Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ғұмыры қысқа қызғалдақ
(Сахналық көрініс)
1-көрініс
Бөлме іші.
Ләззат.  
Туған жерім- Ақжазық,
Өрлігімді шыңдаған.
Еркін өстім бой жазып,
Үлкен сыйлап тыңдағам.

Желбіреген тұлымым,
Балалығым өткен жер.
Жеткізем деп ұл-қызын
Ата-анам төккен тер.

Арман қуып сол елден
Алматыға аттандым.
Жолдас болып өнермен
Үмітімді жалғадым.

Қобыз бенен күйсандық,
Мақсатыма жол ашқан.
Қорқытпенен сырласып
Моцартпенен мұңдасқам...

     Міне, бір жарым жыл уақыт та зымырап өте шықты. Өзім армандаған Чайковский атындағы музыкалық училищенің 2-курс студентімін. Алып -ұшқан көңілім жай табар түрі жоқ. Армансыз күнім жоқ. Марқұм әкем, асыл анам, ұлағатты ұстаздарымның сенімін ақтап қазақ ұлтын өнеріммен әлемге танытатын музыкант болатын күн көз алдымда.
     Шіркін...Сахнада  қазақ қызы Ләззат Асанова! Ду қол шапалақтар... Зал толы көрермен... Құшақ-құшақ гүлдер... Менің аса бақытты шағым... Менің биік, асқақ армандарым...
    (Есік қағылды. Тук,тук, тук. Ләззат селк етті. Жүгіріп барып есікті ашты..Комендант екі адаммен кіріп келді.)
      Комендант әйел. Қыздар, түгелсіңдер ме? Так , осы минуттан бастап ешкім еш жаққа шықпайды.Түсіндіңдер ме шөпжелкелер! Орталық алаңда қазақ жастары нашак шегіп , арақ ішіп, білгенін істеп жатыр. Бараны! Қазақ екені бүгін естеріне түсіпті. (Мырс етеді) Қырылғырлар! Қарай гөр өздерін, Қазақстанды қазақ басқарсын дейді екен, жетісерсіңдер! (Есікті тарс жауып кетеді)
      1-қыз. Мына коменданттың қорлығын –ай! Орыс деген ұлы халық, қазақ деген мәңгүрт халық болғанымыз ба? Өз жерімізде, өз елімізде өзектен тебіліп өгей болғанымыз-ай! Неткен қорлық десеңші!
      2-қыз.(Асығып-аптығып, есікті айқара ашып ішке кіреді. Көкірегін ыза кернеген үнмен) Қыздар, қыздар, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғып өлтіріп жатыр!Араша түскен жігіттерді қолын қайырып әкетіп жатыр! Мәскеуден әскер келіпті дейді! Қазақ жастары осылай қойша қырылып кете бермекпіз бе? Не істейміз, қыздар?!
    Ләззат. Ел тағдыры таразыға салынған сәтте қалай бұғып калмақпыз?! «Көпен көрген-ұлы той». Кеттік !Кеттік, алаңға! Жастармен жаным бірге! Еретінің , жүріңдер соңымнан! (Қолдарына сырт  киімдерін алып,жартылай киініп шыға жөнеледі.)
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ