«Психологиялық дайындық» Ынымақтастық ахуалын қалыптастыру. Балалар бәріміз күн сияқты дөңгеленіп тұрайықшы.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. -Балалар күн бізге не береді? -Біз күннен алған жылуымызды бір-бірімізге береміз. Міне жүрегіміздегі осындай жылумен оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. -Балалар біз бүгін « Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз. Қанекей барлығымыз пойыз болып саяхатқа барайық. Міне ғажайып математика еліне де келіп жеттік. Балалар бұл саяхатта біз көптеген тапсырмаларды орындаймыз. Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім. -Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? -Қане, атап шығайық.... Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай? -Бұл шардың түсі қандай мезгілді білдіреді? Қыста жер қандай болады? Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? -Жасыл шарды көрсету.Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды? -Қызыл шарды көрсету. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады? - Балалар түстерін білдік енді сиқырлы шардың ішінде не бер екенін білгілерің келе ме? Қане, шарды кім жарады? -Балалар бізге шардың ішінде жасыруға жұмбақтар берілген екен. Жұмбақ шешіп көрейік. 1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым......... 2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, Бірден білер құлақ асқан сөзіме 3.Теледидар таныс екен баршаға, Ал пішінім ұқсайды ғой ..... Дұрыс таптыңдар балалар, Жұмбаққа өте жүйрік екенсіңдер. | Күн сияқты дөңгеленіп тұрады. Күнге қолдарын созады. -Күн жылу ,жарық ,сәуле береді. -төрт мезгіл бар -қыс, көктем,жаз, күз -ақ -қыс мезгілі Аппақ қар. -күз -Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды. -көктем мезгілі -жаз мезгілінде Бір бала шығып шарды жарады. Жұмбақтың шешуін табады -дөңгелек -үшбұрыш -шаршыға |