: Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстігіне дейін
Солтүстік Кавказ — Кавказ алды және Үлкен Кавказ жотасының (Әзірбайжан Республикасына қарайтын шығыс бөлігінен басқа) солтүстік беткейі мен оңтүстік беткейін (батыс бөлігінен Абхаз Республикасы шекарасына дейінгі аралық) қамтитын аумақ. Солтүстік Кавказға Ресейдің Ростов облысының оңтүстік, Краснодар және Ставрополь өлкелері, сонымен бірге Қабардин-Балқар Республикасы, Алания, Шешен Республикасы, Дағыстан Республикасы мен Қалмақ Республикасының батыс бөлігі енеді.