Сабақтың
тақырыбы мен мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру. Оқушылардың
назарларын сабаққа аудару.
Қызығушылықты
ояту:
Аспанға қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім ,
Оңға,солға бұрылыр егеменді ел көрдік!
Балалар, біз қандай бөлімді меңгеріп жатырмыз?Дұрыс
айтасыздар Менің елім-Қазақстанатты бөлім. Өткен сабақта біз қай жерге бардық? Шерқала
тауына.Дұрыс.
Шер қала қандай жер?
Ол тау қай жерде орналасқан?
Тау неге ұқсайды?
Тау неге «Шерқала»деп аталады?
Таудың қасында не бар? Жақсы балалар керемет, ал енді
саяхатымызды жалғастырайық.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой.
М.Жұмабаев.
Сабағымыздың тақырыбы: Түркістан-рухани қала
Топқа бөлінейік.Мақал-мәтел арқылы:
Зерттеушілер
тобы,Тарихшылар
тобы.
Оқылым алды
тапсырма:
Кілттік сөздер:
шақырым - киллометр
ғасыр - век
мекен – место
ел-страна
тұрғызылған – построенный
тарих-история
рухани-духовный
Оқылым тапсырмасы:
О 1- тапсырма.Мәтінді оқып,Түркістан қаласының тарихын біліп алыңдар.
Түркістан-рухани қала
Түркістан
қаласы-Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Шымкент
қаласынан 225 шақырым жерде Сырдарияның оң жағында орналасқан.
ІҮ-Ү ғасырларда бұл
қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған.ІХ-Х ғасырларда жақсы
қалалардың қатарына қосылып,гүлденеді.
ХҮғасырдан бастап
«Түркістан» деп аталады.«Түркістан» деген сөз «түріктер мекені,елі» деген мағынаны
білдіреді.
Түркістанда ХҮғасырдың басында тұрғызылған Ахмет Йасауи
кесенесі бар.
(Т.Тұрлығылов)
Оқылымнан кейінгі
тапсырма:
Сұрақтар жауыны,екі топ бір біріне сұрақтар дайындайды стикерге жазады, оларды тақтадағы
даңалық ағашына жабыстырады
Түркістан қаласы қандай
қала?
Қандай тарихи ескерткіштер
бар?
Түркістанның көне атауы?
Крестик нолик ойыны арқылы жауап береді.
Ж 2- тапсырма. Берілген сөздер фонетикалық
талдау жасайды
Зерттеушілер
тобы: ғасыр
Тарихшылар тобы: кесене
Ж 3- тапсырма.
Мәтін мазмұны бойынша сан есімдерді теріп үлестірме
қағазға жазады,сан есімнің қандай түріне жататының ажыратады.
Бірін бірі бағалау
О 4- тапсырма.Мәнерлеп
оқу,өздері тұратын қаланы сипаттап беріңдер.
Түнгі қала
Тарихшылар тобы:Ж 5- тапсырма.3 тапсырманы негізге алып
диолог құрастырыңдар.
Зерттеушілер тобы: Ж 5- тапсырма.Мәтінді негізге алып хронологиялық кесте
жасайды.
Екі топтың спикерлері ақпараттармен алмасады.
Топтар жұмыстарын қорғайды.
Бірін бірі бағалау
Кері байланыс
Рефлексия. Бағалау парағы. Жетістік критерийлері
бойынша
Барлығын
түсіндім Енді түсініп келемін Түсінбедім
|