Жанартау жүрек.
Сағына бердім, ынтығып сағым елеске,
Жағымды күндер, жалынды түндер бәрі есте.
Жанартау болып жүрегім тағы жарылды,
Тартылыс саған емес пе?
Сағына бердім бау жаққа қарай елеңдеп,
Сол бақта ғана көңілім нұрға бөленбек.
Аңсарым ауып сен жаққа қарай тартады,
Күн сайын сезім тереңдеп.
Әсем бау екен көңілдің мәңгі тұрағы,
Шешілер мұнда өмірдің мәнді сұрағы.
Осында мені ай ару күтіп тұрардай,
Жанымның сөнбес шырағы.
Сағына берем тартады ағаш, шыршалар,
Жалғыздау қалса адамды тағы мұң шалар.
Алыстан аңсап жете алмай жүрген өзіңді,
Хабарлап, бұлбұл күн санар.
Сағына бердім, ойламай жанды жүдеген,
Қиналу менен қорлыққа түсу бұл деген.
Сабырға көшіп, ақылға салып барлығын,
Амандық саған тілегем...
15.12.2009жыл.