Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от snadmin в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бағың жансын, алтын түлек!!!

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталар сөзі тәрбие мен білім беруге келісті сөз. Қанатын қағып, мектептен ұшар сәтінде, әрбір балапанның қыран құсқа айналғанына куә боламыз. Ең бастысы – ұяда бапталған балапандардың үлкен өмірге аяқ басқанда құзғын құстардан опа шекпей, көпшілік ортада ұяда жинаған бар білімі мен білігін, тәрбиесін көрсетіп, өз орнын тауып, еліне ерен қызмет жасап, өз үлесін қосып жатса, тәлімгерлері үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Біздің мектеп биылғы оқу жылы да алтын белгіні тұмар қылып таққан тағы бір шәкіртімізбен ерекше есте қалмақ. Суйнбекова Алима – 2016 жылғы түлектеріміздің ішінде аудандағы екі алтын түлектің бірі. Осындай зор қуанышқа үлкен еңбекпен жеткен, шыдамдылық танытып, сабырға салып, талмас қанатты қақтырып жүрген мектеп директорының, орынбасарларының, пән мұғалімдерінің және де сынып жетекшісінің қуаныштарын айтпай кеткен болмас. Кішкентай кезінен дәрігер болуды армандаған Алимамыздың бүгінгі күнде асқақ арманына қол жеткізгеніне куә болған біздің демеушілеріміз «Тюрк Қазына» ЖШС бас директоры Р.М. Мамуновтың  да, «Болашақ-А» ЖШС директоры В.С. Зоренконың да тағы да бір жомарттылығын қуана байқадық. Мамунов Руслан Маратович біздің Алимаға өзінің кәсіпорны атынан арнаулы шәкіртақы бөліп, өз атынан оқуында жаңашылдық көп болсын деген тілекпен  «iPhone S6+» маркалы ұялы телефон сыйлағаны  әрбір жас ұрпақтың мектептегі оқу үрдісіне деген қызығушылықтарын арттыруға ынталандыру сый құрметі секілді. Сонымен бірге, Зоренко мырзаның  ақшалай қаражатпен сыйлық сыйлауы  білімді жас шәкірттерді қолдауын білдіретін әрекет екеніне барша құсмұрындықтар куә  болды. Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Қ. Тоқтамысова ханымның білім бөлімі тарапынан ақшалай конверт  ұсынып, облыс әкімі Архимед Бегежановичтің атынан  Алғыс хатты оқып, табыстауы Алимамыздың білім алудағы ерен еңбегінің ақталуы деп білеміз. Осындай қуаныштар егеменді еліміздің әрбір ауылдық, қалалық мектептеріне жұғысты болсын, алтын шәкірттеріміздің саны жыл сайын арта берсін, білімді ұрпаққа нәтижелі білім нәрін себер ұлағатты ұстаздар  және білімді, дарынды шәкірттеріміздің әрбір жетістігін қолдар елбасы, еліміздің экономикалық әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосып, қара халықтан шыққан талантты және білімді шәкірттерді ынталандырар меценаттарымыз аман болып, биік белестерден көріне берулерін тілеймін. Алимашымызға үлкен дерттен аман сақтап қалар, жаңашыл әдіснамамен  ем қолданатын мейірімді,  ақ халатты кәсіби дәрігер болуына тілекшімін.  

№28 Құсмұрын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Асемгуль Абуталипова
ответил от snadmin

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ