Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Дәрілік заттардың халық арасындағы жарнамасына қойылатын талап.

А. Тізбесін дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган (будан әрі - мемлекеттік орган) бекітетін , рецептісіз босатуға жататын дәрілік заттарды ғана халық арасында жарнамалауға болады.
Б.Дәрігерлердің рецептері бойынша босатылатын құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар бар дәрілік заттар және дәрілік заттардың жарнамасы тек қана медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналып есептелген мамандандырылған басылымдарда жүзеге асырылуы мүмкін.
С. Дәрілік заттардың жарнамасы жарнамалық материалды дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау саласындағы сараптау органының (бұдан әрі - сараптау органы) алдын-ала жасалған сараптамасынан кейін мемлекеттік органның рұқсаты негізінде жүргізіледі. Жарнамалық материалда мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген дәрілік заттардың жарнамасына рұқсат туралы ақпарат болуға тиіс.
Д. Жарнама таратушы жарнама беруші тек дәрілік заттардың жарнамасына мемлекеттік органның рұқсатын бергеннен кейін ғана жарнаманы орналастыруға құқылы.
 Е. Дәрілік заттардың жарнамасы мамандарға арналған жарнама және халық арасында таратылатын жарнама деп бөлінеді.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы