Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Отбасы тәрбиесінің балаға ықпалы

Иә, Мәңгілік елдің іргесін қаладық.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады Олай болсаАта-ана— отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген

Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.

Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Әрбір ата-ана баласын ар–намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Қазақта ең үлкен тәрбиені беруші әйел- ана болған. Тәрбие әйелден, қыздан басталса керек. Сондықтан да әйел өзі үшін ғана емес, бала-шағасы, ауыл–аймағы үшін де үлгілі, өнегелі болуы қажет.

Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі салт–дәстүрдің шығу тарихын, қолдану зерттей келе, оның қыз бала тәрбиесінің өзекті арқауы екеніне көз жеткіземіз

Әрбір отбасында «баланы бастан...» деп басталатын тәрбиенің түрі қандай тағылым десеңізші?! Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Біздің мектебімізде ата-анамен тығыз байланысты жұмыстар жүргізіліп келеді. «Өз балаңа үлгі бол» ата-аналар конференциясы, «Әке мен бала» сырласу кеші, «Әкем,шешем және мен», «Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі» коучинг, «Ата-анам-тірегім», «Әкем-асқар тауым», «Анашым-ақылшым» атты тәрбие сағаттары және «Сіз қандай ата-анасыз?» атты сауалнама -соның айғағы. Мектеп ата-анамен тығыз байланыс орнатса, сонда балаға толық тәрбие беріледі-дегендей мектебімізде оқитын ұл-қыздарымыз мектеп ережесіне бағына отырып, ата-анасымен қоса сынып жетекшісіне де зор құрмет көрсете біледі.Мәңгілік еліміздің болашағы –ұрпақ тәрбиелеуде ата-анамен бірлесе отырып, жан-жақты, жүйелі жұмыстар жүргізе білсек, тәрбиелі ұл-қыздарымыз еңселі еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосады деп сенемін.

Алматы облысы, Іле ауданы,

М.Мақатаев атындағы №13

орта мектебінің директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жабел Айгуль

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов