Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Астана қаласы

№48 мектеп –лицейінің

Тарих пәні мұғалімі

Садвакасова Айман Елеукеновна

Тақырыбы: Отан-жерім, Отан-туым!

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы жайлы түсіндіру.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елін қастерлеп құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: рәміздер бене таспасы.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.Интерактивті тақта
Кіріспе бөлім:
Мұғалім: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Ендеше «Атамекен»картасында берілген белгілерге назар салайық.Қазақстан картасы.Тәуелсіздік монументі.Президент.Тұңғыш Президент.
Диас: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Зере: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Данияр: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Дана: Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Зере : Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Тайыр: Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Индира: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.Аружан: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.Диас:
Еңселі елтаңба Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұғалім: Бұл рәміздеріміздің авторлары кімдер? Аружан: - Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Диас:-Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Анель:-Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Нұрасыл: -Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
Аружан:
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
Тұғырлы туымыз.
Зере:
Айнымайды аспаннан Жанатын да өзі отша
Біздің тудың болуы Жалын шарпып бетіңді
Оны халық қашанда Туымыз да қазақша
Биікке іліп қояды. Сөйлеп тұрған секілді.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Мұғалім: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.Ернұр:
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықты көрсетеді. Диана:
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Әнұран орындалады.

Асқақтаған Әнұран.
Дана: Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Ойындар мен тапсырмалар
Мұғалім: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Әкіжан: Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Ерасыл: Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
АстанаЕлтаңба Ту Әнұран
Ас Ел Бай Ән Ту
Таңба ай Ұран Орда
Тана Таң қар Ұн ар
Аң ар нан ор Ана

Мұғалім:Отан біздің атамекеніміз. Отан-ол біздің туған жеріміз, отбасымыз. «Отаның ойлаған орта жолда қалмас» дегендей отанға деген сүйішеншілігімізді әсем қаламыз Астана туралы өлең шумақтарымен жеткізсек.

Зере КиеліменіңЕлордам,

Арудайсұлутаранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

Диас Жайнайбер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Индира Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрыңды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам,

Бақ болып қонған төріме.

Таир Елордам қуатты,

Шырайлы, шуақты.

Шұғыла шаша бер,

Алтын күн сияқты.

АружанҚызыл орда, Ақ орда,

Өзге елде жоқ орда,

Көкке бойын тіреген,

Көңіл күйі тоқ орда

Қорытынды:Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, құрметтеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ