Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Сабақтын тақырыбы: «Дыбысаралықтар немесе интервалдар.Қарапайым

интервалдар».

Сабақтын түрі: жаңа тақырыппен таныстыру.

Сабақтын мақсаты:

1. Білімдік: Дыбысаралықтармен таныстыру.

2. Дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

3. Тәрбиелік: Өнерді құрметтеуге, өзін-өзі ұстауға, адамгерщілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интервалдар кестесі, кроссворд, күй сандық аспабы.

Пәндермен байланыс: математика , сольфеджио, музыкалық теориялық цикл.

Ұйымдастыру кезені: білім алушыларды түгелдеу, көрнектерді дайындау.

Сабақтын барысы

Үй жұмысын тексеру.Жарты тон, бүтін тон. Альтерация белгілері – тақырыптарын қайталау.

Музыкада екі дыбыстың аралығын, яғни биіктігі бойынша орналасқан арақашықтығын интервалнемесе дыбысаралық деп атаймыз.Интерваллатынша аралық деген мағнаны білдіреді.Бір октаваның ішінде құрылған интервалдарды қарапайым немесе жайинтервалдар дейміз.Қарапайым интервалдардың саны сегіз. Интервалдардың аттары латынша сан ретін көрсетеді:

1.Прима – бірінші,

2.Секунда –екінші,

3.Терция – үшінші,

4.Кварта – төртінші,

5.Квинта – бесінші,

6.Секста – алтыншы,

7.Септима – жетінші,

8.Октава – сегізінші.

Дыбысаралықтар әуендік және гармониялық болып екіге бөлінеді.

Әуендік интервалдеп интервал құратын дыбыстардың бірінен кейін бірі орналасуын айтамыз:

Гармониялық интервалдеп тігінен жазылған екі дыбыстың бір уақытта үндесуін айтамыз:

Қарапайым интервалдарды жоғары немесе төмен құруға болады.

Интервалдардың екі өлшемі бар – сандық және сапалық.

Сандық өлшемідегеніміз берілген дыбысқа келесі дыбыс нешінші болуын көрсетеді.

Мысалы: «до» дыбысынан жоғары терция (3) интервалын құру керек болса, до дыбысынан жоғары қарай 3 дыбыс тізуіміз керек.(ми дыбысы болады).

Төменге қарай санасақ 3 дыбыс «ля» дыбысы болады.

Интервалдың неше бүтін, неше жарты тоннан құрылғанын көрсететін өлшем - сапалық өлшем

деп аталады. Сапалық өлшем тондар саны арқылы көрсетеді – қайсы кіші, үлкен немесе таза интервалдар екенің.

Төрт таза интервал бар.Олар:прима, кварта, квинта және октава. Таза интервалдардың белгісі: Т1,Т4,Т5,Т8.

Төрт кіші, үлкен интервал бар.Олар: секунда, терция, секста және септима. Кіші интервалдардың белгісі: К2,К3,К6,К7.Ал үлкен интервалдардың белгісі: Ү2,Ү3;Ү6 және Ү7.

Қарапайым интервалдардың сапалық өлшемі бойынша құрылған кесте:

Дыбысаралықтардың (интервалдардың) аттары

Қысқаша белгілері

Тондар саны

Басқыш саны

Таза прима

Т1

0 т.

1

Кіші секунда

К2

0,5 т.

2

Үлкен секунда

Ү2

1 т.

2

Кіші терция

К3

1 т 0,5т

3

Үлкен терция

Ү3

2 т.

3

Таза кварта

Т4

2 т.0,5 т.

4

Таза квинта

Т5

3 т.0,5 т.

5

Кіші секста

К6

4 т.

6

Үлкен секста

Ү6

4 т 0,5 т.

6

Кіші септима

К7

5 т.

7

Үлкен септима

Ү7

5 т 0,5т.

7

Таза октава

Т8

6 т.

8


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Енді мысалы ретінде қарапайым интервалдарды «ми» дыбысынаң сапалық өлшемімен құрып көрейік: ми – берілген дыбыс, өз - өзіне бірінші дыбыс болып келеді,ми – ми – таза прима (0 тон); Прима дегеніміз бір дыбыстың екі рет қайталану аралығы.Белгісі – Т1.

Секунда дегеніміз, қатар тұрған екі дыбыстың аралығы. Егер секунданың құрамында бір тон болса, онда ол үлкен секунда, ал секунданың аралығында жарты тон болса, онда кіші секундаға жатады.Белгілері: улкен секунда – Ү2, ал кіші секунда – К2

«Ми» дыбысынаң секунданы құрамыз (секунда екінші деген мағнаны білдіреді сандық өлшемімен) ми дыбысына екінші дыбыс жоғары фа дыбысы,сапалық өлшемі бойынша ми – фа дыбыстарының арлығында жарты тон – кіші секунда (К2) Үлкен секундада (Ү2) бір тон болу керек, ми мен фа аралығында жарты тон болған сон ми дыбысы берілген дыбыс, ал екінші фа дыбысын жарты тонға жоғарлатуымыз керек ,альтерация белгілерінде жарты тонға жоғарлататын белгі ол диез фа дыбысынын алдына диез белгісін қоямыз.

Терция дегеніміз, қатар тұрган үш дыбыстың аралығы.Терциялар екі түрге бөлінеді:үлкен терция (Ү3) – 2 тон және кіші терция (К3) – 1 тон 0,5 тон.

Кварта дегеніміз, қатар тұрған төрт дыбыстың аралығы. Егер квартада 2 тон 0,5 тон болса, онда таза кварта дейміз.Белгісі Т4.

Ми дыбысынан таза кварта құрсақ,ми дыбысынан төртінші дыбысты табамыз – ля дыбысы аралығы екі тон жарты тон болуы керек.

Квинта дегеніміз, қатар тұрған бес дыбыстың аралығы. Егер квинтада 3 тон 0,5 тон болса, онда таза квинта дейміз. Белгісі Т5

Секста дегеніміз, қатар тұрган алты дыбыстың аралығы.Сексталар екі түрге бөлінеді:үлкен секста (Ү6) – 4 тон 0,5 тон және кіші секста (К6) – 4 тон.

Септима дегеніміз, қатар тұрган жеті дыбыстың аралығы.Септималар екі түрге бөлінеді:үлкен септима (Ү7) – 5 тон 0,5 тон және кіші септима (К7) – 5 тон.

Октава дегеніміз, қатар тұрған сегіз дыбыстың аралығы. Егер квинтада 6 тон болса, онда таза октава дейміз. Белгісі Т8

Енді берілген дыбыс «ре» дыбысы осы интервалдарды сандық және сапалық өлшемдерімен құру керек, алдарындағы кестемен клавиатураларды қолданып.

Өткен тақырыпты қорыту және жүйелеу.

Тақырыпты бекіту үшін кроссвордты шешіп корейік:

1.Бір дегеніміз латын тілінде және интервалдың аты – прима.

2.Екі дегеніміз латын тілінде және интервалдың аты – секунда.

3.Жеті дегеніміз латын тілінде және интервалдың аты – септима.

4.Алты дегеніміз латын тілінде және интервалдың аты – секста.

5.Үш дегеніміз латын тілінде және интервалдың аты – терция.

6.Бес дегеніміз латын тілінде және интервалдың аты – квинта.

7.Төрт дегеніміз латын тілінде және интервалдың аты – кварта.

Үйге берілген тапсырма:Си бемоль,соль дыбысынан интервалдарды құру,сандық және сапалық өлшемдерімен.
ответил от Surak_zhauap
Дыбыс аралықтар немесе интервалдар. Қарапайым интервалдар
0 голосов
Дыбыс аралықтар немесе интервалдар. Қарапайым интервалдар
ответил от Дыбыс аралықтар немесе интервалдар. Қара

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ