Сенсомоторлы бұрыш, негізі:
•
сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);
•
ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляциясы;
•
бұлшық ет және психоэмоционалды ауыртпалықты кетіру үшін, балалардың жақсы сезінуі
және релаксацияға жетуі үшін;
•
баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;
•
когнитивті үрдістердің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);
Сенсорлы
бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын
анықтау керек.Ол балаларға
ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда
ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз
объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты
енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.
Біздің топтағы
сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар,
көбелектер, құстар, шөп, гүл.Табиғат
мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп,
жаттығады.
Сенсорлы бөлмеде ақыл
есі кемістігінің күрделі түрі диагнозы бойынша тіркелген балаларға, инфекциялық
аурулары бар және жиі ұстамалары бар балаларға, сабақ жүргізуге тыйым салынады.
Неврологиялық бұзылыстары бар
балаларға сенсорлы бөлмеде сабақ беруде невропатологтың ұсыныстарын ескеру
қажет. Жиі ұстамалары бар оқушыларға (эпилепсия) тек босаңсу бағытында сабақтар
жүргізуге болады. Мысалы, даму мүмкіндігі шектеулі бала құрғақ бассейнде өзіне
ыңғайлы деңгейге жатқызып, тыныс алу жаттығуларын жүргізу. Яғни мұндай
оқушыларға жанып –сөнетін жарықшамдарды, ритмикалық музыкалырды сабақ барысында
қолдануға болмайды.
Гиперактивті оқушыларғасабақ беру барысында сенсорлық қабілеттерін
дамытуға арналған бағыттағы жаттығуларды төмендетіп, белсенді стимулдауға
арналған тапсырмаларды азайту керек.Құрғақ бассейнде ойындарды көп жүргізбей гранулалар толтырылған
трапецияларды қолдану керек.
Қарым
–қатынасқа түсу дағдылары төменоқушылармен жүргізілетін тәсілдер.
Қобалжу деңгейі жоғары оқушыларға бір стимулдан екінші стимулға тез ауысу
жаттығуларын көп қолданбаған абзал.
Сенсорлы
бөлмеге кірер алдында балаларға ғажайып бөлмені көретіндігі және бұл ғажайып
жоғалып кетпес үшін тапсырмаларды орындаулары керек екендігі жөнінде туралы айтылады.
Қараңғы сенсорлы бөлмеде төмендегідей талаптарды орындауы тиіс.
-
Әр баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау қажет; -
-
Баланың бұл бөлмеде болғысы келетін тілегін ескеру маңызды. Егер де бала
бөлмеге кірмей сырттан тек бақылап тұрған болса, баланы асықтыруға болмайды.
-
Сабақ барысында қараңғы сенсорлы бөлменің құралдарын пайдалану 3 заттан
аспау қажет. Сенсорлы бөлмедегі сабаққа қатысқаннан кейін бала демалуы керек.
Сенсорлы бөлмедегі сабақ жүргізу уақыты-30 (40-45) минут.
Ашушаң немесе қозғыш балаларға сенсорлы бөлмедегі сабақ жүргізу уақыты
азайтылады. Сабақтарды 2-4 баладан тұратын топқа немесе жеке балаға жүргізуге
болады. Сабақ өткізу барысында сабақтың мақсатына, балалардың жас
ерекшеліктерін ескеру қажет. Егерде сабақ босаңсу мақсатында жүргізілетін
болса, қараңғы сенсорлы бөлмеде сабақты балаларға жеке (индивидуально) өткізген
дұрыс. Сенсорлы бөлмеде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ ойын түрінде
жүргізіледі.
Біз келесі
дидактикалық ойындарды қолданамыз:
Қолдың ұсақ
моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін
келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла»,
«Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора»
және т.б.
Құммен, сумен, қармен
ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм
шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).
Әр-түрлі жазу
құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу,
қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.
Балалардың қозғалу
белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан
жасалған ойыншықтар орналасқан.Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен
ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен
ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді.
Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді,
қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді. Сонымен қатар әр-түрлі
қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы»,
«Ұшақтар», «Мені қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды»,
«Пойыз» және т.б. Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын
ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек.
Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз,
музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай
аспапта ойнағанымды тап» және т.б. Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер
қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі
дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.
Сөйлеу қабілеттерін
дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр
ұйымдастырады, ертегілер ойналады.Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен
қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау,
үйрету.
В.В. Воскобовичтің ойындары дамушы ортаға өте жақсы енеді.
Оның ойындары көп функционалдылығымен және әдемі түрімен, ылғи балалардың
ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады. Ойынның бірінші
кезеңінде тек фигураларды құрастырсақ, кейін үлкен сарайлар, ракеталар,
космонавттар салып, толық оқиғаларды құрастыруға болады. Ойын барысында
психологиялық үрдістердің терең әрекеттесуінің (анализдаушы қабылдағышы, ес
ойлау, сөйлеу), сонымен қатар тұлға қасиеттерінің (мақсаттылық, тұрақтылық,
өзіндік т.б.) дамуы жүреді.