Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Әкелер қандай болады?

1 Әке-идеал, үлгі.

Мұндай еркек тек қана отбасымен тұрады, отбасында және отбасы үшін өмір қызмет етеді. Оны ата-аналар жиналысында көруге болады.Тәрбиешілер мен мұғалімдер бала тәрбиесіне қатысты мәселе бойынша үнемі анасымен емес,әкесімен бөлісе алады.

Мұндай әке әйелі мен балаларының көңіл-күйін үнемі сезеді. Ол наразылық пен өкпесін білдірмейді.Керісінше қобалжытып отырған проблемаларды анықтап білуге тырысады. Кез-келген проблемаларды және қуаныштарды әкесі үйінеәкеледі, себебі әйелі мен бөлісе алады.Одан кейін олар бірігіп оны отбасылық кеңеске шығару қажеттілігін шешеді.

Егер баласына суық тиіп жатса, әкесі оны көңілдендіруге тырысады.

Мысалы: Отбасында бір үлкен проблема пайда болды-әкесі жұмыссыз қалды. Қорықпаңыз сіздің батырыңыз өзінің уақытын қайғырумен өткізбейді. Ол бұрын қолы жетпеген пайдалы жұмыстардардың біразын атқарып тастайды. Ол немен айналысты деп ойлайсыз!? Баламен көбірек сөйлеседі.Пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізеді,бұзылып қалған заттарды жөндейді.

Үлгілі әкелер тек қана мейірімді және ықыласты емес,ол қатал және әділетті. Ешқашан баланы еркелетпейді, тек қана тәрбиелейді, баланың өзінен бір нәрсені сұрай беруіне жол бермейді.Үй шаруаларында әйелінің жанына табылады,оның үстіне бұл істі оңайлықпен тындыра алады.

Мұндай әкенің баласы қандай болады? Идеалды әке әрдайым өте жақсы күйеу болады. Мұндай әкені балалары өтежақсы көреді. Өзінің құпиялары мен жаңалықтарын көбінесе ең бірінші әкесімен бөліседі. Бірлесіп отбасылық уақыт өткізу және ата-аналарының бір-бірін алмастыра білуі үйдегілерді бір-біріне жақындастыра түседі.Олар бір-бірін түсінетін, мейірімді, ашық болып өседі. Олар ата-анасына барлық істерде көмектеседі.(үй шаруасы болсын,үй жұмысы болсын және олар ата-әжесі туралы да ұмытпайды.)

Ұлы немесе қызы дербестік алғаннан кейін отбасының қаржылық проблемалаларын шешуге қатысады. Ұйымшыл өзара әрекеттесудегі ата-аналар тәжірибесі балалар өмірінде жалғасын табатыны сөзсіз. Қандай болмасын өмірдің жағдайларына тап болса да,қиыншылықтарға қорған бола алатын, күшін қалпына келтіруге, махаббат пен бақыт минуттарын сыйлауға дайын мықты және бейбіт сүйгіш қорғаны бар.

Келіп-кетуші әке.

Бұл тек «айырылған әкелер емес» сонымен бірге уақыты тығыз адам болуы да мүмкін. Келіп-кетуші әкелерді екі топқа бөлуге болады.

Біріншісіне «еңбекқор әкелер» жатады.Олар жалпы танылған нағыз еркектің шаблонына сәйкес келетін бос уақытты өткізуге дейінгі әдеттегіліктің жүгін арқалап келеді.

Жұмысқа ерте кету, жұмыстан кейін теледидар алдында отыру, балық аулау, гаражға бару...... бірақ әйелі балаларынан алысырақ.

«Екінші топ-бизнес әкелер». Олар қомақты қаражат табады.және осымен оның отбасындағы рөлі жеткілікті деп санайды.Мұндай күйеулердің әйелдері өмірдегі лайықты серіктің эталоны болады.

Ол күйеуінің айнасы іспеттес:сұлу,көркем,дарынды,талапты,үйшіл және баласүйгіш.Егер туғаннан кейін сұлу әйел толықсып кетсе,әкесі өзіне көңілдес әйел таба қояды.Барлық келуші әкелер баласы ұйықтап жатқанда кештетіп келеді.Демалыс күндері қолдарынан теледидардың пульттері түспейді және жылы жұмсақ жерге орналасып: «тым болмаса үйде дем алсам бол ма» деп күрсінеді.Және демалады...ал олардың маңайында әкенің қатысуын талап ететін өмірлік жағдайлардың біршамасы өтіп жатады.Кішкентай баламен қарым-қатынаста епсіз келеді.Тұйық шеңбер пайда болады:әкесі отбасыдағы сирек келетін қонақ,шешесі баласын әкесіне сеніп тапсыра алмайды,әкесі бұдан әрі алшақтай бастайды.

Мұндай әкенің баласы қандай болмақ?Ол анасына тым жақын келеді.Бала бақшада мұндай балалар кешке әкелеріалып кететіндерге қызығып қарайды.Сәби,ереже бойынша,анасына наразылығын білдірмейді.Бұл уайым жүрегінің түбінен орын алып,өмір бойы қалып қояды.Оның келешегі анасына байланысты болады.Егер ол баласының көзінше әкелік беделін сақтап қалса,онда сәби ең жаман дегенде барлық бала сияқты өседі.Ал жақсы жағдайда барлық жағынан әкесіне тартқысы келіп,басшылық дәрежеге ұмтылады.

Мұндай отбасыдағы ер бала тым нәзік және басылған болып өседі.Ал қыз бала,есейе келе,махаббат мәселесінде үлкен проблемаларға тап болады.Осы жерде оның ыңғайлы «өскен соң,әңгімелесеміз»деген мәтелі қайта айналып келеді.Мәселе әкесінің«әңгімелесуге дайын»болған кезінде,керісінше,баласының ата-анасымен сөйлескісі келмейтіндігінде.

3.Әкесі-тәуелді адам.

Мұндай әке,негізінде бала сияқты.Менен отбасы үшін де,өзім үшін де жауапкершілікті алып тастаңыздар,мені асырап алыңдар! «Мен ересек бол алмаймын және болмаймын да»деп айтатындай.Мұндай өзін өзі тежеушілік балалық анасының отбасыда адуынды болғандығынан бастау алады.Тіпті,өзі әке болған кезде де,оған деген анасының ықпалы тоқтамайды.Көбінесе,мұндай жастар арасындағы қарым-қатынасқа араласуын қоймайды.Бірақ бекер!

Мұндай еркектер,көбінесе,өздері іздегенді табады,олардың отбасылық өмірі тұрақтылықпен айқындалады.Бірақ билік тізгіні әйелінің қолында болады.Күйеудін өзі де,оған,шынымен айтқанда,номиналды түрде ғана қажет,ол үшін әйелі күйеуін тамақтандырады,киіндіреді,кейде тіпті қатан бақылауда ұстайды.Бірақ,жұбайлардың бір-бірін ақырын жек көре бастайтын кез келеді.

Мұндай әкенің баласы қандай болмақ?Бала бәрін түсінеді және көреді.Ол кішкентай болғанда тәуелді әкесін қатты жақсы көреді:кіммен осылайша арпалысып,ойнауға болады?Себебі отыз жасқа келгеннің өзінде әкесінің бойында қызбалығы алты жастаға баладан да көп болады,бірақ есейген соң бала әкесңне күрт өзгереді,сыйластықпен қарамай қояды.

Оның жағына,кейде,тіпті тіл тигізге сөздер де естіліп жатады.Тура сол,қызы немесе ұлының көзінше,әйелі қымсынбай ақ пайдаланатын сөздер.

Қу жасөспірім тәуелді әкесіне калай келу керек екенін әрдайым біліп отырады,одан ақша сұрап,немесе жаңа кроссовкиді әперуін қалай талап етудің жолын біледі.Балалар есейгенде олар әкесіне аяушылық танытып,оның көңілді,тіпті дарында болғандығына қарамастан,әлсіздігіне аянышпен қарайды...Бұл отбасыларда баланың тұлғасын антоногизм принцпі қалыптастырады.Ата-анасының мінез-құлқысын қабылдамау балаға өзінің мінез-құлқын үлгілі қылып қалыптастыруға мүмкіндік береді.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
4.Әке-жай ғана көрермен.

Сол бір балалық шақ кезінде отбасы шешесіне сүйенетін,бірақ соңғы сөзді әкесі айтатын.Көрермен әке көбінесе ақылды,тұрақты жалақысы бар,әйеліне ажарсыз қызды алады.Ол әйелдің амбициялары,сұраныстары,қиялдары аз болады және онымен неке де тұрақты болады.Мұндай өмірдің ащы тәжірбиесімен үйренген әйелдер күйеуін сол қалпында қабылдайды,ешқандай негіззсіз шағым жасамайды.Үйде отбасы басшысын әрдайым дәмді кешкі ас,таза пәтер,күтілген балалар мен түсінетін әйелі күтіп отырады.Тағы не қажет?Отбасыда біздің батырымыз көп сойлемейді,әйелдері мен балаларына қызметтік жаңалықтарын жеткізбейді,біраө көбінесе көңілі толмай отырады.Көрермен әке барлық әкелік міндеттерді орындайды:күнделігін тексереді,тыңдамағандарды қысып алады,баламен зообаққа барады,репетиторларға ақысын төйлейді,мүмкіндігінше әйеліне ыдыс аяқ жуатын машина алып береді немесе шаруашылыққа көмекші жалдайды,бірақ өзі ыдыс аяқ жумайды.Мұндай отбасылар,ереже бойынша,өзінше бақытты болады.Бірақ әйелдері кейде шаршағандықтан немесе эмоционалдық кедергі болғандықтан түнде жылап та алады.Бірақ оны кім көре біледі?

Оның баласы қандай болып өседі?Оның баласы әйелдер мен еркектердің рөлін мүлде теңбе тең қабылдайды.Әзірше қызы мұндай әкемен мақтанады.Әкесінің қызы барлық жағынын атақ құмар болып өседі.Баланың күнделігінде ылғи бестіктер мен педагогтардың мақтаулары осыдан кейін болады.Оның болашақ таңдаган жігіті әкесіне ұқсас адам болмақ.Әкесінен толыққанды көңіл қоюды,жылылықты ала алмаған қыз бала есейе келе,саналы түрде өзіне жар тандайды.Ол өзіне шеттеліген адамдай қарайтын ер адамға тандауын салады,ал осы кезде нағыз сенімді және нағыз сезімге лайықты жігіт одан үмітін үзеді.

Мұндай отбасылардағы ұл бала әкесінің менмендігіне шатысқан ерекше прессингті сезінеді. «Мен музыкант бола алмадым,бірақ сен міндетті түрде музыкант боласың!»Ұлынан музыкаға қызығушылығы бар екенін ешкім сұрамайды.Әкесі айтты,анасы үндемеді.Және бұл дұрыс емес!Ол әдетте жақсы ана ,баласын жүрегімен сезеді.Ұлы өскенде әкесінің ықпалынан босап,зеректіргіш музыка сабақтарынан босайды!

5.Әке отбасылық қысымшысы.(жендет,езуші,қинаушы).

Бұл жерде үнемі «қолы қышып тұратын» еркектер туралы әңгіме емес.Біздің батырымыз қатал өмірлік принциптері,барлығына қарсы келетін туғанда берліген тілегі және «Еркектікі әрқашанда да дұрыс!» деген ұранымен білінетін есероқтығы негізін қалайтын міңез-құлықтың иесі.Мұндай әкелер туралы; «Ақылды,талапты,бірақ мінезі ауыр. »деп айтады.Өзінің сыйымсыздығын біле тұра,езеуші әке екі тактиканың бірін таңдайды.Ол сосын Сен менің жекеменшігімсің және де осыған лайық болуға тырыс деген принциппен қарым қатынасын құру үшін некеге тұруға асығады.Немесе басқа жақта өсіпкле жатқан баласын қатты ойлаушы мәңгілік бойдақ болып қала береді.Мұндайда әкесі баласына қажеттілікпен гөрі әке баласына қажеттірек болады.

«Жендет әке үшін, үнемі аңғармай аңсап ұмтылатын,өзінің меншікті позитивті «Мен» үлгісі ретінде, таза сәбіи бейнесі, дәл сол,жұмақ бұрышы сияқты болып табылады. Ол өзімен-өзі келісім таппайынша, баланың анасының жүйкесін тоздыруды жалғастыра береді. Ал ұлына немесе қызына өте сезімталдықпен қарайды. Оларға, егер отбасында тұрмаған болса,барлық бос уақытын арнауға, бірнәрсеге үйретуге,бір жерлерге апарып келуге көрсетуге тырысады.

Мұндай жайдайда балалар арқан тарту ойынының қатысушылары болып шыға келеді.Себебі ата-аналар бір-біріне қатал қарама-қарсылықта болады. Мұндай әкенің баласын қатты жақсы көруіне қарамастан, ол кішкене адам бойында өмірге сақтық пен жаугершілік көзқарасты қалыптастырады. Бала өзін жалғыз сезінеді, сондықтан әрдайым неше түрлі үрейлерге жолығады.Сондай сәбилер өсе келе, неврозды, күдікті, айналасындағыларға қастықпен қарайтын болып өседі. Соңында біреулері (әлеуметтік өмірдегі сәтті) жалғызбасты бүлікшіге айналады.Басқалары қарсыласудан шаршағандықтан, жуас, жағымпаз, жарамсақ болып қалады.Бірақ іштей осы қасиеттері үшін өзін жек көреді.

Әке-үлкен дос

Жұмыстан келе сала бұл әке ойынның түр-түрін бастап кетеді.Басында баласымен бірге конструкторды шашып, сосын құрастырады, сосын тығылмақ ойнайды. Бірақ үлкен досы қажет нәрсенің барлығын орындаған болып тоқтайды. Ал тамақ дайындау, дәрігерге бару, балабақшаға бару сияқты кішкентай жұмыстарды анасына қалдырады.

Мұндай әке болу –тамаша! Бірақ! Егер өмірде балаға дос болғысы келетін адамдар көп жолықса, оған әке кім болады? Балаға осы үлкен бейтаныс әлемде не істейтінін білетін, нақты «иә» немесе «жоқ» деп айта білетін, адамдардың бар екендігіне сену өте қажет.

Әке- отбасы қолбасшысы.

Көбіне дәстүрлі түрі. Барлық үй шаруасы (тамақтандыру мен суға түсіру) оған қызықсыз. Әсіресе, егер жұбайы өзіне бұл міндеттерді артып алса және өзі атқара алатын болса. Онда оған қыстырылудың қажеті не?

«Отбасы қолбасшысы» еркектің ісімен айналысқан кезде ғана өзін қолайлы сезінетін ер адам. Сондықтан, құмырадағы сүтті түйіршіксіз дайындау-оның жұмысына лайық емес.Мұндай әке өзінің беделіне ешкімнің күмандануына жол бермейді. Жай ғана «жоқ» деп қатал айтқан сөзіне бала бірден сабырына түсу керек. Оның үстіне,ол сәбиді барлық қажетті жағдайларға үйретеді және баланың өз тілегіне қарамастан оны нақты өмірге қайтарады.

8 Ерекше әке.

Оған баланы күндіз де, түнде де тамақтандыру рахат болып көрінеді, 50 секунд ішінде жөргегін ауыстыра алады және жылап жатқан баланы жұбатуды біледі. Кейде дәстүрлі міндеттерді анасынан да жақсы білетін ерекше әке!

Мұндай тауық-әкелердің бір кемшілігі – тағы бір ана болумен айналысу және болу......, демек әйеліне қосымша емес, бәсеке болып шыға келеді.Ал әкесі анасының орнын алса, әкесінің орнында кім болмақ?

Әдетте мұндай әкелер анасының күйеуіне, көңілдес, еркек ретінде наразылығы бар отбасыларда пайда болады. Бірақ, көбінесе,мұндай жағдайлар анасын міндеттері қатты шаршататынын отбасыларда кездеседі. Ал әкесінің мұндай әрекеті балаға анасының алшақтауын елемеуге, орнын толтыруға мүмкіндік береді.

9 Әке-үнемі жас жұбай.

Тоғыз ай жүктілік кезінде ол жатырдағы баланың әр қимылына тыңдап,көзіне жас келгенше толқып жүреді. Бірақ анасының баласымен үйіне келуінен бастап ол нәзік әке болуын күрт тоқтатады. Әрине, ол баласын өте жақсы көреді, оның күлкісіне таңқалады және әрдайым көмектесуге дайын...... бірақ, өзінің мотоциклінен, достарынан, сүйікті істерінен бас тарта алмайды. Сонымен қатар, сәбимен сіз бұрынғыдан көп айналысатындай болып көрінетін әсерден арыла алмайды. Баланы ұйықтатарда несіне оның төсегінің жанында екі сағат тұру керек, немесе оның жылағанында тұрған не бар? Басқана айтқанда оған баламен әйелін бөлісу өте қиын. Отбасында мұндай әке мен анасына қолдау жетіспейтін болады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
спросил от Ажигалиева в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
спросил от Ажигалиева в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
спросил от Нурсултан в категории Бизнес идеи