Сабақтың мақсаты:Оқушыларға есірткінің зияны, адам өміріне қауіптілігін
түсіндіру, әрбір маман иесінен зияндылық туралы мәлімет ала отырып, жат
әдеттерге бармауға, пайдаланбауға үйрету, тәрбиелеу мақсатында баспасөз
конференция сабағын өткіздім.
Сабақты мұғалім кіріспе сөзбен бастайды.
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Дені сау балаларсыз,
елдің келешегі жоқ». Бүгінгі таңда, адамзат өзінің дамуында көп ілгері жылжуда.
Сонымен қатар бүгінгі күні біздің планетамызда тұратын адамдардың басына үш басты
жыландай – темекі шегу, ішімдікке салыну және нашақорлық қауіпі туып отыр. Ал.
Құрметті тілшілер, өздеріңізді қызықтырып жүрген сұрақтарыңыз болса, мамандарға
қоюларыңызға болады.
1-оқушы: Мен «Егемен
Қазақстан» газетінің тілшісімін. Сұрақ:
Темекі, ішімдік, есірткінің адамның биологиялық жасына қандай әсері бар?
Биолог: Адамның биологиялық жасы орташа 150 жас екені
анықталған. Адамның биологиялық жасқа жете алмау себебі, адам организміне әсер
ететін зиянды заттарды (темекі, ішімдік, есірткі) жие қолдануға байланысты.
Қылмыстың 75% осыған байланысты. ЖҚТБ жұқтырушылардың 78% нашақорлық болып
келеді. Пәле ауруымен ауыратындардың көпшілігі темекі шегетіндер. Ұлы ойшыл
Л.Толстой «Егер адамдар өздерін-өзі арақ-шарап, темекі апиынмен есіртпей және
уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде арман еткендей бақытты өзгеріс болар
еді» - деген екен.
2-оқушы: Мен «Жас алаш»
газетінің тілшісімін. Сұрақ: Темекінің ауыз қуысы мен тіске қандай зияны бар?
Тіс дәрігері: Темекі шегуден тістің кіреукесі бұзылып, тіс сарғайып кетеді. Содан
ол тіс жегісіне шалдығады. Адамның ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады.
3-оқушы: Мен «Денсаулық»
журналының тілшісімін. Сұрақ: Туберкулез бен өкпенің қабынуына зиянды заттардың
әсері қандай?
Терапевт дәрігер: Темекі түтінінде адам организміне зиянды 300-ден астам
улы заттар бар. Бұл заттар және темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын
қабындырады. Темекі түтінінде болатын қара күйе мен қара май ұсақ бронхылар мен
өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе организмді оттекпен толық қамтамасыз ете алмай, газ алмасу бұзылады.
Темекі түтінідегі радиоактивті заттар организмге
жиналады.Темекі көп шеккен адамның өкпесі қатерлі ісікке көбірек шалдығады. Өкпедегі пәле ауруымен
ауыратындардың 97% шылым шегетіндер. Неғұрлым бала жас кезінен темекі шегумен
айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығады. Жылына темекінің кесірінен
дүние жүзінде 3 млн. Адам қайтыс болады. Темекі түтінінде ең улы зат – никотин
бар. Күніне 20 тал темекі тартқан адам 90 мг никотин жұтады. Никотин тыныс алу
мүшелерін тітіркендіріп, оны қабындырады, сөйтіп қорғаныс қабілеті нашарлайды
да, ауру тудыратын микробтар, туберкулез таяқшасы еніп, ауруға тез шалдығады.
Никотин қан тамырларын тарылтады. Темекі әсіресе, жас организмді тез
уландырады. Жас достар! Темекіге әуестенбеңіздер!
4-оқушы: Мен «Хабар»
телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Ішімдік пен темекінің, есірткінің бүйрекке
зияны бар ма?
Уролог: Адам тіршілігі үшін бүйректің маңызы зор. Бүйректің
жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп ішу бүйрек
жұмысынбұзады. Бүйрек 5 минут сайын ересек адамдарда 5 л қанды сүзіп өткізеді.
Алкоголь бүйрек жұмысына қауіпті , организмді улайды. Бұл өмірге қауіпті, одан
өліп кетуі де мүмкін.
Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәпдің болінуі
тоқталады. Түрлі ауруларға ұшырайды. Сондықтан сіздерге ішімдікке жоламаңыздар
дер едім.
5-оқушы: Мен Астана
телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Зиянды заттардың жүрек жұмысына әсері қандай?
Кардиолог: Никотинде у болғандықтан, ең алдымен жүректің жирылуын
жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүрек бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі
шегетіндер тез шаршап, басы ауырып
ұмытшақ болады. Темекі тартатындардың, тартпайтын адамдарға қарағанда 15-16 рет
жүрегі жиі соғады. Ол жүректі ауруға ұшыратады. Жүректе стенокардия, аритмия
сияқты аурулар пайда болады. Қан қысымы көтеріледі. Академик Чазов журектің
анемиялық ауруын темекі тартудан болады деген. Алкоголь қанға тез әсер етеді
де, эритроциттерді бұзады, мидың жұмысы бұзылады.
6-оқушы: Мен «Қазақстан»
телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Зиянды дағдылардың көзге қандай қатысы бар?
Окулист: Көздің жұмысы темекі тартудан, алкоголь әсерінен
бұзылады. Темекіден улы заттар қанның құрамына өтіп, рецептор жасушаларына әсер
етеді, оның сезімталдығын нашарлатады. Алкоголь ұрт тамырлары арқылы қанға
өтіп, оның ішіндегі оттекті таситын эритроциттерді бұзады да, оттектің мөлшерін
азайтады. Көздің рецептор жасушаларында зат алмасу баяулайды. Темекі көру
қабілетін 25% төмендетеді екен. Көздің қарашығына әсер етіп, адамда глаукома
ауруы пайда болады.
7-оқушы: «Хабар»
телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Сәбидің жатырда дамуына темекі, ішімдіктің,
есірткінің әсері қандай?
Гинеколог: Шылым шегу әйелдерді
ерте қартайтады және жүктілік кезінде әр түрлі асқынуларға әкеп соғады.
Халықаралық статистиканың мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған
балалардың өлімі, шылым шекпейтіндерге қарағанда 40% жоғары. Ал, ішімдікті
үнемі қолдану ұрық клеткаларының зақымдануына әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда
бойы аласа, дене салмағы кем, нашар жетілген, ақыл-есі кем, түрлі ауруларға
шалдыққан бала дүниеге келеді. Маскүнем балаларының есте сақтау қабілеті нашар
болады, мұндай балалар нашар оқиды, шыдамсыз болады, тіпті кейде кеміс болып
туылады. Темекінің әсерінен түсік тастау, балалардың өлі тууы мүмкін. Ананың
темекі шегуі кешірілмейтін күнә. «Ұрпағымыз азбасын десек» темекі, арақ, есірткіге
жоламаңыздар жас достар!
8-оқушы: Мен «Еларна»
телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Алкоголь мен есірткінің ас қорытуға әсері
қандай?
Гастроэнтеролог: Шылым шегу денсаулыққа зиянды. Темекінің түтіні дәм
сезуді және адамның тамаққа тәбетін нашарлатады. Темекінің уы қарынның
қабырғасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Қарында, ұлтабарда жара пайда болады.
Темекі түтініндегі улы заттар асқорыту жүйесінің мөлшерін пәле ауруына
шалдықтырады. Алкоголь өте жылдам әсер ететін улы зат. Ол қанға өтіп онымен
бүкіл организмге тарап уландырады.
Үнемі тітіркенуден асқорыту мүшелері қабынады да жара және
пәле ауруына шалдықтырады. Алкогольдің әсерінен бауыр циррозит ауруына
шалдығады.