Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат селосы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

Қосжан Оңғар Саматұлы

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы

11 сынып

Сабақтың тақырыбы:Ұжымдық қорғану құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ұжымдық қорғану құралдары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Сақтыққа, жауапкершілікке, қырағылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз бетімен орындай алуын дамыту.

Көрнекілік құралдар: слайдтар, ОЗК, жеке қорғану құралдары.

Сабақтың түрі: Теориялық және практикалық.

Сабақтың әдісі: баяндау, көрсету, кестемен жұмыс, тест жұмысы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады.

- Оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу.

- Оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ІІ.Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі.

1.Жеке қорғану құралдарын кию (практикалық)

2.Сұрақ-жауап минуты.

1. Жеке қорғану құралдарына не жатады?

Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.

2.Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану не үшін керек?

Адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

3.Сүзгіш газтұмылдырықтар нені қорғайды?

Сүзгіш газтұмылдырықтарыдем алу органдарын, көзді, бетті қорғауға арналған.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақтың тақырыбы: Ұжымдық қорғану құралдары.

Жоспары:

1.Ұжымдық қорғану құралдары.

2.Баспаналар.Радиацияға қарсы тасалану орындары.

1.Ұжымдық қорғану құралдары – бұл Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылыстары.

Бұл – тұрғындарды заманауи зақымдау құралдарынан қорғаудың неғұрлым сенімді жолы.

Қорғаныс құралдары қорғаныстық қасиеттеріне қарай


Баспаналар радиацияға қарсы тасалану орындары

Баспаналар – бұл тасаланған адамдарды ядролық жарылыстың барлық зақымдаушы факторларынан, биологиялық құралдарынан, өрт кезінде түзілетін жоғары температуралар мен зиянды газдардан қорғауға арналған арнаулы құрылыстар.

Баспана жоспары:

1-қорғаныстық қымталған есіктер; 2-шлюздік камералар; 3-санитарлық-тұрмыстық бөліктер;

4-адамдарды орналастыруға арналған негізгі бөлме; 5-апаттық шығу галереясы;

6-сүзгілік-желдету камерасы; 7-азық-түлік өнімдеріне арналған қойма; 8-медициналық бөлме.

Баспана негізгі және қосалқы бөлмелерден тұрады. Паналаушыларды орналастыруға арналған негізгі бөлмелер екі немесе үш қабатты сәкі-отырғыштар мен жатуға арналған сөрелермен жабдықталады. Баспананың қосалқы бөлмелері – бұл санитарлық торап, сүзгілік-желдету камерасы, ал сыйымдылығы үлкен құрылыстарда-медициналық бөлме, азық-түлікке арналған қойма, артезиан ұңғымасына және дизельді электр стансысына арналған бөлмелер.

Баспаналар жарық беру жүйесімен, байланыс және хабарлау аппаратурасымен жабдықталады. Резервтегі байланыс құралы радиостанция болуы мүмкін. Барлық баспаналарда шығар есіктің біреуі авариялық болып жабдықталады. Сумен жабдықтау сыртқы су құбыры желісінен жүзеге асырылады. Су құбыры зақымдалған немесе ол болмағандай жағдайда баспанада болу мерзіміне лайықталған ыдыстарда ауызсудың авариялық қоры жасалады.

Басананы сыртқы ауамен жабдықтау әдетте екі режімде: таза желдету және сүзгілі желдету режімдерінде қамтамасыз етіледі. Бірінші режімде ауа радиоактивті шаңнан, екіншісінде улағыш заттар мен биологиялық құралдардан тазартылады.

2.Радиацияға қарсы тасалану орындары – жергілікті жер радиоактивті зақымданған кезде адамдарды иондаушы сәулеленулерден қорғауды қамтамасыз етеді. Жарықтық сәулеленуден, өтпелі радиациядан, екпінді соққыдан, сондай-ақ адамдардың терісі мен киіміне тікелей уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғайды.

Радиацияға қарсы тасалану орындары ретінде аталған мақсат үшін барлық жарамды үй-жайлар: жертөлелер мен ұралар, көкөніс қоймалары, жерасты кен орындары мен үңгірлер, сондай-ақ жер үстіндегі қажетті қорғаныстық қасиеттері бар материалдардан жасалған қабырғалы ғимараттар пайдаланылады.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тасалану орнына бейімделген жертөле (1) мен ұра (2)

Радиацияға қарсы тасалану орындарының радиоактивті сәулеленудің әсерінен қорғау қасиеттері радиацияның әлсіреуімен бағаланады.

Үй-жайлардың қорғаныстық қасиеттері

Үй-жайлардың түрлері

Радиацияның әлсіреуі

Бірқабатты және екі қабатты ғимараттардың бірінші қабатындағы ішкі бөлмелер:

ағаш қабырғалармен қапталған

кірпіш қабырғалармен қапталған

2

5-7

Көпқабатты ғимараттардың жоғары қабаттарындағы ішкі бөлмелер

50

Бір және екі қабатты ғимараттардың жертөлелік бөлмелері

Ағаш

Тас

7-12

200-300

Көпқабатты ғимараттар жертөлесінің орта бөлігі

500-1000

Ең қарапайым тасалану орындарына ашық және жабылған саңылаулар жатады. Мұндай тасалану орындарын халық өз күшімен қолда бар материалдармен жасайды. Олар сенімді қорғаныстық қасиеттерге ие болады.


Жабылған саңылау

ІҮ.Пысықтау.

1.Сұрақтар:

1.Ұжымдық қорғану құралдарына не жатады?

2.Баспана(радиацияға қарсы тасалану орны, саңылау) қалай жасалады?

3.Қандай үй-жайлар радиацияға қарсы тасалану орны ретінде пайдаланылуы мүмкін?

4.Бір және екі қабатты ағаш (тас) ғимараттардың ішкі бөлмелеріне радиация қаншалықты әсер етеді?

2.Суретпен жұмыс. Баспана жоспарын таныстыр:

3.Кестемен жұмыс.Үй-жайлардың қорғау қасиеттерін кестеден көрсет.

4. Сипаттама бер:Ашық (жабық) саңылауға сипаттама жасаңдар. Оның өлшемдері қандай?

Ү.Бекіту

Тест жұмысы

1.Тасаланған адамдарды ядролық жарылыстың барлық зақымдаушы факторларынан қорғауға аранлаған арнаулы құрылыстар:

а) Жеке дәрі қобдишасы

ә) Баспаналар

в) Теріні қорғау құралдары

2.Баспананың қосалқы бөлмелері:

а) Азық-түлікке арналған қойма

ә) Зақымдану ошағы

б) Басқару пункттері

3.Баспананың бөлмелерінде апаттық жағдайға арналған қор орналастырылған, оларды ата:

а) Биологиялық қару

ә) Қорғаныс киімі

б) Өрт сөндіру құралдары

4.Радиацияға қарсы тасалану орындары:

а) Өнеркәсіптер

ә) Жертөлелер мен ұралар

б) Елді мекендер

5.Тасалану орындарына бейімделген үй-жайларда бір адамға тәулігіне қанша литр есебімен суға арналған бөшкелер орнатылады?

а) 3-4 литр

ә) 1,5-2 литр

б) 6-7 литр

6.Халықтың қорғаныс құрылыстарында болу уақытын кім анықтайды?

а) Жауынгерлер

ә) Азаматтық қорғаныс бастықтары

б) Қарулы Күштер

7.Ең қарапайым тасалану орындарына не жатады?

а) Баспана

ә) Жергілікті жерлер

б) Ашық және жабылған саңылаулар

8.Ашық саңылаудың қалыпты сыйымдылығы:

а) 10-15 адам

ә) 30 адам

б) 50 адам

Тест кілті:

1-ә, 2-а, 3-ә,б, 4-ә, 5-а, 6-ә, 7-б, 8-а

ҮІ.Қорытындылау

1.Оқушыларды бағалау

2.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқуға

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ