Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуда қосымша білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты.

« Адамға ең бірінші білім емес, рухани - өнегелі тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол берілген келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...»

әйгілі философ Әбу насыр Әл – Фараби.

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, білімді де парасатты, өнегелі де өнерлі, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алады.

Ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің басым бағыттарының бірі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қандай да бір атқарылған іс, ғылыми жаңалық, бәрі де адам үшін, оның игілігі үшін, жас ұрпақтың бүгінгі заман талабына сай дамып қалыптасуына игі ықпал етуге қызмет етуі керек» деп бекер айтпаса керек.

«Ертеңгі күн – бүгіннен басталады» деген қағидаға сүйенсек, жас ұрпақтың дамып қалыптасуына қажетті жағдайды жасау, кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға, өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан орын алуда.

Қазіргі білім беру үдерісінде жеке тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеу, рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие ісінің өзегі болып табылады.Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады.

Өнегелік тәрбие мақсаты – балалардың өмірде қажет болатын жалпы адамзат құндылықтарына, ұлттық дәстүрлер мен бастауларына тарту үшін мінез-құлық нормаларын қалыптастыру, кәсіптік этика мен абырой бағытында тәрбиелеу, мейірбандылық, қайырымдылық, адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, ықыластық қасиеттерін дарытып тәрбиелеу. 1.

Жеке тұлғаның бойындағы ар – ұяты, ақыл – ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым – қатынасы, мәдениеттілігі - жанұядан алынады. Сондықтан жанұя – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, отбасының, ата – ананың бала тәрбиесіндегі ролі өте үлкен және маңызды.

Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар шешуші роль атқарады.

Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары, адамдардың іс-қылықтарынан, моральдық өзара қарым-қатынастары, Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін еңбек ету, өзара көмек құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы адамгершілікке ие, еңбекке баулу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және оған қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез – құлпы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани – адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын. Адамгершілік тәрбие тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасуы - жеке тұлғаның мінез-құлқы іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталса, адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, жанашырлық, қарапайымдылық т.б ең жоғары құндылық деп 2. қарайтын жеке тұлғаның қасиеті адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік, ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершіліктің әр адамға тән асыл қасиеттерінің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.

Көрнекті педагог Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді.

Демек, шәкіртке жан – жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, ұстаздардан насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп, оның өзін-өзі тануына , өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ата-аналардың бір-бірінің алдындағы , ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз» - деген болатын.

Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті, бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый-құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке- назы жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.

Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз.

Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін еш ұмытпауы тиіс.

Ұстаз ата-ана ескермеген тәрбиенің тиімді сәттерін пайдалану қажет. Ол жеке тұлғаға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтармен қамтамассыз етеді. Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін, тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп 3.

қана қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұратын, қарым-қатынас жасайтын жағдайларын білуіміз керек. Ол үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар:

1. өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу, достарының, отбасының сенімін ақтау, жанашырлық таныту - өзгелердің мұң-мұқтаждығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету, кешірімді болу – ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін кек алудан аулақ болу, рақымды, мейірімді болу – адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу, жауапкершілік таныту- адал болу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу, өзін-өзі бір қалыпта ұстай білу - өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын тежей білу, ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу – қорыта келгенде, халықтық педагогикадан бастау алып, дәләлденген нәтижелерге сүйене отырып тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс

таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Сондықтан тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай болуы шарт.

Қай мемлекеттің болсын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден – бір құдірет оның экономикасы да, әскери күші де, материалдық байлығы да емес, тек қана білім беру жүйесінің сапасы болып табылады.

Әсіресе, дамудың жаңа сатысына көтерілген біздің еліміз үшін білім саласының, соның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының атқарар қызметі өлшеусіз. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ.

Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек. Ол үшін тұлғаға қосымша білім мен тәрбие беруде адалдық, рухани адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.

Қосымша білім беру ұйымдары қазіргі жалпы орта білім берудің қажетті компоненті болып табылады. Адамға бағытталған тәрбие беру де оның мазмұнын ізгілендіру тұрғысынан қарағанда, қосымша білім беру ұйымының мектеппен салыстырғанда әлдеқайда ыңғайлы мүмкіндіктері бар.

Қосымша білім беру ұйымдары тек тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері туралы білімді кеңейтіп қана қоймайды, ол еңбектің 4. қалаған саласында табысқа жету мүмкіндігін береді және еңбектің кез келген саласында табысқа жеткізетін қасиетттерді дамытады.

Қосымша білім беру ұйымдары ортақ қызығушылық, ортақ рухани құндылықтар негізінде араласу шеңберін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Балалар мен жастардың бос уақыты да нақ осы қосымша білім беру ұйымдары әркімнің қолы жететін нәрсеге айналады және баланың күш-қайратын дамытуға қажетті жағдайлар жасайды. Балалардың ерікті бірлестіктерінің барлық түрі, профиліне қарамастан, балаларды өзін-өзі тану және өз-өзін айқындауды дамытуға көмектеседі. Қосымша білім беру ұйымдары жалпы орта білімді жетілдіруге, тереңдетуге, кеңейтуге және қолдану есебінен толығырақ пайдалануға мүмкіндік береді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы:

жеке тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыттаудан – адам, отбасы, еңбек, білім, мәдениет, әлем, жер тұтастығының әсерін түсіндіру, тәрбиелеудің өзіндік негізін жасайтындығын үйрету, тәрбие берудің мазмұнын, формалары мен әдістерін жаңарту, әрбір тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау, оның өз-өзін айқындау мен өз-өзін туған еліне танытуын іске асыру, мұның бәрі педагог пен баланың бірлесе шығармашылық етуі орындалуын іске асырудан, халық педагогикасының жақсы дәстүрлерін іс жүзіне асыру және осы негізде балаларды бабалар мәдениетінен және ұлтаралық қарым-қатынасқа үйрету, оқушылардың бостандық рухында, өз қасиеті мен демократияны сезіну рухында тәрбиелеуден, ол үшін өзін-өзі басқару, қызығуы, бейімділігі бойынша әртүрлі бірлестіктердегі еңбек қажеттілігін сезіндіруінен, балаларды шығармашылық қабылетін, клубтық және бос уақытын тиімді , пайдалы өткізу жолдарымен дамыту, бұл үшін әрбір талантты баланы көруге көмектесетін әртүрлі жұмыс әдістерін пайдалану мүмкіндігінің жоғарлылығынан, тұлғаның шығармашылықпен даму мүмкіндігін жасайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар жағдайында, барлық оқу орындары мен әлеуметтік тәрбие мекемелерінің барлық сатылар мен түрлерінде тәрбие және білім мазмұнына қайта қарау қажеттілігі іске асырылуда. Өйткені дамудағы нарықтық қатынастарға еркін араласуға дайын бүгінгінің және болашақтың адамдарын тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлап шығару әсіресе тәрбие мазмұнының сапасын әлемдік даму деңгейінің жетістіктері негізінде көтеру болып табылады.

Ендеше бұл күндерде нарық экономикасының талабына сай өркениетті қоғамның ерікті, бас бостандығын кез келген жағдайда қысқа уақыт аралығында қорғай да, қарсыласына тойтарыс бере алатын ғаламдық тәрбие үлглерімен әлемдік ғылыми жетістіктерге негізделген озық үлгідегі технологияларды меңгерген мәдениеті 5.

жоғары, жан-жақты жарасымды қалыптасқан, тұлғалық болмысын нақты іс- әрекет барысында көрсете алатын дағды, білік қалыптасқан жаңаша ойлау қабілеті дамыған дарынды дара тұлға тәрбиелеу барлық тәлім-тәрбие мекемелерінің оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының басты міндеті болып отыр.

Мектептен тыс ұйымдарда қосымша білім берудің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту, дербес талаптарын қанағаттандыру,өз еркіне сай кәсіп таңдауына жәрдемдесу, қоғамдық өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасау.

Мектептен тыс ұйымдағы жұмыс педагог пен оқушының ортақ іске деген әуестігіне негізделгендіктен, бала ортақ іс-шараның тұтынушысы ғана емес, жасаушысы да болып табылады.

Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің ерекшелігі- балаларды, жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін - өзі жан-жақтылы көрсетуге мүмкіндігі бар.

Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде педагогикалық шығармашылық үрдісі мен білім берудің инновациялық бағыты заман талабына сай әрқашанда жаңа идеялар пайда болып отырады, педагогтардың шығармашылық ізденістері жалғасын тауып, балалардың сұраныс-талаптары мен қызығушылықтары өзгеріп отырады.

Балалармен мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізетін мекеме – бүкіл оқу тәрбие шараларында мектептің сенімді серігі.

«Ұлан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алар» дегендей, балалар мен жасөспірімдер көрген-білгеніне сын көзбен қарап, елеуіштен өткізбей бойына түгел сіңіретін еліктегіш келеді. Өйткені оның өмірлік тәжірибесі жоқ, көрген заттарының бәріне қызығып, оның көмескі жағын сезбейді. Сондықтан да әрбір қосымша білім беру мекемелері өз ұлтының мәдениеті мен салт-санасын, бағыт пен тапсырмалардың дұрыс таңдалуын негізге ала отырып, білім беру үрдісіндегі құрылымға, оның жалпы мазмұнына, бейімделу бағытына және технологиясына мән бере отырып мекеменің педагогикалық жүйесін құрастырады. Бұл жүйе белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге сәйкес мекемедегі әрбір бөлімдердің әр алуан, белгілі бір жүйеге түскен бағдарламалары негізінде іске асады, сонымен бірге өзара ынтымақтастық пен шығармашылық қарым-қатынас принципіне, яғни бала мен қосымша білім беру педагогтің тұлғалық даму педагогика идеясына құрыла отырып іске асырылады.

Балаларға қосымша білім беру мекемелері жүйесінің басқа білім беру мекемелерінен айырмашылығы - балаға қосымша ақпарат беріп қана қоймайды, ең бастысы, - бала жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімнің бірін игергенде ғана соған дағдыланады, өз қолының шеберлігіне мақсаттанады, өз ұстазына сенеді. 6.

Қазіргі – ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға және сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайды жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» міндеттері көрсетілген.

Қазіргі заман ұстаздан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Әр мемлекеттің интеллектуалды, экономикалық, әлеуметтік және рухани – мәдени әлеуеті, оның инновациялық қызметінің өркендеуі, қоғамның жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беру жай – күйіне, оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.Болашақтың адамдарын тұлғалық, интеллектуалдық, кәсіби сапалығы жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлап шығару мемлекеттің басты саясаты.

Нарық экономикасының талабына сай өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын , бүкіл адамзаттың құндылықтарын бағалай білетін, білімді, мәдениеті жоғары, жан-жақты жарасымды, тұлғалық болмысын іс-әрекет процесінде көрсететін қасиеттері қалыптасқан, жаңаша ойлау қабілеті дамыған, оның қызығушылығы, талаптары мен мүкіншілігін ашып, қанағаттануын қамтамассыз ету, қалыптасуы мен кәсіби бағытталуы, ұрпақтың қоғам мәдениетіне құштарлығын оятып, дара қабілеті мен дарынын дамытуға, дені сау тұлғаны тәрбиелеу басты міндет болып саналады. Осы мақсатты міндеттердің орындалуында қосымша білім беру ұйымдары әрбір жеке адамның тұлғалық дамуын қалау, дамыту міндеттерін жүзеге асыру білім мен тәрбие берудегі процестің үздіксіз жүйесінің ажырағысыз бөлігі.

Қосымша білім беру ұйымдары мектеп білімі әлеуетін кеңейтуге, тереңдетуге және қолдану есебінен толық пайдалануға мүмкіндік береді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

«Әр бала бір жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген қағиданы ұстанған бірден-бір өнер шаңырағы Үржар аудандық «Е.Рахмадиев атындағы музыка мектебі» өз жұмыс барысында шәкіттерді шығармашылық тұрғыдан қолдауды жүзеге асырады. 7.

Білім беру жүйесінде, оның ішінде мектептен тыс көп қазыналы мектептердің көркем эстетикалық бағыттағы жұмысы туралы пікірлер толассыз жалғасуда. Осыны жүзеге асыру мақсатында балалар музыка мектебі ұжымының мектептен тыс балаларды, өнерге баулуда елеулі жұмыстар атқаруда.

Е.Рахмадиев атындағы музыка мектебі 1973 жылы ашылып, 1978 жылы алғашқы түлектерін ұшырды, осы жылдары ішінде 38 шығарылым кештері өтіп, мыңнан аса оқушыға мектеп бітіру туралы куәліктері тапсырылды. Мектеп түлектерінің ішінде әр түрлі маман иелері - ұстаздар, дәрігерлер, жазушы, заңгерлер, инженерлер, т.б. маман иелері бар.

Кәзіргі таңда музыка мектебінде төрт: фортепиано, ішекті аспаптар, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары бөлімдері: 10 - арнаулы сыныптарда: фортепиано, скрипка, домбыра-тенор, қобыз-прима, бас - қобыз, баян, домра-прима, вокал, шертер, қыл қобыз аспаптары бойынша 245 оқушы білім алады.

Мектебіміздің 3 филиалы : Мақаншы, Қарақол, Жарбұлақ ауылдарында орналасқан. Мектебіміздің мәртебесін көтеріп, ұлттық өнерімізді насихаттауда еңбек етіп келе жатқан орта және жоғары білімді, білімге, өнерге бай ұстаздар көп.

Педагогикалық ұжымының 30 пайызын өз шәкірттері құрайды. Оқу жылының басында педагогикалық кенестің шешімімен оқу жылына, оқу тәрбие жұмыстарының жоспарлары бекітіледі. Академиялық концерт, техникалық сынақ, тыңдаулар мен ашық сабақтар, тәрізді оқыту процестерімен қатар әр түрлі кештер, мейрамдар, семинарлар, сайыстар, лекция - концерттер, байқаулар енгізілген.

Туа біткен талантты, дарынды балалар болса ерекше көңіл аударылып қосымша жұмыстар жүргізіледі. Таңдаған аспабын жетік меңгеру үшін әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдер қолданып, оңай шығармадан күрделі шығармаларға дейін, қазақ, орыс, шетел шығармаларын кәсіби тұрғыда талдап, нақышына келтіріп ойнауға дағдыландыру іске асырылады. Осындай дарынды оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық конкурстарға, концерттерге қатыстырып, сахна мәдениетіне тәрбиелеп, артистік қабілеттерін жетілдіру – ұстаздар алдындағы үлкен міндет. 8.

«Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» - деп М.Әуезов айтқандай, музыка олардың өмірлерінде де әсер қалтыратыны сөзсіз. Дегенменде қабілеті жақсы дарынды балалар ары қарай музыкалық білімді жалғастырып кәсіпқой музыкант болғандары да аз емес. Қазір олар Қазақстанның, Ресейдің, тіпті алыс шет елдердің түкпір-түкпірінде өнер, білім және мәдениет салаларында қызмет істеуде.

Мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі фестиваль-сайыстар мен конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Мектеп ұжымы аудан ішінде өтетін барлық мәдени шараларға қатысып, белсенділік танытып отырады. Аудандағы «Көңіл толқыны» қазақ халық аспаптар оркестрінің, «Барқытбел» фольклорлық ансамблінің белді мүшелері.

2013 жылы мектебіміз Халықаралық /Россия, Қазақстан, Украина, Беларусь/ бизнес-рейтингтің қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы» медалімен марапатталды.

2015 жылы қазан айында мектебімізде «Оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіру факторы ретіндегі негізгі және қосымша білім берудің интеграциясы» атты өңірлік семинар өтті. Оған Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы «Шығыс» Өңірлік Орталығының Тәрбие ісі жөніндегі кабинеттің меңгерушісі Каусов Амангелді Әділбекұлы және осы кабинеттің әдіскері Нурмухамедова Эльста Алибекқызының қатысуымен Тарбағатай, Аягөз, Зайсан, Ақсуат, Жарма, Көкпекті т.б аудандардың музыка мектептері, өнер мектебі мен жас техниктер станциясының жетекшілері, шығармашылық үйлерінің ұстаздары қатысты. Онда мектептің тыныс – тіршілігі, жетістіктері, тәжірибелі ұстаздардың жұмыстарымен танысып, пікір алмасты.

Өнердің қай саласы болмасын, ұлттық тамырынан нәр алып, соны негіз етіп, дамитынын бүгінде мойындамауға болмайды. Ұлттан алыстаған өнердің құны болмайтыны қашанда шындық. Өйткені, өнер – ұлттың болмысы, арманы, туған тарихы. Келешек ұрпағымыздың білімді де білікті болуына негіз қалау – басты борышымыз.

Аталар сөзімен өсіп-өнген, бабалар бұлағынан нәр алған, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар ұлағатына тағзым еткен, ұрпағымызды тәрбиелеу - ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгі келер тарихқа аманаты.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Тәрбие деген тәңірдің бары рас.«Не ексең, соны орасың» деген халық даналығы. Жақсылыққа ұмтылғыш, тазалықты сүйетін 9.

бала бойында тұнып жатқан қабілетті аша отырып, келешегі кемел, болашағы бағдарлы елдің ұл-қыздарын тәрбиелеу міндетіміз, асыл борышымыз.

Оқушыларға білім беру ісін адамгершілік – эстетикалық тәрбиемен ұштастыра білу өте күрделі де жауапты мәселе. Ол ұстаздан педагогикалық шеберлікті ғана емес, біліктілікті, білімділікті талап етеді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз!

«Е.Рахмадиев атындағы балалар

музыка мектебі» КМҚК – ні

оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі

Рахимжанова Бахтыбала Кабиевна
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы