Тақырыбы: «Елбасы – ел тірегі»
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау, тереңдету;
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін
елімізде болған жетістіктеріміз бен
қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
өмір жолы, туып-өскен, оқып білім
алған , қызмет еткен жерлері туралы
оқушылардың аған білімдерін көрсету;
Елбасының өмір
жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын
сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа,
патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Топпен жұмыс
істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу;
Көрнекілік: өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын
барысы:
Ұйымдастыру.
- Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін біз «Елбасы – ел
тірегі» атты интеллектуалды ойынымызды
1 желтоқсан қазақ халқының тұңғыш президентінің сайланған күні мерекесіне
байланысты өткізгелі отырмыз.
- Ойынымыздың мақсаты тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз
бен қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім
алған , қызмет еткен жерлері туралы оқушылардың аған білімдерін көрсету.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке,
азаматтыққа, патриоттық сезімнің
қалыптасуына ықпал жасау. Ойынымызмыз
сайыс түрінде өтетін болғандықтан топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге,
ұйымшылдыққа сіздерді шақырамын.
- Ойынды
бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайын.
(әділ қазыларға ойынның ережесін түсіндіру)
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз7 сынып арасында өткелі отыр. Әр жұп
бір топты құрайды. Ендеше ойынның
бөлімдерімен таныс болыңыздар.
I.
Ұшқыр ой
II.
Білгенге маржан
III.
Ойлан тап
IV.
Топ басшылар
сайысы.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
ІV-топ. Топтың аты – «Жас қыран»
Ұраны: Қырандай самғаймыз,
Ізденуден талмаймыз.
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым
«Ұшқыр ой»
Бұл жердеәр топ кезек – кезекпен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әр
сұрақ 10 ұпаймен бағаланады. (Әділ
қазылар әр айналымның қорытындысын шығарады.)
1. Қай жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік
туралы заңы қабылданды?
а) 1996ж б) 1991ж в) 1986ж
2. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған
жылын ата.
а) 1940 жыл, 6 шілде б)
1950 маусым в) 1945 жыл, 6 шілде
3. Қай жылы төл теңге дүниеге келді?
а) 2001ж, 13 қараша б) 1993ж,
15 қараша в) 1996ж, 13 қараша
4. Нұрсұлтан Назарбаевтың атын
қойған кім?
а) анасы Әлжан б) әкесі Әбіш в)
әжесі Мырзабала
5. Қай жылы жаңа Ата заң қабылданды?
а) 1991 жыл, 16 желтоқсан б)
1993 жыл, 28 қаңтар в) 1995 жыл,
30 тамыз
6.Қай жылы Н.Ә.Назарбаев
Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi?
а) 1967 жыл б) 1962 жыл в) 1964 жыл
7. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы.
а) 2001 жыл б) 1997 жыл в) 2003 жыл
8. 1960—69 жж.Н.Ә.Назарбаев қайда қызмет жасады?
а) Қарағанды металлургия зауытында б) Алматыда в) Украинада
9. 2014 жылдың 11 қарашасында ҚР
президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауы қалай аталады?
а) «Қазақстан-2030» Стратегиясы:
«Бір халық-бір ел-бір тағдыр»
б) «Нұрлы жол - болашаққа бастар бастар жол»
в)«Қазақстан-2020» Стратегиясы: «Бір
халық-бір ел-бір тағдыр»
10. Тұңғыш президент күні болып қай күн белгіленді?
а) 16 желтоқсан б) 6 маусым в) 1 желтоқсан
11. Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын қандай мамандық бойынша бастады?
а) металлургия зауытында қатардағы жұмысшы б)
хатшы в) президент
12.Н.Ә.Назарбаевқай жылы Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды?
а) 1986-1990жж б)
1986-1988жж в) 1990 жылы
ақпан-сәуір аралығында
13.Н.Ә.Назарбаевтың
туған жері.
а) Қазықұртта б) Семей
қаласында в) Қаскелең ауданы, Шамалған
ауылында
14. Н.Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін қай топ орындайды?
а)Музарт б) Жігіттер в) Орда
15. «Президент» сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді?
а) ағылшын тілінен, ақылшы
б) орыс тілінен, бағыт бағдар беруші
в) латын тілінен, алда отырған басшы
16. Астананың туған күні қай күн болып бекітілді?
а) 16 желтоқсан б) 6 шілде в) 6 маусым
17. 2015 жылы Қазақ хандығының
құрылғанына неше жылдығын атап өтеміз?
а) 450 жыл б) 550 жыл в) 350 жыл
18. Әнін Ш.Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған “Менің Қазақстаным” атты
ҚР жаңа
Мемлекеттік әнұраны бекітілді.
а) 2006 жыл, 7 қаңтар б) 2001 жыл, 7 қаңтар в)
2009 жыл, 7 қаңтар
19. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
республикамыздың президенті етіп сайлады.
а) 1991 жыл б) 2001 жыл в)
1998 жыл
20. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел
рәміздері: Туы, Әнұраны, Елтаңбасы қабылданды.
а) 1992 жылы б) 1995 жылы в) 1996 жыл