Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Мезозой заманы

Модуль

Күні:25.01.2017ж

11 сынып

Биология пәні

Сабақтың тақырыбы:

Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Сілтемелер:

Оқулық

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Биология журналдары

Сабақтың мақсаты:

Жер бетіндегі мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы түсінік беру, олардың маңызына, қызметіне тоқталып өту.

Табыс критерийлері:

Мезозой заманныдағы тіршілік туралы айтады.

Әр кезеңге сипаттама бере алады.

Түйінді идеялар:

Мезозой заманындағы тіршілікпен танысу.

Триас, юра және бор кезеңіндегі тіршіліктің дамуы.

Күтілетін нәтиже:

Жер бетінде тіршіліктің дамуы туралы біледі; Тіршіліктің дамуындағы негізгі эволюциялық өзгерістерге баға бере алады. Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды өз бетімен, топпен жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, сабақ үстінде білім мен шеберлікті қолдана білуге үйрету.

Керекті-құрал жабдықтар:

Электронды оқулық, оқулық, флипчарт, жұмыс дәптері, түрлі түсті қаламсаптар, дәптер, стикерлер, интерактивті тақта, «Алма ағашы» макеті

Пән аралық байланыс:

География, қазақ тілі, бейнелеу, тарих

Қолданатын әдістер:

Түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау тексеру, Жуан және жіңішке сұрақтар, «Алма ағашы» әдісі, видеоролик

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі сабақ

Ресурстар:

Оқулық 11 сынып,

Сабақ барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 минут

Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау. Топқа бөлу

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.

Тақтадағы әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлінеді

10 Минут

Ой қозғау. Жіңішке және жуан сұрақтар қою арқылы өткен сабақтарды қорыту.

1. Жер тарихын зерттеуде қандай әдістер қолданылады? (геохронологиялық әдіс, радиоактивті изотоптар пайдаланылады)

2. Жер тарихы қандай замандармен ажыратылады? (жер тарихы – эонға, эон – заманға, заман –кезеңге, кезең – дәуірге, дәуір – ғасырға)

3. Неше эон болып бөлінеді және кімнің ұсынысы бойынша? (2, америкалық геолог-ғалым

Ч. Шухерттің)

4. Қандай болып бөлінеді? (криптозой: архей, протерозой)

(фанерозой: палеозой, мезозой, кайнозой)

5. Заманның аттары? (Архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой)

6. Протерозойда тіршілік қайда пайда болған? (мұхит пен теңіз суында)

7. Гетеротрофты прокариотты анаэробты организмдер деген ұғым нені білдіреді?

8. Палеозой заманы қандай кезеңдерге бөлінеді? (кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір, пермь)

9. Палеозой заманындағы Эволюциялық жарылыс» деген ұғым нені білдіреді?

10. Неліктен «тас көмір» деп аталған?

Оқушылар қойылған орындарынан қол көтеру арқылы жеке өз еріктері бойынша жауап береді.

15 минут

Видеоролик көрсету

Мағынаны тану.

Жаңа тақырыпты меңгерту үшін «Жарнама» әдісін қолданамын. Жаңа тақырып бойынша топтарға мезозой абзацтары бойынша оқулықты оқуға, жұпта түсінгендерін бөлісіп, сосын топта талдауға тапсырма беремін. «Жеке ойлану – жұпта бөлісу – топта жинақтау – ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша «Жарнама» әдісі бойынша топ өздеріне берілген заманды жарнамалайды.

3 топқа тақырыпшалар бөліп беру.

1 топ: Триас кезеңі.

Триас кезеңіндегі тіршіліктің дамуы

2 топ:Юра кезеңі

Юра кезеңіндегі тіршіліктің дамуы

3 топ: Бор кезең

Бор кезеңіндегі тіршіліктің дамуы

Сабақты бастамас бұрын ой қозғау ретінде мезозой заманы туралы видеоролик көрсету.

Оқушылар топ болып берілген тақырыпшаларды «жаранма» әдісін қолданып қорғайды. Топ мүшелері тақырыппен танысады, жұпта түсінгендерін бөліседі, топта талдайды.

Өздеріне берілген заман түрін жарнамалайды. Ең жақсы жарнама жасаған топ анықталады.

Мұғалім оқушылардың айтқандарын тыңдап, бағалауға тырысады.

Оқушылар бәрін түсіндіріп болғаннан кейін өздері бағалайды.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов


Ой-толғаныс:

1. Биологиялық диктант:

1.Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады: ..., ..., ... . (триас, юра, бор)

2. Жаңа Зеландияның аралдарында сақталып қалған гаттерия - ... ... . (тірі гаттерия)

3. Триас кезеңінің ұзақтығы ... - ... ... ... созылады. (35-50 млн. жылға)

4. Юра кезеңін ғылымда көбіне «...» деп те атайды. (динозаврлар ғасыры)

5. Юра кезеңінің бас кезінде Жер бетінде ауа райы әрі де ... әрі ... болды.

(құрғақ, жылы)

6. Бор кезеңінде құрлықта ... жандана түсті, кесірткелерден ... пайда болды.

(тіршілік, жыландар)

2. Графикалық кесте:

Мазмұны

Ия

Жоқ

1. Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады.

2. Мезозой заманының климаты ылғал әрі суық.

3. Құрлықта өсімдікпен қоректенетін жорғалаушылар - листозаврлар тіршілік етеді.

4. Алып брахозаврлардың денесінің ұзындығы 30 м-ден асып, массаыс 50т-ға дейін жеткен.

5. Юра кезеңі мезозой заманының бірінші кезеңі болып саналады.

6. Құрлықта өзендер мен көлдерде крокодилдер азая бастады.

7. Бор кезінде атмосфера құрамында СО2 мөлшерінің артуына байланысты ауа райы құрғақ әрі жылы болады.

8. Бор кезінде алғашқы «мүйізді»диназаврлар - цератозаврлардың жаңа түрі пайда болады.

1.ия, 2.жоқ, 3.ия, 4.ия, 5.жоқ, 6.жоқ, 7.ия. 8.ия.

Тест:

1. Қай кезеңде қос мекенділердің басым көпшілігі жойылады:

А.Юра В. Бор С.Триас

2. Мезозой қанша кезеңдерге бөлінеді?

А.6 В.3 С.2

3. Бор кезеңінде қандай жануарлар

шығады.

А.диназаврлар В.Гаттерия С.сүтқорктілер

4. Қай кезең Франция мен Швецарияның шекарасында орналасқан қаланың атымен аталады

А.Юра В.Триас С.Бор

5. Гүлді өсімдіктер қалай тозаңданады?

А.жел арқылы В. Өздігінен С.жәндіктер арқылы

6. Юра кезеңінде қандай өсімдіктер дамыды?

А. Жабық тұқымды В.Ашық тұқымды

С. Гүлді өсімдіктер

7. Мезозой заманында бауырмен жорғалаушылар эволюциясы қанша тармаққа бөлінеді

А. 3, В.6 С.2

8 Сүңгитін су құсы қай кезеңде дамыды

А. Триас В. Юра С. Бор

9. Атлант мұхиты қай кезеңде пайда болды

А.бор В. Триас С. юра

10. Архозаврлардың осы күнгі өкілдері:

А. Гаттерия В. Крокодил С. жорғалаушылар

Жауабы: 1. С, 2. В, 3.С. 4.А, 5С, 6.А, 7.В, 8С, 9С, 10В.

Оқушылар әртүрлі тапсырмалар береді. Жұптық және жеке жұмыс тарға оқаушылар жауап береді.

Бағалау:

Жауап бергеніне қарай оқушылар бағаланады.

Оқушылар өздеріне тиісті жауап бойынша бағаланады

Үйге тапсырма §37,38

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Рефлексия: Не білдің?

Не түсіндің?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ