Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Психологиялық семинар-тренинг ата-аналарға арналған

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Мақсаты: балаларға қатысты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаға қатысты туындаған мәселені шешудің тиімді жолдарын табу, ата-аналар мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас құру жолдарын, бала тәрбиелеудегі ата-ана күшінің рөлін көрсету, яғни ата-анаға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету.

Тренинг жоспары:

1. Психологтың кіріспе сөзі.

2. Ата-аналардан «Мадақтау және жазалау» сауалнамасын алу.

3. «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа және қатігездікке қарсымыз!» моделін жасау.

4. «Бақытты балалар» және «Бақытты ересектер» статуясын жасау.

5. Көрініс «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» (7-сынып оқушылары).

6. Баяндама «Жасөспірімдер суициді және оның алдын алу».

Тренинг барысы:

Психологтың кіріспе сөзі: Армысыздар, құрметті ата-аналар! Сіздермен бүгін бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз балаларға қатысты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаға қатысты туындаған мәселені шешудің тиімді жолдарын, ата-аналар мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас құру жолдарын табу. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.

Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі мол. Өйткені, баланың мінез-құлқын, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып, заман талабына сай азамат етіп өсіру – оңай міндет емес. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалар – қоғамның ең қорғалмаған санаты, олар ерекше қорғауды мұқтаж етеді, оларға байланысты қатігездіктің барлық түрлерін жоюды талап етеді. Бала – біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы, еркін тұлға етіп жетілдіру біздің міндетіміз. Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық-зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. ҚР Конституциясының 27-бабының 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» делінген. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен, есейіп ер жеткенге дейін серік етер құрал – тәрбие. Тәрбие жұмысына үйде ата-ана, мектепте ұстаз жауапты. Баланы жақсы қасиетке тәрбиелейтін құрал – еңбек. Сондықтан ата-аналар баланы жастайынан еңбекке баулу керек. Сәл ғана қолынан келетін нәрсесі болса, көңіл бөліп дарынын, талабын тыңдауға әке-шеше ықпал ету керек. Ата-бабамыздың тарихын, салт-дәстүрін үнемі құлаққа құйып отыру керек. Ұлағатты сөздер айтып, баланы алға талпынтып отырсақ, тәрбиеге тиімді әсер етеді. Бала тәрбиесі тікелей әке мен шешеге, яғни жанұяға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасында қандай ахуал болса, бала соған лайық тәрбиеленеді. Баланы күшпен ұстап, шапалақпен ұрып, дөрекі сөздер сөйлеп, ұрысу – ол дәрменсіздің ісі. Балаға мұндай қылық көрсету қазіргі заманның ағымына сәйкес келмейді. Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқамен салыстырмаңыз. Балаңыз байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған ылғи көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын ситуация кезінде сөзсіз көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мадақтаңыз. Баланы жиі мақтаса, ол өмірде әділ, мейірбан болуға үйренеді. Қауіпсіз жағдайда өссе, адамдарға сенетін болады, оны үнемі қолдап отырсақ, ол өзін бағалауға үйренеді, түсінісушілік пен достық жағдайда өмір сүруге үйренеді. Балаға деген бақылау мен қамқорлық өз мәнінде болуы керек, балаға, оның күшіне сену керек, оны қатігездікпен жазалау баланың тұлғалық даралығын жояды.Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

2. 5-11 сынып оқушыларынан алдын ала алынған сауалнама мен жиналыс барысында ата-аналардан алынған сауалнама нәтижелері өңделіп салыстырмалы түрде хабарланады.

Құрметті ата-ана төмендегі сауалдарға жауап берулеріңізді сұраймын.

Мектеп психологы: Саркулова Айман Саматовна.

1. Балаңызды тәрбиелеуде қай әдісті жиі қолданасыз?

а) талап ету; б) сендіру; в) жазалау; г) мадақтау.

2. Балаңыз сізге сенеді ме, өз сырларымен бөліседі ме?

а) иә; б) жоқ; в) кейде.

3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін жиі қолданасыз?

а) мақтау; б) қолдау, мақұлдау; в) сыйлық.

4. Күш көрсету арқылы балаңызды жазалайсыз ба?

а) иә; б) жоқ; в) кейде.

5. Баланы тәрбиелеуде қай әдіс тиімдірек деп ойлайсыз?

а) жазалау; б) мадақтау; в) сендіру; г) талап ету.

Жауабыңызға рахмет!

3. Ата-аналар топқа бөлініп «Отбасылық бақыттың үйі» атты модель жасайды.

4. Шығармашылық тапсырма 1-топ «Бақытты балалар» статуясы және 2-топ «Бақытты ересектер» статуясын мүсіндеу ұсынылады.

5. Көрініс «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» (7-сынып оқушылары сахналайды).


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Психологтың қорытынды сөзі:Өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарайық, құрметті ата-аналар! Бала болашағын ойлайтын әрбір жанға ұсынылатын кеңес:

- Бала тәрбиесіне қоғамдық, әлеуметтік сипат беру;

- Әр отбасын имандылық, адамгершілік тәрбиесінің ошағына айналдыру;

- Бала тәрбиесіне қатысты іс-шараларға қатысу, үнемі ақпарат алып отыру.

Бекітемін:

Мектеп директоры: /Жубанова К.Ж./

Талдысай мектеп-балабақша кешені

Психологиялық семинар-тренинг

"Балаға мейірімді ортаны қалай қалыптастырамыз?"

(ата-аналарға арналған)

Дайындаған: Саркулова А.С.

2012-2013 оқу жылы

Құрметті ата-ана төмендегі сауалдарға жауап берулеріңізді сұраймын.

Мектеп психологы: Саркулова Айман Саматовна.

1. Балаңызды тәрбиелеуде қай әдісті жиі қолданасыз?

а) талап ету; б) сендіру; в) жазалау; г) мадақтау.

2. Балаңыз сізге сенеді ме, өз сырларымен бөліседі ме?

а) иә; б) жоқ; в) кейде.

3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін жиі қолданасыз?

а) мақтау; б) қолдау, мақұлдау; в) сыйлық.

4. Күш көрсету арқылы балаңызды жазалайсыз ба?

а) иә; б) жоқ; в) кейде.

5. Баланы тәрбиелеуде қай әдіс тиімдірек деп ойлайсыз?

а) жазалау; б) мадақтау; в) сендіру; г) талап ету.

Жауабыңызға рахмет!

Құрметті ата-ана төмендегі сауалдарға жауап берулеріңізді сұраймын.

Мектеп психологы: Саркулова Айман Саматовна.

1. Балаңызды тәрбиелеуде қай әдісті жиі қолданасыз?

а) талап ету; б) сендіру; в) жазалау; г) мадақтау.

2. Балаңыз сізге сенеді ме, өз сырларымен бөліседі ме?

а) иә; б) жоқ; в) кейде.

3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін жиі қолданасыз?

а) мақтау; б) қолдау, мақұлдау; в) сыйлық.

4. Күш көрсету арқылы балаңызды жазалайсыз ба?

а) иә; б) жоқ; в) кейде.

5. Баланы тәрбиелеуде қай әдіс тиімдірек деп ойлайсыз?

а) жазалау; б) мадақтау; в) сендіру; г) талап ету.

Жауабыңызға рахмет!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов