Атырау
облысы
Атырау қаласы
Облыстық тіл мүкістігі бар балалардың
№3 мектеп-интернатының
бастауыш сынып
мұғалімі
Балтай Жұмагүл
Қонысқызы
«Ең үздік педагог»
номинациясы бойынша
Ашық сабақ тақырыбы:
Қызыл шұнақ. Сәкен Сейфуллин.
Мақсаты: Сәкен Сейфуллин жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің
мазмұнын түсіндіру. Оқушыларға қыс мезгілінің өзгерістері жайлы айта
отырып, сабақтың тақырыбын ашу,
мазмұнын игеруге жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын
қалыптастыру; зер салуға, бақылағыштыққа баулу.
Түзету мақсаты: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйрету, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі : аралас.
Әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Қыс суреттері,үлестірме
дидактикалық материалдар, слайд.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Көзге жаттығу жасату.
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау: Қардың түрлерін
айт. Боранға тап болған Абайдың жай-күйін елестетіп, сипаттап көр. Үскірік
боран жай-күйін елестетіп, сипаттап көр. Қатты соққан ақ боранды ақын неге
теңейді?
ІІІ. Өткенді
қорыту: Үсінуден қалай
сақтануға болатынын айт.
ІY.
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа
даярлық . Сәкен Сейфуллин туралы не білеміз?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: «Қар атысу» ойыны
арқылы қыс жайлы сұрақ- жауап.
-Қандай тарауды бастадық? (Туған жерге қыс келді)
-Кімнің өлеңімен таныстық?( Қыс. Абай)
-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
-Қыс айларын атаңдаршы? (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
-Қыс мезгілі сендерге несімен қызықты?
-Қыс мезгілін сендер қалай суреттейсіңдер?
- Сәкен Сейфуллин Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы,
Қарашілік қыстағында 1894 жылы дүниеге келген. Шығармашылықпен белсене
араласқан. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімені жазды. Қазақ әдебиетінің
оқулықтарын жазуға қатысты.
Жазушының көптеген өлең, повесть, әңгімелері бар. Бізге бүгін «Қызыл шұнақ»
атты өлеңі берілген екен.
Балалар аяз деген не? Аяз дегеніміз қыста болатын табиғат
құбылыстарының бірі. Ал, қызыл шұнақ дегеніміз теңеу сөз.Мысалы: қандай аяз?
қызыл шұнақ аяз.
Балалар, кітабымыздағы өлеңді қарайық.
(интерактивті тақтада Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» өлеңі, қысқы аяздың әуені
жүріп тұрады.)
2. Мағынаны ашу.Өлеңді
мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
Өлең құрылымын талдау: Лирикалық өлең. 3-шумақ,
12-тармақ.
3.Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу.
Қызыл шұнақ –
бет қаратпайтын аяз, үскірік
Ұшан-теңіз –
шексіз, өте көп
4.
Оқушыларға тізбектетіп, шумақтатып оқыту.
5.Кітаппен
жұмыс.Өлеңнің соңындағы
сұрақтарға жауап беру.
6.Ой толғау. Абай суреттеген қыс пен осы өлеңдегі қыс көрінісін
салыстыру.Бір оқушыға Абайдың қысын жатқа айтқызу, салыстыру.
Өзің тұрған
жердегі қыс табиғатын өлеңдегі қыспен салыстыру.
Сәкеннің қысы
|
Біздің қала қысы
|
Шұнақ аяз
Қалың қар
Қатты боран
Дала аппақ
|
Жылы күн
Жаңбыр, мұздақ
Салқын жел
Дала балшық
|