Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

БаймуратоваЖулдыз Абеновна

Алматы облысы, Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы, №20 мектебінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін2015 жылы 24 қарашада «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және оны дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайлар жасау.

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту;

2) мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру мен қолдап отыруды қамтамасыз ету;

3) «электрондық үкіметті» және «электрондық әкімдікті» дамыту;

4) цифрлық сауаттылықты арттыру;

5) білім беру процесінің қатысушыларын электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге арналған жағдайлармен қамтамасыз ету;

6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық саласын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;

8) ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми, техникалық, индустриялық-инновациялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;

9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қалыптастыру, дамыту және қорғау, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

10) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі;

11) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде олардың алдын алу және оларға жедел ден қою;

12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына жүйелі негізде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
13) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетілдіру;

14) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
15) халықаралық ақпарат алмасу және ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Осы заңға сәйкес ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі болып табылады.

Ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы.

Ақпараттық технология саласында жасалатын қылмыстаркиберқылмыс
деп те аталады. Компьютерлік қылмыстың ең басты кәсіби ерекшелігі мен бар қиындығы – оның халықаралық байланыс желісі арқылы қашықтық талғамай, мемлекет аралық шекараларды «аттап» кететіндігінде болып тұр.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде(одан әрі ҚР ҚК) көрсетілген ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар болып мыналар табылады:

ØАқпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу;

ØАқпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру;

ØАқпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу;

ØАқпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу;

ØЗиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату т.б.

«Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату» қылмысы үшін ҚР ҚК 210-бабына сәйкес төмендегідей қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және (немесе) тарату –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер,1) қылмыстық топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Sania в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
спросил от Sania в категории Ұстаз
0 голосов
3 ответов