаған жеңіл су қабаты Архимед күшінің әрекетінен жоғары қарай көтеріледі. 100°С-тағы 1 м3 судың массасы 0°С-тағы 1 м3 судың массасынан 42 кг кем болады.Шәугімдегі су осы себептен тез қайнайды. Судың төменгі қабаты қызғанда — ұлғайып жеңілдейді, содан соң жылы ауа жоғары көтеріледі, ал олардың орнын суық су толтырады. Неліктен орталық жылу батареялары еденге жақын орнатылып, алжелдеткіштерді терезенің жоғарғы жағына жасайды. 100°С-тағы 1м3 ауаның массасы 0°С-тағы 1 м3 ауаның массасынан 1,4 есе аз.

Ауа көлемін өлшеу Сіздерге суы бар кювета, көлемі 500 өлшегіш цилиндр, көлемі шыны бөтелке, резеңке түтікше, резеңке шар берілген. Тапсырма: Осы құралдардың көмегімен өз өкпелеріңіздің активті көлемін анықтаңыздар. өкпенің активті көлемі деп, өкпеден бір рет шығарылған ауаның максимал көлемін айтамыз. Ескерту: Егер сіздер резеңке түтікшені ауыздарыңызға салатын болсаңыздар, онда оны алдын-ала спиртке батырылған мақтамен сүрту керек.

Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқалар:

1-нұсқа. Бес литрлік шыны бөтелкені суға толтырып, оны суы бар кюветаға төңкеремізде бөтелкеге резеңке түтіктің бір ұшын енгіземіз. Егер резеңке түтіктің екінші ұшынан ауаны үрлейтін болсақ, онда судың бір бөлігі бөтелкеден шығады. Шыққан судың көлемі бір рет тыныс алғандағы шығарылған ауа көлеміне тең (атмосфералық қысымда). Бөтелкенің көлемін біле отырып және бөтелкеде қалған судың көлемін өлшеп, шығарылған судың көлемін есептейміз.

.

2-нұсқа. Резеңке шарға бір рет толық үрлейміз. Содан кейін суға толы бөтелкеге немесе өлшегіш цилиндрге шардағы ауаны жібереміз.

Сабақты бекіту:

-Жылуөткізгіш заттарға мысал кетіріңдер?

- Жылуөткізгіш түрлерін ата?

Үйге тапсырма: Реферат
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ