Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз!»
Мақсаты:
1. Өлі және тірі табиғатпен байланыс, табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен тылысым тірлігін зерделеу.
2. Табиғатты аялауға, күтуге деген сезімдерін ояту, қоршаған ортаны экологиялық талаптарға сай күтуге дағдыландыру, салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.
3. Табиғатты білуге деген құлшыныстарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
(Тәрбие сағаты оқушылардың күз тақырыбындағы тақпақтарынан басталады )
Айғаным Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз болыпты. Қурап жапырақ солыпты. Ел егінін орынпты. | Қыдырәлі Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам, Дариядай шалқып жүр. |
Ақзер Көк аспанның мөлдіреп, Алтын күзім елжіреп. Асыр салып жүре бер, Сары көйлегің желбіреп. | Динмухамед Алтын, сары, қызыл, көк. Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады жалбырап. Ой, алақай, тамаша, Шашу шашты жапырақ. |
Абильмансур
Күз де келді, алтын дәнін сапырып
Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз, құтты болсын!
Бүгін, балалар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен былай жеткізбекші.
Ербол:
Қарашы күз келді, күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуенін түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне, алтын күз
Абильмансур
Дәм атасы - ақ нан
Дастарханның басында
Үмітіндей ақталған
Мен де отырам қасыңда –дегендей осы нанның дастархан басына қалай келетінін білейік.
«Қуыршақпен бауырсақ» қойлымы
Ортада: Автор, Қуыршақ, Бауырсақтар.
Автор:Ербол
Қуыршақ-Жанель
Бауырсақтар:-Жігер, Ернар, Хасан
Автор:Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап,
Қуыршақ:-Қайдан келдің, бауырсақ?
Автор:-Деп сұрады қуыршақ.
Бауырсақтар:-Дүкеннен келдім нан сатқан, -
Автор:-Деді оған бауырсақ.
Қуыршақ:- Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақтар:- Наубайдан келдім нан жапқан.
Қуыршақ:- Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақтар:- Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:- Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақтар:- Даладан келдім кең жатқан,
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Автор:-Неткен керемет десеңші!
Қуыршақ:О,о,о, тамаша!
Ербол:
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман оайнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтшы кәне, бұл қай кезде болады?
Абильмансур
Достар, біздің мерекеге не жетіспей тұр деп ойлайсыңдар!
Алтын күз.
Алтын күзімізді, қошеметтеп қол соғып, қарсы алайық.
Жомарт көңіл жарқын күз
Берекесі елімнің
Қош келіпсің, жомарт күз
Құт қонағы төрімнің!
Күз-Сабина
Мейірлі күз, мырза күз.
Сыйлығына ырзамыз.
Аппақ арай таңында,
Шомыламыз нұрға біз.
Ой, алақай, тамаша,
Жабырқайды жапырақ.
Алтындай боп жарқырып,
Шашу шашты жапырақ.
- Балалар, айтыңдаршы, табиғаттың осы келбеті ұнай ма?
Ән: «Күз жомарт»
Абильмансур:
Армысың, Алтын күз, армысың!
Жайқалған шуақ таңбысың.
Еңбекке жинап, ел-жұртты,
Мезгілсің өзің ең құтты.
-Алтын күз, сізге арнаған достарымыздың сый құметін көріңіз. өзің берген ырзықты өзіңізге арнаймыз.
1оқушы: Дәмер
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс тек қана
Күзде ғана болады.
Жеміс пісіп, қамабаға,
Алтын астық толады.
Бұл құбылыс тек қана
Күзде ғана болады.
2оқушы: Аида
Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
(оқушылар күзігі көкөніс, жемістерді сахналайды)
Ербол:
Олай болса, «Көкөністер дауы» қойлымын тамашалаңыздар: