Жыныстық тәрбие
«Адамды бақытты етуге болмайды,
алайда бақытты болу үшін
адамды тәрбиелеу керек». А. С. Макаренко
«Рухани
таза болсаң, денең де таза болады» – деген қағиданы ұстану қажет.
Ауруды
жасыруға болмайды. «Ауруын жасырған – өледі», – дейді халық даналығы.
Жыныстық
тәрбие -балалардың жыныстықсана-сезімі мен тәртібін қалыптастыруға жүйелі, саналы
жоспарланып жүзеге асырылатын ықпал, оларды отбасылықөмірге дайындау.
Жыныстық
тәрбие - өнегелі, физикалық, эстетикалық көз-қарастары тұрғысынан жастарды
жыныстық дамуының дұрыс бағдары
Біздер,
ересектер, өз балаларымыздың дені сау, өмірі сәтті, бақытты болғанын қалаймыз.
Біз олар үшін, әсіресе, олардың жыныстық жетілуі, ересек тартуы кезінде,
дамудың келесі жоғары сатысы – балалық шақтан ересек өмірге қадам басқан
кездегі ең басты және беделді ақылшысы, кеңесшісі болуы тиістіміз.
Ойнап
жүріп от басқан жас қыздарымыздың көпшілігі кездейсоқ жүктілікке ұрынып, оның
соңы жасанды түсікке немес сәбилерін бөбектер үйіне өткізуге әкеп соғып жатады.
Бұл ең алдымен, қыз баланың денсаулығына зиян келтіріп, болашақ өміріне балта
шабатын белгілі. Жоспарланбаған жүктілік әйел затын психологиялық күйзеліске
ұшыратады. Егер біз қоғам болып ұлт болашағын ойласақ, қыз бала денсаулығы мен
тәрбиесіне аса мұқият болғанымыз жөн. Қыз балаға ерекше күтім, дұрыс тәрбие
қажет. Бүгінгі жасөспірім қыз – ертеңгі ана. Сондықтан мен дәрігер ретінде
мектептерге жыныстық тәрбие сағатын енгізу дұрыс деп есептеймін. Желкілдеп өсіп
келе жатқан жасөспірімдерге отбасында, білім ошақтарында жыныстық тәрбиені
дұрыс беріп отырсақ, біраз мәселелердің алдын алған болар едік.
Біз
балаларымызбен жыныстық тақырыпта сөйлесуге, олардың сұрақтарына жауап беруге
ыңғайсызданамыз. Өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз. Алайда
қазіргі ақпараттық заманда балаларымыз тез есеюде. Тіпті кейде олардың
сөздеріне, әрекеттеріне қарап, кейбір нәрселерді үлкендерден кем білмей ме деп
қаласың. Ақпараттар ағымының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті, қажетсіз
ақпараттарды екшеу мүмкін емес. Сондықтан осы жыныстық тақырыпты балаларымыз
өздігімен әр жерден бір іздемесін десек, мектептерде арнайы тәрбие сағатын
енгізудің еш зияны жоқ. Әр отбасындағыи менталитет әртүрлі, сондықтан
кейбір ата-ана бұл тақырыпты баласына түсіндіре алмай жатады. Негізінен
ата-ананың міндеті баласының әр нәрсеге қызығушылығын қадағалап, дұрыс бағыт
беріп отыру. Ал мектепте жыныстық тәрбие сағатын психолог, дәрігер маманның
қатысуымен өткізген дұрыс.
Жыныстық
қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде
жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі.
Аңғармай айтылған немесе ретсіз айтылған бір ауыз сөзбен жасөспірімнің ойында
тұрған арманы мен қуанышын оп- оңай бұзып жіберуге болады. Жыныс күтімі бала
тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде
жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет. Мұндай әңгімені баланың көңіл-күйі
жақсы кезде бастап, ата-анасына өнегелі түрде сөйлесу керек. Балаңызбен сырласу
үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. Оған айтайын деген
ақылыңызды бір әңгіме арасында, ыңғайын келтіріп айтуды күні бұрын жоспарлаған
дұрыс. Баламен әңгімелескенде өсиет айтудың да, беталды ескертудің де,
алдын-ала қорқытудың да қажеті жоқ. Мұндай кеңес жасы үлкен апасының сіңлісіне,
ағасының інісіне айтқан ақылы тәрізді болуы тиіс.
Балаңызбен
сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн.
13-14 жасқа келген жасөспірім махаббат мәні, ер мен әйел арасындағы
қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. Жыныстық ұстамдылықтың
көздейтін мақсаты – ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық туралы түсінікті
қалыптастыру. Отбасылы болудың түпкілікті екі мақсаты бар, ол бақытты өмір
сүріп, бала тәрбиелеу! Сонымен, сайып келгенде, жыныстық ұстамдылықтың мәні де
махаббат пен өзара құрметке бөленген бақытты отбасын құру боп шығады.
Сондықтан, балиғатқа толған қыз бен ұлды махаббат пен адал неке жоқ жерде
өмірдің сәні болмайтынын түсінетіндей етіп тәрбиелеу керек.
Өздері үлгі көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала
тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы,
сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі.
Бала
тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы,
сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі.
Жас баланың ерік-күші мен ұялшақтық сезімі, яғни, ары - оның адамгершілігінің
сенімді сақтаушысы. Ұялу балиғатқа толмаған жасөспірімнің жабайы түйсіктен
тартынып, өзінің мінез құлқына дұрыс бағдар беруіне көмектеседі. Сондықтан,
«ұят болады» деген ұғымды адамның жеке басының қадір-қасиеті ретінде баланың
бойында сәби кезінен бастап мықтап қалыптастыру қажет. Қазақ «қызға қырық үйден
тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» дегенді бекер айтпаған. Яғни, балаңызды
патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз. Оған істеген ісі
дұрыс болмаса, көрші-қолаң, тіпті күң де тыйым салуға хақылы. Қазіргі заман
ағымына сай, бәріміз де балалардың алғыр боп өскенін қалаймыз. Алайда, алғырлық
пен арсыздықтың жөні екі бөлек. Өзінің іс-әрекетіне толық жауап бере алмайтын
жас баланы тек тыйым ғана тоқтатады. «Ата-анасынан тыйым көрмеген бала
тағдырдан таяқ жейді» деген тәмсіл де бар.
Балаңызды
патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз. «Ата-анасынан
тыйым көрмеген бала тағдырдан таяқ жейді» деген тәмсіл де бар.