Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Масштаб

Аймырзаева Гүлбарам

Алматы қаласы

№13 мектеп –гимназиясының география пәні мұғалімі

Ғылым мен техника, ақпараттандыру технологиясы күшті қарқынмен өсіп отырған кезде оқушыларды даярлауға қойылатын талаптар да дами түседі. Берілетін білім көлемін ұлғайта отырып, оның терең игерілуін қамтамасыз ету керек. Ұстаздың мақсаты - оқушылардың білім сапасын арттыру.Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары оқушының іскерлігін, ізденімпаздығын, жан – жақтылығын дамытады. География сабағында қолданылатын әдіс тәсілдердің бірі пәнаралық байланыс. Мектеп географиясының пәнаралық байланысының негізгі шеңбері әрбір тақырыпты оқыту барысында анықталып отырады. Оларды пайдалану үшін мұғалім басқа пәндердің мазмұны туралы біле білуі тиіс. Мәселен, географиялық есептерді шығара білу теориядан алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Георафиялық есептер шығару оқушылардың логикалық ойын, шығармашылық қабілетін дамытады, пәнге деген қызығуын арттырып, өзін - өзі тексеруге , математика пәніндегі масштаб туралы алған білімдерін география пәнінде жан – жақты қолдануға көмектеседі.

6-сыныптың физикалық география пәнінде«Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу.Масштаб» деген тақырыпта масштабқа байланысты оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін ұсынамыз.

Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Масштаб

Нысанның жер бетіндегі нақты өлшемінен картадаға кескіндердің қаншалықты кішірейтілгенін анықтау үшін масштаб қолданылады. Масштаб арқылы планнан немесе картадан қашықтықты табу.Карталар мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.

Карталар масштабына қарай 3топқа бөлінеді:

Ірі масштабты карталар – 1:1000-нан және оданда ірілері

Орта масштабты – 1: 200 000-нан 1 : 1000000-ға дейінгілер

Ұсақ масштабты – 1 : 1000000-нан ұсақтар

Масштабқа арналған тапсырмалар:

1. Масштабтарды сандықтан атаулыға және керісінше айналдырып жазу.

а) 1: 2000 – 1 см-де...20 м г) 1 см – 1000 м, бұл....1: 100000

б) 1: 1000000 – 1 см-де.....10 км д) 1 см – 200 км, бұл....1: 20000000

в) 1: 50000 – 1 см-де...500 м е) 1 см – 30000 м, бұл....1: 3000000

2. Масштаб 1: 5000. Жер бетіндегі қашықтық 260 м болса картадағы қашықтықты (ұзындығын) табу.

Берілгені: Масштаб 1:5000 – атаулық масштабты табу. 1 см-де 50 м

1км – 1000 м J – картадағы қашықтық

1 м – 100 см L – жер бетіндегі қашықтық
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

3. Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, яғни нақтырақ айтқанда – 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.

Шешуі: 30 см – 1500 км

1см – х

Х = 1500км : 30см = 50 (км) = 50000 (м)=5000000(см)

Жауабы: 1 : 5000000

4. Жер бетіндегі 2 нүктенің ара қашықтығы 420 км, карта бетіндегі ұзындық 7 см.

Картаның масштабын анықтау.

L – жер бетіндегі қашықтық

J – картадағы қашықтық

Шешуі:imageМ = 420 км : 7см = 60 (км) = 60000 (м) = 6000000 (см)

М -?

Жауабы: 1 : 6000000

5. 1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашық-тығы6 см. Екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығын табу.

Шешуі: Х – екі қаланың Жер бетіндегі арақашықтығы. Масштаб анық-тамасын пайдаланып, пропорция құрамыз.

image

Х = 6 · 2 500 000=15 000 000(см)=150 000 (м)= 150(км)

Жауабы: 150 км

6. Егер 2000 км қашықтық 20 см-ге тең деп алынған болса, картаның масштабы қандай?

Шешуі:imageМ = 2000 км : 20см = 100 (км) = 100 000 (м) =10000 000 (см)

М -?

Жауабы: 1: 10 000 000

7. Жер бетіндегі ұзындық 6 км, карта бетіндегі ұзындық 6 см болса, картаның масштабы қандай? Есепті шығарудың 2-жолы көрсетілген.

1 км – 1000 м J – картадағы қашықтық

1 м – 100 см L – жер бетіндегі қашықтық

Шешуі:image

1-жолы:М = 6 км : 6см = 1 (км)-ді, м-ге айналдыру,

1image1000image1000 (м)-ді см айналдыру1000image100=100 000 (см)

2-жолы: 6 кмimage6image1000image 6000мimage100image 600 000 :6image100 000

Жауабы: 1: 100 000

8. Екі елді мекеннің арақашықтығы 300 км. Осы екі елді мекеннің арақашықтығы масштабы 1:7 500 000 картада неше сантиметр болады?

Шешуі: image 4см Жауабы:4 см

9. 500 м қашықтықты қағазға 5 см ұзындықпен түсіргендегі масштабты анықта.

Шешуі:500 мimage 100image500 000 см:5 смimage1: 1 00 000

Жауабы:М 1: 1 00 000

10. Масштаб 1:8 000 000, ал жер бетіндегі Қарағанды мен Павлодар қалаларының арақашықтығы 392 км-ге тең. Картадағы қашықтықты анықтау керек.

Берілгені: Масштаб 1:8 000 000 - атаулық масштабты табу. 1 см –де 80км

1 км – 1000 м J – картадағы қашықтық

1 м – 100см L – жер бетіндегі қашықтық

imageLimage 4,9 см Жауабы:4,9 см

11. Масштаб 1:30 000 000. Глобустан өлшенген қашықтық 6 см. Жер бетіндегі қашықтықты анықтаңыз.

Шешуі:image;

30 000 000 image 180 000 000см:100 = 180 0000м :1000 = 1800 км

Жауабы:1800 км

12. Жел дирмені мен көпір арасы 2 км, пландағы екі обьект арасы 5 см, планның масштабын анықта.

Шешуі:2 км – см-ге айналдыру

2 км - 200 000 см

image немесе 200 000 : 5 = 40000 Жауабы:1: 40000

13. 1:5000 масштабтағы 2 нүктенің қашықтығы 4,5 см, жер бетіндегі қашықтығын анықтау.

Шешуі:image=image

Х = 4,5image 5000 = 22500 см : 100 = 225 : 1000 = 0,225

0,225image 100image 22,5 Жауабы:22,5

14. Көлденең тас жолға дейін 3 км, ал пландағы екі обьект арасы 6 см, планның масштабын табу.

Шешуі: 3 км-ді см айналдыру

3 км – 300 000

300 000 : 6 = 50 000 Жауабы:1: 50 000

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
3 ответов
спросил от Sania в категории Ұстаз