Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар әлемі
Сабақтың мақсаты: Дыбыстар туралы түсінігін кеңейту, дұрыс тыныс алуын қалыптастыру.
Түзеу мақсаты: Есту арқылы қабылдауын, дыбыстарды ажырату қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: айна, мазмұнды -заттық суреттер, доп, топшама.
Сабақ барысы:
І.Ұймыдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сөйлеу ережесі (сөйлегенде асығыстық жасама,әрдайым деміңді шығарып сөйле.)
ІІ. Аутотренинг.
- Әуен ырғағымен босаңсу және тыныс алу жаттығуларын орындату.
- «Иілу»жаттығуы.
- «Сүңгігіштер»жаттығуы.
- «Кеме» жаттығуы.
- «Дем алу,дем шығару» жаттығуы
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда «Дыбыстар әлеміне» саяхат жасаймыз.
- Ендеше, балалар дыбыстарды тыңдайық. (үнтаспадан дыбыстарды тыңдату)
- Қандай дыбыстарды естідік?
- Біз әр түрлі дыбыстарды естідік. (судың сылдыры,құстардың үні, желдің гуілдеуі т.б.)
- Осы дыбыстарды қай мүшемізбен тыңдадық? (құлақпен).
- Дыбыстарды айтамыз және естиміз.
- Ал, енді мен сендерге «Қоңыр қошақан» атты шағын әңгімені сурет бойынша әңгімелеп берейін. Зейін қойып, мұқият тыңдаймыз.
- Қуаныш күнде қоңыр қошақанына сүт беріп,көк орай шөпке жайып,қамқорлық жасап жүреді. Бір күні қоңыр қошақаны тоғайда жүрген қойларға қосылып кетеді.
Қуаныш қошақанын іздеп тоғайға келеді. Қатты жел соғады.
- Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
- Жел уілдейді: у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у
- Желдің әсерінен ағаштың жапырақтары шулайды.
- Қандай дыбыс естіледі?
- Ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш
- Тоғай ішінде жүру өте қиын. Маса да ызыңдап мазасын алды.
- Маса қандай дыбыс шығарады?
- З-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з
- Қуаныш артынан еріп келе жатқан иттің ырылдаған дауысын естиді?
- Ит қандай дыбыс шығарады?
- Р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р
- Қуаныш айналасына қарады. Шөп арасынан басын көтеріп,итке қарай айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылын итке ысылдап тұр екен: -с-с-с-с-с-с-с-с.
Жыланды көрген Қуаныш қорқып кетіп қарағаш түбіне шегінді. Жоғарыдан ыжылдаған дыбысты құлағы шалды.Ол қарағаш бұтағына орналасқан араның ұясын көрді.
- Аралар қандай дыбыс шығарады?
- Ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж
- Жақын жерден қошақанның маңыраған дауысы естілді.
- -мә-мә-мә-мә-мә.
- Сөйтіп, Қуаныш қошақанын тауып,үйіне апарады.