Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Заттың саны мен цифры арасындағы сәйкестікті табу. Шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш туралы өткенді пысықтау
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы: Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Заттың саны мен цифры арасындағы сәйкестікті табу. Шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты: Реттік санауды жалғастыру, сандық және реттік санауды ажырата алу. Цифрды сандық карточкамен және заттық санымен сәйкестендіруді үйрету. Шеңбер, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша сияқты геометриялық пішіндер туралы өткенді пысықтау.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар, геометриялық пішіндер.

Билингвистикалық компонент: сандар-цифры, үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, шеңбер-круг, сопақша-овальный, төртбұрыш-четыреугольник.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Саламатсыздар ма, балалар!

-Көңіл-күйлерің қалай?

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Алақай келіңіз!

Дайын тұр төріміз.

Келіңіз, көріңіз,

Бізге риза болыңыз.

Жылулық шеңбері:

(ортаға сары түсті әдемі көйлек киген қыз шығады)

Қане, балалар, шеңберге тұрып, мына күннің шуағынан ұстайық.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Балалар қонақтармен амандасады.

Тәрбиешімен қосылып, айтады.

Шеңбер жасап, күннің шуағын ұстап, тәрбиешімен бірге өлең жолын айтады, күн шуағын қонақтарға таратады.

Ұйымдастырушылық

ізденімпаздық

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз өте ерекше.

Оқу іс-әрекетіне ынтамызды көтерейік.

Біз іс-әрекетімізді жалғастыру үшін, менің алдымда тұрған текшедегі түрлі-түсті пішіндерден қалағандарыңды таңдап алыңдар.

-Енді балалар, осы алған пішіннің түсіне сәйкес үш топқа бөлініп отыра қойыңдар.

Ал, кәнекей айта қойшы неге бұл пішінді таңдадың?

Оның неше бұрышы бар?

Түсі қандай?

(әр топтан сұрап шығу)

Балалар, мына суреттегі қандай ертегі?

-Әрине, үйшік ертегісі.

Онда осы үйшікке ертегі желісі бойынша рет ретімен аңдарды орналастырайық.

Билингвальды компонент: сандар-цифры, үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, шеңбер-круг, сопақша-овальный, төртбұрыш-четыреугольник.

Ғажайып сәт:

Балалар, есік қағылған сияқты.

Топқа«Патрик» кіреді.

Балалармен амандасады.

-Hello chidren!

-Салем балалар!

-How are you?

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Do you know me?

-Мені таныдыңдар ма?

-I am Patrik.

-Я, мен Патрик.

-What my colour?

-Түсім қандай?

-Thank you!

-Рахмет!

-Can you not stay with you?

-Сендермен қалсам бола ма?

-Thank you!

-Рахмет!

Балалар сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Менің сендерге тапсырмам бар соны орындауға дайынсыңдар ма?

Балаларға тапсырма беріледі.

I-тапсырма: ″Ұқсасын тап″ ойыны

Шарты:Қоршаған ортамыздағы немесе тобымыздағы ұқсас пішінді табулары қажет.

Есікті қағып ″Спомч боб″ кіреді.

Балалармен амандасып, балалардың өзімен бірге сергіту сәтін жасағандарын қалайтынын айтады.

Сергіту сәті.

Дискіден спомч бобтың әуені орындалады. Балалар билейді.

Тағы да есік қағылып, топқа ″Смешарики″ кіреді.

Көңіл-күйі түсіңкі. Балаларға өкпесін айтады. Бүгін менің туылған күнім еді. Маған досым үлкен сыйлық берді. Ішінде ешнәрсе жоқ. Бар болғаны ашық хат. Оған тапсырмамды орындасаң сыйлығыңды аласың депті. Мен осы топтың балалары өте ақылды, тапқыр, білімді деп естідім. Маған көмектесесіңдер ме?

Алақай!

II-тапсырма.

″Құрастыру″ ұжымдық жұмыс.

Балалар мына пішіндерден үлгіге қарай отырып, сурет құрастыру керек.

Жарайсыңдар балалар, сендер өте дұрыс құрастырыңдар. Смешарикидің досының тапсырмасын дұрыс орындадыңдар. Сендерге смешарики өте риза болды.

Смешарики қуанып, сыйлығын балалармен бөлісуін ұсынады.

Таңдап алады

Орындарына жайғасады

Сұрақтарға жауап береді.

-Үйшік ертегісі

Балалар кезектесіп үйшікке рет-ретімен аңдарды орналастырады.

Қайталайды:

сандар-цифры, үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, шеңбер-круг, сопақша-овальный, төртбұрыш-четыреугольник.

Патрикпен амандасады.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар спомч бобпен бірге сергіту сәтін жасайды.

Балаларда қосылып мұңаяды.

Көмектесуге келіседі.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы

Қорытындылау

Балалар біз мына сыйлықты ашып, оқу іс-әрекетімізді жеміс-жидектердің пішінін ажырату арқылы қорытындылайық.

(алманың суреті қандай?)

(алмұрттың суреті неге ұқсайды?)

(бананның суреті неге ұқсайды?)

Балалар, сендерге қай тапсырма көбірек ұнады?

Сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатысып, араласқандардың үшін мен сендерге смешарикидің сыйлығын беремін.

Мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Алма-ол домалақ, шеңберге ұқсайды.

Алмұрт-ол үшбұрышқа ұқсайды.

Банан-ол сопақшаға ұқсайды.

Нені білуі керек? Реттік санауды, пішіндерді ажыратуды.

Нені игереді? Заттарды цифрмен сәйкестендіруді.

Нені үйренді? Берілген тапсырмаларды орындауды.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов