Медициналық және фармацевттік өнеркәсіпте қолдануға рұқсат етілген материалдардың түрлері.
Дәрілік құралдарға арналған біріншілік орауыштарға қойылатын талаптар №1 лекцияда берілген. Олар медициналық және фармацевттік өнеркәсіпте қолдануға рұқсат етілген тара – орауыш материалдардың қазіргі ассортиментін белгілейді.
Өнімді орамдау, тасымалдау, сақтау және тұтынушыға босату үшін қолданылатын тара мен орауыштар шыныдан, металлдан, целлюлозадан, пластмасса және әр түрлі полимерлерден жасалынады.
Шыны. Силикаттар, металдардың оксидтері мен тұздардың балқытылған қоспасын суыту арқылы дайындалған қатты ерітіндіні «шыны» деп атайды. Құрамында 95 – 98 ℅ - ке дейін кремний оксиді бар, термиялық және химиялық жағынан ең тұрақтысы кварц құмынан жасалынған кварц шынысы. Бірақ осындай шыныдан фигуралық бұйымдарды (флакон, бутылка, ампула) жасау өте қиын, сол себепті оның балқу температурасын төмендету үшін 〖Na〗_2 O мен Н_2 O қосады, ал оның химиялық тұрақтылығын 〖Al〗_2 O3 және В2О3 қосу арқылы арттырады. MgO қосу шынының термиялық тұрақтылығын жоғарлатады. В2О3, 〖Al〗_2 O3 және MgO мөлшерлерін реттеу шынының соқпалы беріктігіне және сынғыштығына әсер етеді.
Шыны дроттан қуыс бұйымдар жасау үшін экструзия әдісі қолданылады.
Экструзия – (лат. Extrusion – итеріп шығару) – балқытылған шыныдан, полимерлерден, пластмассадан, резинадан ұзындығы үлкен бұйымдарды жасауда кең қолданылатын әдіс. Ол шнекті экструдерде өтеді. Осы әдіспен шыны, полимер, пластмасса түтіктерді, пленка, автокөліктердің шиналары және т.б. жасалынады.
Шыны тараға әр түрлі көлемдегі және конфигурацияда жасалынған банка, флакон, құты, ампулалар жатады. Кейбір орауыш құралдар, МҚБ, СҚБ шыныдан жасалынады ( пипеткалар, шпатель және т.б.) фармацевттік өнеркәсіпте шынының келесі маркалары қолданылады:
МТО – медициналық тарлы түссіз шыны. Көбінесе жарыққа төзімді құрғақ препараттарға, негізгі шынының әсеріне және жарыққа төзімді қою немесе сұйық ішке және сыртқа қолданылатын препараттарға ұсынылады;
ОС, ОС – 1 – медициналық (жарықтан қорғайтын) сары түсті шыны (СМ. как МТО) тек жарыққа төзімсіз препараттарға қолдануға ұсынады.
АБ – 1 – әлсіз негізді (борсыз) шыны – см. МТО және майлы инъекциялық ерітінділерді ампулалауға ұсынады.
НС – 1 – медициналық нейтралды шыны – жарыққа төзімді, бірақ негізгі шынының әсеріне тұрақсызм инъекциялық сулы ерітінділер жәнебасқа гидролизге жеңіл ұшырайтын препараттар үшін қолдануға ұсынады;
НС – 2, НС – 2А – медициналық нейтралды шыны – қан, инфузиялық, трансфузиялық ерітінділерді сақтау, көз тамшыларын құю, аэрозоль баллон ретінде қолданылатын флакондар жасауға ұсынға. Осы шынының НС – 1 марка шынымен салыстырғанда негіздігі жоғары, сол себептен гидролизге ұшырайтын ерітінділерге қолданбайды.
НС – 3 – медициналық нейтралды – осы шыны маркасы НС – 1 шыныдан едәуір тұрақты, себебі негіздігі төмен, құрамында В2О3 мөлшері жоғары. Жеңіл тотығатын заттардың, жеңіл гидролизденетін тұздардың ерітінділерге ампулалар және флакон жасауға ұсынған.
СНС – 1 – жарықтан қорғайтын нейтралды шыны – жарыққа төзімсіз инъекциялық ерітінділер үшін ампулаларды жасауға ұсынады.
ХТ – химиялық, термиялық тұрақты шыны – шприцтер, қан, трансфузиялық және инфузиялық ерітінділер сақтайтын құтылар. МҚБ және СҚБ (пипеткалар, тамызғыштар және т.б.) жасауға ұсынған.
Шынының маркалары ОСТ 64 – 2 – 78 – 72 регламенттелге. Шыны тараның ГОСТ 10780 – 64 бойынша термиялық және химиялық тұрақтылығын тексереді.