Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қылмыс туралы глосарии керек кімде бар?
спросил от Вопросы и ответы в категории Прочее образование
теги изменены от Вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Глосарий

1) Қылмыстың құрамы дегеніміз – қылымыстық заң бойынша қоғамға

қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективті жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы

2)Қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз

3)Топтық объект дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан  қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.

4)Қылмыстың тікелей объектісі деп қылмыстың заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз. Мысалы, Қылмыстық Кодексте көрсетілген бұзақылық қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған. Қоғамдық тәртіп – осы бұзақылықтың тікелей объектісі болады.

5)Абайсыздық – неосторожность. Егер қылмыс істеген адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұра, бірақ жеңіл ойлылықпен ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, қылмыс абайсыздан істелді деп танылады.

6)Адамның өз басына ешкім тимеуі – неприкосновенность личности. Соттың қаулысы немесе прокурордың рұқсаты болмайынша ешкімді қамауға алуға болмайды.

7)Адвокат, қорғаушы. Қоғамдық кәсіби ұйым болып саналатын қорғаушылар алқасының мүшесі.Қорғаушылар қатарына жоғары білімі бар заң адамы қабылданады. 

8)Айыпкер- обвиняемый. Қылмыс істеді деп айып тағылған адам.

9)Айғақ адам – понятой. Тергеу әрекеттерін растау үшін тергеуші шақырып алған бөгде адам.

10)Алиби .Қылмыс  жасады деп айып тағылған адамның қылмыс жасалған жерде болмай, басқа жерде болып, қылмысқа қатысы жоқтың дәлелі.

11)Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Ол екі нысанда болу мүмкін, әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заң құрайтын және қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет. Объективті жақты сипаттайтын белгілерге мыналар жатады:

-         қоғамға қауіпті іс-әрекет;

-         қоғамға қауіпті салдар;

-         әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс;

қылмыс жасау орны, уақыты, жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы

12)Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Яғни субъектісі болып қылмыс істеген Қазақстан Республикасы азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқтар жатады.

13)Кінә дегеніміз бұл адамның өзінің қасақаналық пен абайсызда ісейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастардың жиынтығының көрсеткіші болып табылады. Кінә 2 түрлі – қасақаналық және абайсыздық нысанда болады.

14)Қылмыс санаттары деп оларды (қылмысты) нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз

15)Қылмысқа қатысу деп – екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы деп танылады

16)Қылмыстық жауаптылық – деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты ісәрекетті істеген адамды 

ответил от Вопросы и ответы

Похожие вопросы