Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Қызығушылық тарын ояту | «Кім жылдам» Сұрақтар слайдта әр топқа | Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру Слайда үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі. | Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді |
Түсіну | «Кім алғыр» әдісі | Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше сұрақтар дайындау | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу Топпен жұмыс жасау |
Қолдану | «ЖИГСО әдісі» пайдаланамыз Тақырыбы: Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы, тарихи тұлғаларға талдау жасау. | Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді |
Сергіту сәті | Қажетіне қарай | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | Топпен жұмыс «Дебат» әдісі | Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі.Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және жұмыс істеу | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, топпен тапсырмаларды талқылау, әр топтан оқушы ортаға шығып өз ойын және пікірін бүгінгі тақырып бойынша жеткізу, талдау және бағалау, тапсырмаларды орындату |
Жинақтау | Шығармашылық тапсырма «60 жылдардағы проза жанры» (кітап,сурет) | Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады | Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағдарша, бағалау парақшалары | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін өзі топпен бағалайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |
Үй тапсырмасы | Сөзмаржан , даналық ойлар. | І. Есенберлин өмірі, шығармаларына талдау жасау. | Деңгейлік тапсырмаларды орындау. |