Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Тақырыбы: Шаңырақ шуағы.
/семинар – тренинг/

«Өмір– тылсым да, тілсіз мәңгілік мұхитында жалт еткен бір жарық сәуле, ол бізге тән жалғыз ғана сәт»

И.С.Тургенев.
Мақсаты: ата-аналар мен ұстаздарға «суицидтің» зардабын түсіндіре отырып, өркениетті еліміздің тағдыры осы жастардың қолдарында екендігін ұғындыру.
Барысы:

Психолог сөзі: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздерге әлем бойынша ең өзекті проблемалардың біріне айналып отырған «суицид» мәселесіне байланысты шағын баяндамамды ұсынамын.

Мұндай мәселені көтермеске, мұны айтпасқа бола ма ...

Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәлім-тәрбие беріп, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз қажет.

Бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуі қажет.

Жасөспірімдік кезең-алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі, мектепте де, отбасында да балалардың агрессиясы үнемі байқалады: дау-дамайдың көптігі, олардың көңіл-күйінің тұрақсыздығы, қоғамға ашықтан-ашық наразылық білдіруі, ата-ананың қамқорлығын қабылдамауы немесе ұялшақтық және жасөспірімдік максимализм. Сондықтан да ата-аналар өздерінің балалары жеткіншек жасқа жеткен уақытта күрделі, тіпті кейбір жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетінін түсінулері қажет.

Жасөспірімдердің суицидке бейімділігінің себебін анықтау, тіпті солай деп жорудың өзі қиынға түседі. Бұл көбіне балалардың мінез-құлқының тұрақсыздығына да, сондай-ақ анықтау және балаға жәй ғана назар аударудың өзінің жоқтығына байланысты болады.Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды, бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтан оларға ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі қажет.

Суицидтік әрекет көбінесе, жасөспірімнің сабақ үлгермеушілігі, оған ынтасының төмендеуі, ересектермен қарым-қатынасының шектелуі, сезім тұрақсыздығынан байқалады.

Тәрбиедегі ақаулық, дене жазасының басымдылығы, балада эмоциялық тұрақсыздықтың дамуына, эмоциялық қимыл-қозғалыс деңгейінің жоғарылауына әкелетіні жиі кездеседі. ата-аналардың тым қаталдығы, олардың өз беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау-жасөспірімге кері әсерін тигізеді.

Видеоролик «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу».

8-11сыныптар арасында «СМИЛ» диагностикалық сауалнама алынды. Мақсаты: Оқушылардың экспресс диагностикалық жағдайы анықталды. 8-11 сыныптардан «Мазасыздық шкаласы» әдістемелік сауалнамалар алынды. Мақсаты: оқушы бойындағы мазасыздықтың басы түрін анықтау. Нәтижесінде: Оқушылардың бойында оқуға деген мазасыздығы басымдау болды. Қазан айында 9-шы сыныптармен «Өмір сен неткен ғажап едің» атты психопрофилактикалық сағат өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, жасөспірімдер арасында суицалды мінез-құлықтың алдын алу. Өмірге деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру.

Осы аталған сауалнамалардың, тренингтердің арқасында балалар өздерінің ойларын ашық айтып ой бөлістік.

Жалпы оқушыларға «барлық қиындықтан шығатын жол бар, өмірің өз қолыңда, оны бағалай біл, ата-ананы қадірлей білейік, өміріңді құрметте, бойыңдағы бар қабілетті тек жақсылыққа бағыттай біл, бойыңды ластама, жан-дүниеңді таза ұста, өзіңнің бос уақытыңды жақсы, пайдалы істерге арна, ата-ана мен ұстаздарыңның сенімін ақта,ән айтып, би биле, жақындарыңа көмектес, «Бүгін мен не істедім?» деп өзіңе есеп бер». Ол сенің сенімді серігің бола алады, адам өзіне-өзі сенімді болуы керек деген кеңестер айтылды.

Мазасызданған баламен қалай әңгімелесу керектігі жайлы төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.

Бәсекеден және жылдамдықты есептейтін қандай да бір жұмыс түрлерін таңдамау қажет;

Баланы айналадағы адамдармен салыстырмаңыз;

Баланың есімін айту арқылы назарын аударту;

Сенімді жүріс-тұрыс үлгілерін көрсет, барлық жағдайда балаға үлгі бол;

Баланы тәрбиелеуде бірізді болу;

Балаға шама келгенше аз ескерту жасау;

Қажет жағдайда ғана жазалауды пайдалану;

Жазалану кезінде баланың абыройын түсірмеу;

Баланың өзін-өзі бағалауын жоғарылату,не үшін екенін білетіндей жиі мадақтаңыз;
1. - Ата-аналар, біз неге шеңберге тұрып, тренингті бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
«О» - әрпіне ұқсайды.
«О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» - деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығы белгілі.
Отбасы – адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасымен, қатынасымен байланысты емес, ол – ерекше фономен. С.И.Голод (1998) пікірінше, отбасы фономенінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.

«Сиқырлы қарындаш» Сіздің қолыңызға Ғажайып әлемнің карандашын ұсынамын. Осы карандашты қолыңызға ұстағанда өмір туралы құнды бір сөз айтасыз.
Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлең жолдарын айтқым келіп отыр.
Өміріме өзімнің таңданамын
Қалмаймын деп қатардан қамданамын
Бүгінгіні өткізсем қиындықпен
Ертеңіме үмітпен аттанамын

2. Ойын. «Тату – тәтті» отбасы.
Музыка ырғағымен билеу, билеп тұрып «Тату-тәтті отбасында» (2,3,4,5) адам деген кезде бірігіп құшақтап немесе қол ұстасып тұра қалады.(2-3 рет).

3. «Сіз қандай ата-анасыз?» тесті.
Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

1. Саған қанша рет қайталап айтамын? (2-ұпай)
2. Маған ақылыңды айта қойшы. (1-ұпай)
3. Мен сенсіз не істер едім? (1-ұпай)
4. Сонша кімге тартқансың? (2-ұпай)
5. Сенің достарың қандай тамаша! (1-ұпай)
6. Туу, ұқсағансың.... (2-ұпай)
7. Мен сендей кезімде... (2-ұпай)
8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой. (1-ұпай)
9. Сенің достарың өзі қандай адамдар? (2-ұпай)
10. Сен тегі не ойлап жүрсің? (2-ұпай)
11. Сен менің ақылшымсың. (1-ұпай)
12. Ұлым, қызым! Сен қалай ойлайсың? (1-ұпай)
13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен... (2-ұпай)
14. Сен қандай ойлап тапқышсың?! (1-ұпай)
Енді жалпы ұпайды санап, қорытындылаңыз.Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді, сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға беріліп отыр.
Кілті:
7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды.
9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен, сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.
11-14 ұпай: Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның ашулануына, балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

«Өмір туралы» флэштренинг көрсетіледі.
Ата-аналарға кеңестер ұсынылады.
Ата – аналарға арналған кеңес:
• Ата-аналар үшін стресс болмайтын жайттардың балалар үшін стресс алу себептерінің бірі болуы әбден мүмкін. Әрбір ата-ана әрбір қадамын ойланып жасауы қажет;
•Баланың көзімен әрбір жайттарды көруге тырысыңыз;
• Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз;
• Жатар алдыңда баланы қандай жағдайлар мазалап жүргені туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіруі үшін оны үндемей тыңдауға тырысыңыз;
• Балаға көп уақыт бөліңіз, сырласыңыз. Баланың ойымен санасыңыз. Бала әр кезде бала болып қалуы керек;
• Балаға үнемі қол ұшын созыңыз. Бала сіздің қорғаушы, көмекші, келеңсіз жағдайларда кеңесшісі екеніңізді білуі керек;
• Баланың әңгімесіне іс – әрекетіңе назар аудара жүріңіз (өлім туралы әңгімелер, өзінің өлімі туралы түс, адам өлтіру құралдарына аса қызығушылықпен қарау, өмір мағынасын жоғалту жайында ой толғаулары, өмірмен, жақындарымен қоштасу мазмұнындағы хаттар т. б.)
• Баланың физикалық әлсіреуі, өмірде тәжірибесіздігінен қиындықтарды жеңуге икемсіздігі т. с. с.
• Баланың көңіл – күйінің өзгеруі, абыржушылық, асығыстық, т. с. с.
• Ұйқысының тынышсыздануы (кейде баланың қорқынышты түс көрулері т. б.)
• Баланың үнсіз жүруі, оқшаулануы;
• Өзіне – өзі сенімсіздік сезімінің болуы;
• Достарының жоқ болуы;
Баламен сөйлесу барысында келесі заттарға сендіру қажет:
А) қазіргі таңда басынан өтіп жатқан жағдайдың өткінші екендігін айту;
Б) оның өмірі туғандарына, тумаларына және достарына керектігін, егерде бұл өмірде болмай қалған жағдайда қоршаған адамдарға соққы екендігін жеткізу;
В) өз өмірін қалай құру керектігін құқылы екенін айту, бірақ өмірден кетуді кейінге қалдырып, барлығын толық ойлану қажеттігін айту.
4. «Тілек шамы». (Қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Сіздің өміріңіздің мәні-бала, сәні-бала! Салтанаты, махаббаты, мәртебесі-бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл әулетке-өмірлік қазық» деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген, өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.

Бала жүрегі әрқашан қолдап-қуаттауды, жылылықты, мейірім-шапағатты қажет етеді. Сара Алпысқызы айтқандай: Мейірім мен жан жылуы баланы шаттыққа бөлейді әрі емдейді ...“Я счастье детское измерить не берусь– ребят любовь и радует, и лечит …”

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

Бекітемін:

Директор: Жубанова К.Ж.

Талдысай орта мектебі

Семинар-тренинг

Тақырыбы: «Шаңырақ шуағы»

Өткізген: Саркулова А.С.

2015-2016 оқу жылы

Тәрбие стильдері

Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін кабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен ерекшеленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлак түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, Оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет куанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі. Олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып мәселелерімен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының әсіресе сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.


Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпағаны жөн.
Демократтық ата-аналар баланың мінез-құлығындағы дербестілік пен тәртіптілік қасиеттерін бағалайды. Олар балаға оның құқықтарын шектемей, сонымен бірге міндеттемелерін орындауын талап етумен қатар, өмірдің кез-келген салаларында дербестілік танытуына құқық береді. Жылы сезімдер мен саналы қамқорлыққа негізделген бақылау, жасөспірімдерді онша өршелендірмей, оны жиі неге белгілі бір нәрсені дұрыс не бұрыс істеу керек деген түсініктемелерге еліктіреді. Есейгендіктің мұндай жолмен қалыптасуы әдетте күйзеліссіз және тартыссыз өтеді.

Өктемшіл ата-аналар жасөспірімнен сөзсіз бағынуды талап етіп, және өздерінің тыйым салу мен нұсқауларының себептерін түсіндіруді қажет деп санамайды. Олар баланың өмірін толық қадағалап, сонымен қатар әдепсіздік жасауы мүмкін. Мұндай отбасында тәрбиеленетін балалар әдетте тұйықталып, ал ата-аналармен қатынастары жуықтаудан гөрі алыстайды. Егер жоғары дәрежедегі талап пен бақылау балаға деген эмоционалды суық қатынаспен қатар келсе, онда жағдай тым асқынады. Мұндай жағдайларда қатынастың толық жоғалуы сөзсіз. Қатал және енжар ата-аналары бар балалардың тағдыры тым ауыр болады. Олар адамдарға сирек сеніп, қатынас жасауда қиындық көріп, жиі қаталдық танытады. Жасөспірімдер бүлікшілігіне қарамастан, олар ата-аналарын тірек ретінде қажетсініп, бағдар жасауға болатын ересек, жауапты адам қылығының үлгісін көруі тиіс.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов