Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу,  құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу.

Көрнекіліктер: Банер «Бұрымды қыз», қанатты сөздер

 Сайыстың өту барысы:

 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар!

2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!

1-жүргізуші:Иә, көптен күткен көктем де келді, ендеше, көктем мерекесін ала келген «Бұрымды қыз» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Сайысымызды танысудан бастасақ:_____________________________________

1-жүргізуші: _______________________________________________

Ендігі кезек әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

 «Бұрымды қыз» сайысының шарттарымен таныстыралық:

1.       Таныстыру.

 (өз қалауымен)

1.       Жарнама.

 (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )

1.       Үй тапсырмасы: 5 фото шаш үлгісі

 ( шарты: фото суретте қатысушы болу керек)

1.       Жағдаят.

 (қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады.)

1.       Шаш күтімі жайлы кеңес.

2.       Ең шашы ұзын қызды анықтау.

3.       «Шолпысы әсем жарасып белге»

(ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.)

ответил от Sania
0 голосов

 2-Жүргізуші: « Білектей арқасында өрген бұрым,

                   Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

                   Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

                   Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?»    деп Абай атамыз жырлағандай ортаға  бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз!

 Сайыс алдында «баталы құл арымас» дегендей сайыскерлерімізді демеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәннінің ұстазы Балкен Қыстаубайқызынан бата сұрасақ!

1-Жүргізуші:-Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі –шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.

2-Жүргізуші:- Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол-әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап-сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сыйпаты. 

1Жүргізуші: - Ендеше, көп күттірмей сайысымыздың 1-ші шартына көшелік. Таныстыру. Ортаға 1-ші сайыскерімізді шақырайық! 

2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:

1-Жүргізуші:  9 «б» сынып оқушысы  Шәріпов Сержанның орындауында  Алтынбек Қоразбаевтың   «Үкілі қыз» әнін қабыл алыңыздар!

  2- Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң  оның арасын бір сүйемдей  етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі.  Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.

ответил от Sania
0 голосов

  1- Жүргізуші:-Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді емес пе?Қазақтың қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Тентектер әйел шашын кессе ол дене мүшесін кескенімен бірдей жазаланады үлкен айып төленеді. Егер әйелдер өзі қылмыс жасаса олардың шашын кесіп жазалаған. Ол әйелдер үшін өлім жазасымен тең қаралған. Шаштың ұшын қиған қыздарға шапалақ беріледі. Демек, әйелдерге тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ерте білген. 

2-Жүргізуші: Сайысымыздың 2-ші шарты бойынша, Жарнама.

 (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )

(Экраннан видеоролик тамашалау.)

2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:

1-Жүргізуші: 2008жылғы «Күмбірлеген домбыра» байқауында «Көрермендер көзайымы»  номинациясына ие болған;

 «Жас музыкаттар талабы-2008» қалалық сайысының ІІ орын иегері;

үстіміздегі жылдың Дельфилік ойынының күміс медаль иегері Сабиров Батырханның орындауында____________________________________________________________

2-Жүргізуші: - Пай-пай, домбыраның күмбірлеген дауысына не жетсін! Сайысымыздың 3-ші шарты бойынша: Үй тапсырмасы: 5 фото шаш үлгісі

 шарты: фото суретте қатысушы болу керек.

1-Жүргізуші: (Өз жұмыстарын ұсынып жатқанда экраннан суреттер шығады, жүргізушілер түсініктеме береді.) Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы –шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады. Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер тақпаған.

2-Жүргізуші:Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі.

 

1-Жүргізуші:Шаштеңге шолпы шашбауға немесе бұрымның ұшына байланады. Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйтекні күміс сыңғыры «айтып»қояды.

ответил от Sania
0 голосов

 2-Жүргізуші:-Сайысымыздың келесі шарты: Жағдаят қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады. Әр сайыскерлер келіп бір билет алады. Жазылған жағдаятқа байланысты өз пікірін айтады.

1-Жүргізуші: Әділ қазылар бағасы:

2-Жүргізуші:- Рахмет, өренің өссін! Сайысымыздың  келесі шарты шаш күтімі жайлы кеңес. Шаш күтімі, оны тарау, өсіру- үлкен тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет-осының бір дәлелі.

Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағатын зергерлік әсемдік бұйымдар  бар. Шашты тарау  үшін тісі әр түрлі сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылады. Сыртынан әдемі көріну үшін шаштарақпен бастырады. Шашты жалтырату үшін шашмай жағады. Оны кәдімгі сары майға жұмыртқаның ағын қосып істейді.

1-Жүргізуші: Әділқазылар бағасы:

2-Жүргізуші: 2008жылғы қалалық  «Шаттық» байқауының күміс жүлдегері;

2010 жылғы «Сағыныш сазы» Шәмші әндері байқауының гран при жүлдегері Байтақтегі Абзалдың орындауында____________________________________________әнін қабыл алыңыздар!

1жүргізуші:- Рахмет! Өнерің өрге жүзсін, достым! Сайысымыздың  келесі шарты ең шашы ұзын қызды анықтау. Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады.Оның әр талын жібектей деп, өрілген бұрымды білектей деп салыстырған. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын-күміс шолпы тағылған сұлу бұрым- бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі.

Ақындар оларға «қолаң қара шашы бар жібек талды», «сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек» деп таңданған.

Ендігі кезекте ең ұзын шашты қызды таңдайық.

Ең ұзын шаштың иесі:_______________________________________болды. Ұзындығы:_____ Құттықтаймыз! Шашыңыздың әсемдігімен тамсандырып жүре беріңіз дейміз!

2-Жүргізуші:-Сайысымыздың  келесі шарты. «Шолпысы әсем жарасып белге» (Музыка ойнап тұрады сайыскерлер кезегімен ортаға шығады, аттарын атап шақыру) ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.

1-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Ендігі сөздің кезегін әділ қазыларға берсек деймін.

Марапаттау:

2- Жүргізуші:- Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ