Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Муханбетова Индира Жанболатқызы

МКҚК №13 «Балапан» балабақшасының

тәрбиеші

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Жері байдың елі бай» Сиқырлы кубик

Сабақтың мақсаты:

І. Балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдік құзіреттерін қалыптастыру. Артикуояциялық аппараттарын дамыту және сөздер мен барлық дыбыстарлы дұрыс айтуға даярлау. Білімдерін тереңдету және қоршаған әлем туралы түсініктердің негізінде балалардың сөздің қорын молайту және оны белсендіру. Тілдесу дағдыларын жетілдіру, әңгімені қостау және қысқаша пікірлерін айту бірліктерін дамыту.

ІІ. Балаларды Қазақстан жерімен, оның үлкенлігімен, қалаларымен, ондағы әр қаланың байлығымен таныстырып, туған жеріміздің еліміздің байлығы мен қадір қасиетін түсіндіріп, баланы жақсылыққа, отансүйгіштікке табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: тренинг «Жер-ана», Бейне таспа «Атырау қаласы» туғам өлкем мақтанышым. д\о «Жалғастыр».

Көрнекті құралдар: Суреттер, Глобус, Телевизор бейнетаспа,

Тарату құралдар: Түрлі түсті қағаздар, желім, сүрткіш т.б.

Ұймдастыру сәті: Глобусты көрсете отырып, ондағы Қазақстан жерін белгілеп, Қазақстан Республикасының Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік болып бөлінеді. Біздің Отанымыз Қазақстанда туыстарымызда достпрымызды, отбасы мүшелеріміз де осында тұрады. Осы кең байтақ жерімізді ежелден қорғап, талай қиындықтарды бастан кешіп, ұлан ғайыр жерімізді күні бүгінгі күнге дейін жеткізген. Дүние жүзі бойынша үлендігінен жетінші орын алады. Біздің жеріміздің табиғаты алуан түрлі мұнда жазық далада, көл де, тңіз де, тау да шөлді аймақ та бар. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, жанымызға шипа демалыс орындары бар.

Сонымен қатар, халқымыз ма шаруашылығы, балық шаруашылығы егіншілікпен айналасады. Үлкен заводтар, мұнай газ заводтары бар. Әр қаланың өзіне тән байлығы бар. Елордамыз Астана қаласымен мақтан тұтамыз.

Кбизм әдісін өолданып, мына іші тапсырмаларға толы кубикті лақтыра отырып, қандай тапсырма түседі мол тапсырманы орындаймыз.

Кубизм әдісі

І. тапсырма

1. Кубик бойынша түскен қала аттарын балалар жазып, сол қала атына схемалық сөз құрастырады.

Мақсаты: Балалардың ақыл ойын дамытып, тіл байлығын арттырып, сөзбен жүргізілген жұмыс түрін дамыту. Сөзді ауызша айту, сһзді жазу және оқу. Сөзше сөйлем құрастыру, дағдысын дамыту.

Сәләматсыз ба? Деп ортаға Дымбілмес кіреді.

Тәрбиеші: Қайдан жүрсін Дымбілмес?

Дымбілмес: Ойнап келе жатырмын. Суларға тас атқылып.

Тәрбиеші: Дымбілмес былай бұлай жасап жүргенің жарамайды. Ал біздің балалар юолсв, жеріміздің байлығы жөнінде әңгімелеп, оны қорғаймыз деп жатыр.

Дымбілмес: Байлық дейді! Ешқандай байлық көріп отырған жоқпын жоқпын.

Тәрбиеші: Сен оданда балалардың білімін қарап отыр. Кубикті лақтырып келесі тапсырманы орындаймыз.

ІІ тапсырма

«Туған өлкем» тақырыбында тапсырма «ұжымдық жұмыс» Балалар екі топөа бөлініп, бірінші топ туған өлкедегі Атырау қаласының теректерді, жайық өзенін зәулім үйлерді жапсырады.

Мақсаты: Туған өлкеге деген сүйспеншілік, сезімдеріне тәрбиелеу. Артқы, ортаңғы, алдыңғы рендегі көріністерді дұрыс орналастыруды үйрету шығармашылық қабілеттерін байланыстырып, бейнені толықтыру.

Тәрбиеші: Мін Дымбілмес көрдің бе:

Атыраудың байлығы қандай әдемі біздің балалар жапсырып берді.

Дымбілмес: Ия көрдім тек Атыраудың байлығы ғана ма? Қазақстанның басқа қалалары бай емес пе?

Тәрбиеші: Балалар бәріміз орындарымыздан тұрып, Жер анамызға рахмет айтайық.

Тренинг: «Жер ана»

Жылу берген Күнің үшін рахмет!

Өсім берген суың үшін рахмет!

Тіршілік берген ауаң үшін рахмет!

Дем берген ауаң үшін рахмет!

Құдіретті жер ана гүлің үшін рахмет!

ІІІ тапсырма Сурет бойынша әңгімелеп бер.

Қайда қандай байлық бар? Қазақстан қалаларының байлықтарын әңгімелеп береді.

Осының бәрін сыйлаған табиғат саған рахмет.

Тәрбиеші: Ал балалар енді бір ойын ойынап жіберйік. Мен айтам «Сен жалғастыр» ойыны.

Суды төкпе

Құдыққа түкірме

Гүлді баспа

Ағашты сындырма

Әкеңе қарап сөз айтпа

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ табақты.

Енді балалар әсем де әдемі Атырау қаласын бейнетаспадан тамашалайық.

Қорытынды:

Міне балалар бүгінгі сабағымызды қортындылай келе, Біздің Қазақстан жерінің кең де бай екенін көрдік, білдік, Соның ішінде Қазақстанның кең байтақ жері әр қаланың қазба байлығы, бар екен. Бүгін сабақтың басында келген ДЫмбілместе бәрін біліп түсінді. Ал, Дымбілмес сен түсіндің бе? Қазақстан жерінің, елінің бай екеніне көзің жетті ме? «Жері байдың елі бай» деген осы.

Дымбілмес: Ия!

Балалармен қош айтысалы.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ