Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтын тақырыбы: : «Күй атасы - Құрманғазы».

Сабақтын түрі: аралас сабақ.

Сабақтын мақсаты:

1. Білімдік: Құрманғазының күйлерінің тарихымен танысу.

2. Дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

3. Тәрбиелік: Өнерді құрметтеуге, өзін-өзі ұстауға, адамгерщілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивтік тақта, домбыра, сурет.

Пәндермен байланыс: информатика, әдибиет, тарих.

Ұйымдастыру кезені: оқушыларды түгелдеу, көрнектерді дайындау.

Жаңа тақырыпты меңгеру: әнгіме әдісі арқылы.

Күй атасы - Құрманғазы нағыз сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Ұлы күйші композитор - Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында кедей - шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Сонымен бірге ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де көзге түскен. Табиғатынан азат ойлы, намысқой адам болғандықтан оттай жанған мінезімен талай рет сол заманның күштеріне еріксіз қарсы келіп, қуғында, түрмеде, айдауда өмір кешкен. Алғашқы музыкалық қаблетің ашқан анасы Алқа. Әрі қарай дамытқан Ұзақ деген адам. 30-жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы шығармашылық дәуіріне жататың күйінің бірі – «Кішкентай» деген. Ол күйді Құрманғазы кішкіне інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы депті. Құрманғазы өзінің күй шығарудағы қадамын осылай бастады.

Әллі күнге «Кішкентай» күй дабыл қаққан,

«Төремұрат» тектілік шамын жаққан.

Тек сендердің, бабалар, арқаларың -

«Қазақпың» деп табады жаным мақтан

Күй «Төремұрат».Бұл күйдін қандай тарихы бар?

Құрманғазы өмір бойы тенсіздікпен бай манаптардын жасаған зорлық – зомбылығымен күресіп өткен. Әсіресе, Ақ байдың Әубакірі деген бай Құрманғазыны ұры – қары деп үстіне арыз жазып, патша әскерлерің шақыртады.Құрманғазы отбасымен отырғанда бір топ ақ патшаның солдаттары жетіп келеді. Құрманғазыны жан-жағынан қалмалап ұстап сыртта тұрған арбаға айдап алып бара жатады. Енді жүргелі жатқан кезінде арбаның қасына Құрманғазының шешесі келеді. Анасы Құрманғазыны құшақтап, қоштасып мандайынан сүйеді. Құрманғазы қолына домбырасын алып «Аман бол шешем, аман бол» деп күй тартады. Күйді тындағанда, домбыра «Аман бол шешем, аман бол» деп сөйлеп тұрғандай болады.

Күй біткенен кейін шешесі Құрманғазыға қараса, оның көзінен бір тамшы жас шығып кетеді.

Құрманғазы көзіне жас алғанда, шешесі не деп айтады, қандай күй шығарылады? («Қайран шешем»).

Егер күйді ықыласпен тындап отырсаныздар, «Аман бол шешем, аман бол» сияқты мұнда да домбыра «Қайран шешем» деп сөйлеп тұрады.

Ақ патша солдаттары Құрманғазыны ағаш арбаға отырғызып, Орынбор түрмесіне айдап әкетіп бара жатады.

Жолда келе жатып Құрманғазы қандай күй шығарады?

Бұл күйді тындағанда, нені елестетуге болады? (бір қалыпты жүріп келе жатқан арбаның дыбысын анық елестетуге болады).

Орынбор қаласына келгенде, Құрманғазы не нәрсеге күй арнап шығарады? ( күй «Машина», ).

Күйді тындағанда, көз алдына нені елестетуге болады? (білім алушылардың жауабы).

Құрманғазыны түрмеге жапқаннан кейін кім іздеп келеді? Осы уақытта қандай күй шығарылады? (білім алушылардың жауабы).

Құрманғазының түрме тақырыбына жазған күйлері:«Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қызыл қайын», «Терезеден-есіктен», «Бұқтым-бұқтым» және тағы басқа күйлері.

Сонымен, Құрманғазы сол түні түрмеден қашып шығады. Құрманғазы түрмеден қашып щыққаннан кейін, қандай қиындық көреді? Елің, халқын ойлап отырып, қандай күй шығарады? ( «Кісен ашқан» күй).

Сазға салып - шапқанды, шабылғанды.

Сазға салып тарыққан, шағынғанды

Құса болған жандардың анда - санда

«Кісен ашып» тек қана бағы жанды..

Күйді зер салып тындасандар, аяғына кісен батып, қиналып әрен келе жатқан адамның қимылы суреттеледі.

Ауылына жетіп, қандай хабар естиді, осы оқиғаға қандай күй арнайды? ( «Бұқтым, бұқтым», тындау).

Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі - «Адай» күйі. Күйші - рудың өр көкіректігін негіз етіп алып, патшаның да, хандардың да қаһарына қарсы тұрған халықтың сарқылмас күшін суреттеген.

«Адай» күйі. Бұл күйдін қандай тарихы бар?

«Балбырауын» халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған.

Күй «Балбраун» орындайтын трио.

Өткен тақырыпты қорыту және жүйелеу.

Викторина.

Өткен күйлердің үзілістерің тындау, олардың аттарын анықтау. Күйге қай сурет келетінің анықтау.

Енді Дініслам Құрманғазының күйің орындап береді. (тындау). Бұл қай күй? Құрманғазы, «Жима».

Үйге берілген тапсырма: Құрманғазы күйлерінің тарихымен танысуды жалғастыру.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ