Буржуазия-орта ғасырларда қала тұрғындарын осылай атаған!
Буржуазия– (французша bourgeoіsіe — қала тұрғындары) — елдегікапиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Оның табыс көзін өндіріс пен саудадағы жәнеқаржы-кредит салаларындағы кәсіпкерлік қызметі құрайды. Буржуазия 16 ғасырдағыреволюциялар менреформалар кезінен қалыптаса бастап, өндіргіш күштердің, ғылым мен техниканың дамуына және демократияның орнығуына ықпал етті. Қазіргі дамыған елдерде ірі өнеркәсіп және қаржы Буржуазиясы билікке араласу мүмкіндігіне қол жеткізген. Дамушы елдерде Буржуазияның қалыптасуы қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты болады. Социалдық құрылысқа көшкен елдерде Буржуазия тап ретінде жойылған. Социалдық жүйеден бас тартып,нарықтық экономика меназаматтық қоғам құруға бағыт алған елдерде ірі меншік иелері мен кәсіпкерлікпен шұғылданушылар тобы қалыптасуда.