Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Басқару пернелері
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

11-сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Басқару пернелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды басқару пернелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Болжамдап отырған нәтиже: Білімді, сауатты, салауатты ұрпақ

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

                                     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

                                    ІІІ. Жаңа сабақ

                                    ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

                                  Ү. Сабақты қорытындылау

                                    ҮІ. Үйге тапсырма беру

                                  ҮІІ.Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Сабаққа кімдер келген жоқ?

- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Компьютер іске қосылған соң,оң жақта орналасқан Num Lock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелік басқару пернелерінің рөлін атқарады (немесе цифрлар теру режиміне көшеді).

Бағыттауыш (→,←,↑,↓) тілсызық пернелер мен Home, End, PgDn, PgUp пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды. Олардың қызметі:

→,←,↑,↓ - пернелері,курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту:

Home – курсорды жолдың басына жылжыту;

PgUp – курсорды мәтін бойынша бір бет жоғары көтеру;

PgDn – курсорды мәтін бойынша бір бет төмен түсіру;

Backspace пен Delete пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, Backspace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді.

Бір сөзбен, екінші сөз «бос орын» пернесін басу арқылы бөлініп жазылады. Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасы жылжытады.

Insert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді,олар: «Енгізу» - символдардың арасына оларды ығыстыра отырып,жаңа символ енгізу режимі және «Алмастыру» - бұрынғы енгізілген символдарды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Ү. Сабақты қорытындылау:

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау:Сабаққа белсене қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалаймын. Ал, сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларға ескерту жасаймын.

Бүгінгі сабақты Юсуф Баласағуни сөзімен аяқтағым келеді:

«Түйсік болып, қансаң білім нәріне –

Жетер қолың  ой-тілектің бәріне.»

Сау болыңыздар!

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ