Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы, Атырау қаласы.

Бірінші санатты тәрбиеші Избасарова Райхан Мангыбаевна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Допты тіке төмен еденге лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолмен қағып алуды үйрету»

Мақсаты:.

Дамытушылық:

Балалардың қимыл-қимыл қозғалысын дамыта отырып, сапқа тұру,

аяқтың ұшымен жүру,баяу қарқынменқимыл бағытын сақтап, саптізбекте

бір бірден жүруге жаттықтыру.

Білімділік:

Допты тіке төмен еденге лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолмен қағып алуды үйрету.Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, қолмен тартылып еңбектеуді бекіту.Демін бөгемей еркін дем ала білуін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Балалардың салауатты өмірсалтын қалыптастыра отырып,денсаулықтынығайтып, ептілікке,шапшаңдыққа,ұстамдылыққа,достыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар:

Себет, доптар,гимнастикалық орындық, қоянның атрибуттары,

аңшы бас киімі.

Алдын-ала жұмыс:Алматы қаласында болып жатқан универсияда туралы әңгімелеу.

Жүру барысы:

Кіріспе:

Амандасу:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Балаларғаелімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға,денсаулықты сақтауға көп көңіл бөлінетіні туралы түсінік беріп,Алматы қаласында өткен қысқы универсияда туралы әңгімелеу.

Педагог:

Таңертең біз жаттығуға тұрамыз,

Жалқаулықты жеңіп,шыңғада шығамыз.

Жаттығулар шынықтырар денеңді,

Боласың сен мықты,батыл, қайратты!

Балаларға жұмбақ жасырылады.

Жұмбақ :

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(Күн)

I-бөлім:

Педагогтың нұсқауы бойынша балалар қатарға тұрады,шеңбер бойымен бір-бірлеп жүріп,аяқтың ұшымен жүгіреді,«тоқта» деген белгіге тоқтайды.

Жүру мен жүгіру кезектестіріледі. 2-3 рет

II- бөлім:

Жалпы жетілдіру жаттығулары (құралмен)

1. Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырап жүгіру.

2. Жүру, звеноға бөліну

3. Б.Қ аяқ алшақ ұстап тұру,қолдағы жалауды екі жаққа төмен түсіріп тұру.

4.Б.Қ аяқты ашып тұру, жалаумен қолды алға созу, жоғары көтеру, жанына созу, б.қ келу қайталау 6 -7рет

4. Б.Қ аяқты ашып тұру, жалауды кеудеде шынтақты бүгіп ұстау, қолды алға созу, жалаумен жанға иілу, алға созу, б.қ келу сол жақта қайталау 6 -7рет

5. Б.Қ аяқ арасын ашып, жалауды екі жаққа төмен түсіріп тұру, жалауды алға созу, еңкейіп аяқ ұшына тигізу(оң қолмен сол аяққа,сол қолмен оң аяққа),

б.қ. келу сол жақта қайталау 6 -7рет

6. Б.Қ.өкшені қосып аяқ ұшына ашып тұру,еңкейіп екі қолмен жалауды тік ұстап, басын еденге тигізіп қолмен ұстап тұру.Жалауға сүйеніп отыру, тұру, б.қ келу 6-7 рет

7. Б.Қ жалауды жерге қою, аяқты қосып, қолды белде ұстап тұру,бір орында тұрып секіру 4-5 рет

8. Коллонада жүру, жай жүру.

Қызықты сәт : Универсияда алауын алып ішке жас спортшы кіреді.

Педагог:

Балалар бізге жас спортшы тапсырмалар ала келіпті,біз оны орындауға дайынбыз ба? Олай болса тапсырмаларды бірге орындайық.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Физ.минутка

Мы хлопаем в ладоши, хлоп, хлоп
(хлопки над головой)
Мы топаем ногами, топ, топ
(высоко поднимаем колени)
Качаем головой
(головой вперед назад подвигать)
Мы руки поднимаем, мы руки опускаем
(руки поднять, опустить)
Мы низко приседаем и прямо мы встаем
(присесть и подпрыгнуть)

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

1.Допты тіке төмен еденге лақтыру және оны қос қолмен қағып алу.

2.Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, қолмен тартылып еңбектеу.

III- бөлім.

Қимылды ойын:«Аңшымен қояндар»

Ойынның шарты:

Алаңның бір жағында аңшыға арналған үй,екінші жағында «қояндарға» арналған құрсаудан дайындалған індер.Әр шеңберге 3-4 «қояннан»тұрады.

Аңшы алаңды аралап,қояндардың ізін іздеп шығады.

Педагог :«Қояндар қыдыруға шықты»дейді,қояндар індерінен шығып,екі аяқпен алға жылжи секіреді.

Педагог :«Аңшы!»дегенде қояндар інге қарай секіріп қашады,«аңшы» оларды доппен ұра бастайды.Аңшының добы тиген «қоянды»аңшы үйіне алып қайтады.Ойын балалардың қалауы бойынша қайталанады.

Жәй қимылды ойын::«Ұшты-ұшты»

Ойынның шарты:

Ойынға көңіл қою,ереже бойынша әрекет ете білу.

Қорытынды:

Балалар қатарға түрып,шеңбер бойымен жүреді.

Демдерін ішке тартып, демді сыртқа шығарады.

Сау болыңыздар,деп қоштасады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ