Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

САБАҚ:

Қостанай облысы

Алтынсарин ауданы

Свердлов ауылы

Мектеп: Свердлов орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тарбакова Ләззат Мейрамханқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

ІҮ модуль

Менің елім-Қазақстан

Сабақтың тақырыбы

Түркістан-рухани қала

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Мәтіңдегі мәліметтерді пайдалана отырып, суреттеу, зерттеу, салыстыру, іздену, шығармашылық, талқылау сияқты жұмыстарды жүргізу, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдету, жаңа сөздерді меңгерту, Сан есім түрлерін анықтай білу.

Сабақтың мақсаттары

Ғаламтор, медиа құралдардан түрлі мәтіндегі негізгі ойға өзіндік ой қорытып, зерттеп оқиды.

Жетістік критерийлері

Ø Мәтін негізінде өзіндік ой қорытады;

Ø Өз ойын айта алады.

Тілдік мақсаттар

Құндылықтар

* Өмір бойы білім алу: Өзіндік көзқарасын жеткізе білуге үйрету;

* Ынтымақтастық: жеке жұмыста өзгенің пікірін бағалай білу дағдылану

Тәрбиелік мәні

Рухани құндылықтарды дәріптеу.

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Шерқала тауы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

(төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

10 минут

10 минут

5 минут

5 минут

2 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту:

Аспанға қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім ,

Оңға,солға бұрылыр егеменді ел көрдік!

Балалар, біз қандай бөлімді меңгеріп жатырмыз?Дұрыс айтасыздар Менің елім-Қазақстанатты бөлім. Өткен сабақта біз қай жерге бардық? Шерқала тауына.Дұрыс.

Шер қала қандай жер?

Ол тау қай жерде орналасқан?

Тау неге ұқсайды?

Тау неге «Шерқала»деп аталады?

Таудың қасында не бар? Жақсы балалар керемет, ал енді саяхатымызды жалғастырайық.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

М.Жұмабаев.

Сабағымыздың тақырыбы: Түркістан-рухани қала

Топқа бөлінейік.Мақал-мәтел арқылы:

Зерттеушілер тобы,Тарихшылар тобы.

Оқылым алды тапсырма:

Кілттік сөздер:

шақырым - киллометр

ғасыр - век

мекен – место

ел-страна

тұрғызылған – построенный

тарих-история

рухани-духовный

Оқылым тапсырмасы:

О 1- тапсырма.Мәтінді оқып,Түркістан қаласының тарихын біліп алыңдар.

Түркістан-рухани қала

Түркістан қаласы-Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде Сырдарияның оң жағында орналасқан.

ІҮ-Ү ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған.ІХ-Х ғасырларда жақсы қалалардың қатарына қосылып,гүлденеді.

ХҮғасырдан бастап «Түркістан» деп аталады.«Түркістан» деген сөз «түріктер мекені,елі» деген мағынаны білдіреді.

Түркістанда ХҮғасырдың басында тұрғызылған Ахмет Йасауи кесенесі бар.

(Т.Тұрлығылов)

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Сұрақтар жауыны,екі топ бір біріне сұрақтар дайындайды стикерге жазады, оларды тақтадағы даңалық ағашына жабыстырады

Түркістан қаласы қандай қала?

Қандай тарихи ескерткіштер бар?

Түркістанның көне атауы?

Крестик нолик ойыны арқылы жауап береді.

Ж 2- тапсырма. Берілген сөздер фонетикалық талдау жасайды

Зерттеушілер тобы: ғасыр Тарихшылар тобы: кесене

Ж 3- тапсырма.

Мәтін мазмұны бойынша сан есімдерді теріп үлестірме қағазға жазады,сан есімнің қандай түріне жататының ажыратады.

Бірін бірі бағалау

О 4- тапсырма.Мәнерлеп оқу,өздері тұратын қаланы сипаттап беріңдер.

Түнгі қала

Тарихшылар тобы:Ж 5- тапсырма.3 тапсырманы негізге алып диолог құрастырыңдар.

Зерттеушілер тобы: Ж 5- тапсырма.Мәтінді негізге алып хронологиялық кесте жасайды.

Екі топтың спикерлері ақпараттармен алмасады.

Топтар жұмыстарын қорғайды.

Бірін бірі бағалау

Кері байланыс

Рефлексия. Бағалау парағы. Жетістік критерийлері бойынша

Барлығын түсіндім Енді түсініп келемін Түсінбедім

Слайд

Үлестірме материал

Слайд

Қосымша ақпарат


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жетістік критерийлері

арқылы

Құндылықтар:

Өмір бойы білім алу: Өз ой - пікірлерін көркем жеткізе білуге үйрету; шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы жазушы шеберлігіне көз жеткізу.

Ынтымақтастық: Бір-біріне көмектесу, топта, жұпта жұмыс жасау, өзгенің пікірін сыйлау.

Тәрбиелік мәні: Адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

АКТ қолдану: Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс:

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ