Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛИНГВОМӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы

Қарағанды облысының тілдерді оқыту

орталығының оқытушысы

Қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде оқыту- қазақ тілін елімізде тұратын жүз отыздан астам ұлттардың ортақ тіліне айналдыру, ресми құжаттар тіліне айналдыру, Қазақстанның болашақ ұрпаққа аманатын жеткізетін қастерлі тілі ретінде дамыту дегенді танытатыны белгілі.

Мұндай келелі міндеттерді шешуде қазақ тілін тек күнделікті амандасу мен дүкенге бару немесе көшеде жөн сұрасу құралы ретінде үйретуді өте аздық етеді. Өйткені тілдік минимумның алға қоятын мақсатының аз болуы – өз елінде, өз мемлекетінде Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытып қана қоятын, сөйтіп, жасанды түрде қазақ тілін дамытуға кедергі болатын шектеулер жасалады.

Осындай тар аяда оқытуды қазір көптеген әдістемелік жүйелер ұсынып жүргені де қолдау туғыза алмайды деп ойлаймыз. Ағылшын немесе басқа кез келген шет тілінің шектеулі минимумын белгілеуге болады. Өйткені еркін және табиғи тілдік орта жоқ. Ал қоғамдық және әлеуметтік ортаның барлығы қазақстандық бола тұрып, қазақ тілін қалай шет тілінің әдістемесімен үйрету керек?

Бұл- әдістемелік тұрғыдан лингвомәдени мүмкіндіктерді толық қолдана алмағандықтан, өз-өзінен тірелетін тұйық. Сондықтан қазақ тілін табиғи тілдік ортада өмір сүре отырып толық релаксациялық күйде оқытудың жемісті жолы лингвмәдени теориядан бастау алса дұрыс болады деп санаймыз.

Қазақ тілінің коммуникативтік құрал болуына осы лингвомәдени теория тұрғысынан келу арқылы тіл үйренушінің өзінің күнделікті өмір сүріп отырған ортасына тіл үйрететін орта деп қарауына тірек қалайтын мүмкіндіктер көбейеді.

Өз елінде өмір сүріп отырған тіл үйренушінің қазақ мәдениетіне тілдік тұрғыдан қарауына әдістемелік жүйе жасай отырып, олардың қайтадан аккультурациялануына жайлы жағдай жасай аламыз. Тіл үйренушілер қазақ тіліне сонда, күнделікті өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің тілі, қатынас құралы деп қарай алатын болады.

Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқытуды ұйымдастыруда басшылыққа дидактиканың белгілі жалпы ұстанымдары алынатыны белгілі. Сонымен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзінің жеке ұстанымдары да негізге алынады. Бұл ұстанымдар мыналар: коммуникативтік ұстаным, қазақ тілінің кумулятивтік қызметін басшылыққа алу ұстанымы.

Осының ішінде алдыңғы қатарға коммуникативтік ұстаным алынатыны де белгілі. Өйткені қалай болғанда да, қазақ тілі – қарым-қатынас құралы ретінде оқытылады.

Қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту бағыты тіл үйренушілердің түрлі сөйлеу жағдаяттарына түсіріліп, бір-бірімен қазақша қарым-жасауға дағдылануын басты орынға қояды. Қазақ тілінің грамматикалық жүйесі бұл бағытта тек қолданылатын тілдік құралдары ретінде ғана қарастырылатын болады. Ал лингвмәдени аспектіде оқытуды ұйымдастыруда тіл үйренушілер шынайы өмірде кездесетін түрлі әлеуметтік рольдерге еніп, сол рольдердің сөйлеу ерекшеліктері мен тілдік құралдарын қолдануға дағдыланады.

Қазақ тілін үйрету сабақтарын лингвомәдени тұрғыдан ұйымдастыруда оқытушының бай әдістемелік қоры болуы міндетті. Оқытушы қазақы сөйлеу мәнерін, қазақы коммуникативтік мінез-құлық ерекшеліктерін, бейвербалдық элементтерді (қол, ым, мимика т.б.) сөйлеу жағдаятында дұрыс қолдануды үйрететін тиімді әдістер мен құралдар арқылы жабдықтап алуы тиіс.

Қазақша сөйлеуде дыбыстарды дұрыс айтудан бастап, сөздерді тіркестіру, сөйлемді құрыс құру, хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерді интонациясына сай айту, ырғақ пен ритм, сөз арасындағы паузалар - барлығын жеке-жеке бейне, аудио, көрнекіліктер, мәтін, тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бір арнаға жинақтап әдістемелік кешен жасауды ұсынамыз.

Қазақ тілін лингвмәдени тұрғыдан оқытуда көптеген тақырыптар жақсы нәтижеге жеткізе алады. Мысалы:

1) Қазақ материалдық мәдениеті.

2) Киіз үй және онда тұру ерекшеліктері.

3) Қазақтың төрт түлікпен байланысты жырлары.

4) Наурыз жырлары.

5) Бала тәрбиесіндегі материалдық және рухани құндылықтар.

6) Қазақтың ұлттық тағамдары.

7) Қазақтың ұлттық киімдері.

8) Қазақтың табиғатпен біртұтастықты сақтау моралі.

9) Қазақтың жауынгерлік құрал жабдықтары.

10) Қазақ тіліндегі рухани қуат туралы мақал-мәтелдер т.б.

Бұл тақырыптар теңіздің тамшысындай ғана үлгілер екені белгілі. Осындай тақырыптардың көлемді жүйесін жасап алып, олардың әрқайсысын бір немесе бірнеше сабақ бойы оқытуға болады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Алдын ала әрқайсысының лексикалық минимумы мен грамматикалық минимумы және көздейтін коммуникативтік мақсаты мен міндеттері анықталып алынуы керек. Сонда ғана әрбір сабақтың үлкен мақсатқа жетудегі өзіндік орны мен қол жеткен нәтижелері өрнектелген кестедей тұтас картина құрап, әдістемелік жүйенің мақсаты орындалғанын көз жеткізе алатын боламыз.

Әрбір сабақта тіл үйренушілерді өзара адресат пен адресат ретіндегі айтқан репликалары мен сөздерінің орындылығы алдын ала құрылған әдістемелік сценарийде белгіленуі керек. Сондай сабақтар арқылы қазақ тілінің тек қазақтар үшін, немесе қазір айтылып жүргендей, отбасылық тіл емес, Қазақстанның қоғамында өмір сүруге толық құқылы мемлекеттік мәртебесі жоғары тіл екенін тіл үйренушілер саналы түрде түсіне алады.

Қазақ тілін лингвомәдени тұрғыдан оқытудың теориялық негізіне қазақ тіл білімі материалдары ғана емес, қазақ ұлттық психологиясы, мәдениеттану ілімі, тарих пен өнер салалары алынады. Ал қазақ тілін оқыту әдістемесі осылардың барлығын педагогикалық және лингводидактикалық тұрғыдан іріктеп, сұрыптап, қазақ тілін үйренушілердің жасы мен қызметіне, қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес үйлестіруді міндетіне алады.

Қазақ тілі сабақтарының шынайы өмірге ұқсас өткізілуі үшін, оқытушы өзі таңдаған тақырыбының өмірдегі болмысын зерттеп біліп алғаны дұрыс. Сонда ғана тіл үйренушілерді коммуникативтік рөлі мен сөйлеу мазмұны табиғи болады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ