Құпия-сұлулық...
Қазақтың қызы қаласың мәңгі биікте,
Өмірдей отқа дәл сендей өзге күйіп пе?
Қаншама ақын сұлулығыңды жазам деп,
Жеткізе алмай,айырылды естен сүйіп те.
Суретші шықты бейнеңді жазып берем деп,
Жан сұлулығың ұстатпай кетті тереңдеп.
Келбетті көрсе керемет күйге кенеліп,
Тұратын болды суретші біткен елеңдеп.
Мүсінші шықты сұлуды тастан қашаған,
Суықтау тасты аялап көңілі босаған.
Мөлдіреп тұрған жанардан жылу сезбеді,
Негізі тастың тас болады екен жасаған...
Жазушы шықты сұлулық сырын ашқандай,
Өмірі өтіп,ақ қырау басын басқандай.
Кезігіп тағы тұңғиық,түпсіз,тереңге,
Жаралап жанын арманмен кетті тасмаңдай.
* * *
Құпия жанарыңда сырың бөлек,
Өзіңді өзің келесің мәңгі демеп.
Әлемнің сұлулыққа тартылуы,
Өмірді өрнек еткен басты себеп.
Заңдылық,ай кездеспес күніменен,
Ерекше жеке тұлға үніменен.
Қыздар қымбат құпия қылығымен,
Сұлулық сымбатты ғой сырыменен!
28.11.2008жыл.