Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№45 «Ақ Орда» мектепгимназиясының

музыка пәнінің мұғалімі

РҮСТЕМОВ ТОБАЖАН ҚОЗАЙДАРҰЛЫ

Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарының классикалық күй өнері

Сабақтың мақсаты: Түркі халықтарының классикалық күй өнерімен таныса отырып, мәдениеті мен өнері туралы кеңінен насихаттау.

Білімділігі: Түркі тектес халықтардың музыкалық аспаптарымен жете танысу.

Дамытушылығы: Домбыра ойнаудағы әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, шеберлікті шыңдау.

Тәрбиелілігі: Күй өнерін кеңінен насихаттау.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: домбыра, сурет, бейне-үн таспалар, қосымша әдебиеттер

Пәнаралық байланыс: Ауыз әдебиеті, тарих, өнер, әдебиет

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты меңгерту

Халық күйі «Келіншек» (орындау)

Домбыра, қобыз және дутар аспаптары көшпелі өмір салтын құрған қазақ, қырғыз және түркімен халықтар арасында ең сүйікті аспапқа айналып отыр. Бір-біріне өте туыстас бұл аспаптарды ел ерекше құрметтеп, төріне іліп, аса қадірлеп, қастерлеген. Аспапта орындалатын күйді ерте заманда «Тәңірдің сыйы» деп қабылдаған. Күй адамдар мен табиғат арасындағы тепе-теңдікті ұстап, жермен көктің арасындағы байланысты орнатады деп есептеген.

Домбыра ойнау: Халық күйі «Салкүрең»

Күй адам бойына рух беріп ерекше күш-жігер ұялатқан. Адамдар өз ойын күй арқылы жеткізе білді. Мысалы, екі ғашықтың сырласуы, адамның басына түскен қайғы мен ауыр дерті немесе туған жерге деген ыстық ықыласын күй арқылы жеткізген. Қазақ халқы аспаптық музыкасын күй, қырғыздар-кию, ал түркімендер саз немесе мугам деп атайды.

Домбыра ойнау: Қазанғап «Шынайяқ тастар»

Күй орындаудың ең алғашқы түрлері аңыздан бастау алған. Күйші шығарманы орындамастан бұрын әуелі аңыз-әңгімесін айтып алып, сонан соң ғана күйді орындайтын болған. Күйлердің мазмұны да сан алуан болып келеді. Өмір туралы терең толғаныстарды, адам бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерді, кең дала мен туған жер жайлы, шынайы сезімдерді бейнелейтін күйлер көп кездеседі.

Домбыра ойнау: Халық күйі «Кеңес»

Барлық күйлерге ортақ ерекшелікік бар. Әрбір күй көңілді, шабытты, жеңісті немесе ғашықтық сезімді, сұлулықты, қайғы мен мұңды және терең ой-толғауды көрсетуге бағытталған. Тіпті аттың шабысын бейнелейтін күйлер адамның көңіл күйін, яғни жарыс немесе талас-тартыс, жанталас сияқты сезімді аңғартқандай.

Домыра ойнау: Б. Тәжібаев «Ақбұлақ» әні

Мысалы: «Қосбасар» қайғы мен мұңды білдіреді, «Шалқыма»-шаттық пен қуанышты, «Толғау» - ойлану немесе терең толғануды, «Аққу»-киелі құстың самғауы, «Балбырауын»-асқан рух пен күш-жігерді бейнелейді. Күйшілік өнер тек өткеннің қазынасы ғана емес, бүгінгі күнде халықты тарыққанда демеп мұңайғанда жігер беріп рухын асқақтатқан қасиетті өнер түріне айналып отыр. Сөйтіп түркі халықтарының мәдениетінде дәстүрлі өнер ұстаздан шәкіртке үйретіліп, атадан балаға мұра болып жалғасып келеді.

Ән орындайық: М. Омаровтың «Анашым»

Сабақты бекіту: Күйлерге ортақ қандай ерекшеліктер бар?

Үйге тапсырма беру:

1. Түркі халықтарының классикалық күй өнері.

2. Құрманғазының күйі «Балбырауын» күйінің келесі буыны

3. «Анашым» әнін жаттау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ