Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшқайың ауылы.

"Ә. Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Абилгапарова Кулаш Каблакатовна

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Жеті қазынаның бірі.

Мақсаты: 1. Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.

2. Жеті қазынаны жадында сақтап, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға дағдыландыру. 3. Халқымыздың әдет – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық

Көрнекілігі: Әліппе-дәптері, жеті қазына бейнеленген сурет.

Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып хормен өлең жолдарын айтады.

Кіріспе бөлімі

Балалар, Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты. Қазақ халқы жеті санды «қасиетті киелі сан» - деп есептейді.

Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған шығарсыңдар барлығы жеті санымен айтылады.

- Балалар, бір аптада неше күн бар?

-Апта күндерін атайық.

Балалардың назарын тақтаға ілінген суретке аудару.

1.Ер жігіт

2.Әйел «ана»

3.Ақыл, білім

4.Жүйрік ат

5.Берен мылтық

6.Қыран бүркіт

7.Жүйрік тазы «ит» - Бұлар біздің жеті қазынамыз.

Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні мәнерлеп оқу.

Баяғыда аң патшасы Арыстан қызметшісі Жолбарысты шақырып: «Ормандағы барлық аңдарды жина», - деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде Арыстан апанының алдына аңдар жинала қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соң Түлкі алға шығып:

- О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде Сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті.

Барлық аңдар өз пікірлерін айтып Арыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ең ақылды деп лепіреді. Мақтау сөздерге мәз болған Арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан Итті байқайды. Дереу гүрілдеп Итке төне түседі:

- Әй, сен, оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын есті - дің бе өзі!? Неге сен үн қатпайсың?

Ит салмақты қалпын бұзбастан:

- Ә, сен бе едің ... Сонша немене орманды басына көтересің? Менің сені мақтап бас ұруым керек пе еді? - деп басын көтерместен сөйлейді.

- Ал сонда, - дейді Арыстан, - дүниеде ең қайратты, ең ақылды, ең әділ, епті кім?

- Мен үшін дүниеде қайратты әрі ақылды да тек - адамзат.

Арыстан одан бетер ысқырып, дереу Жолбарысқа:

- Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс. Дереу арамыздан алас - татыңдар! - депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң Ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қара үзіп, кете барған екен.

Содан бері Ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе, «Ит - жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасыпты.

Сөздік жұмысы жүргізіледі.

а)Мадақтау - біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру.

Аластау - біреуді ығыстыру, қуып тастау.

Жағымпаздана - жағыну, жарамсақтану, жалбақтау.

б) Сұрақ - жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын ашу.

- Аң патшасы - Арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?

- Аңдар қалай жауап берді?

- Арыстан неге ашуланды?

- Иттің жауабын кім айтады?

Сергіту сәті: "Көңілді күн"

в) Жеті қазына туралы мағлұмат беру.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

1.Ер жігіт – елімізді, жерімізді қорғайтын адам.

2.Әйел - анамыз, біздің ақылшымыз.

3.Ақыл, білім - адамзат ақылмен ойлап, біліммен толықтырып, әр нәрсені шешіп отырады.

4. Жүйрік ат – адамзат баласын барамыз деген жеріне жеткізеді. Бұрын ат болса, қазіргі кезде ол көлік.

5.Берен мылтық – мылтығың болса, аш болмайсың, аң ауласаң да күніңді көресің.

6.Қыран бүркіт - құсың, мылтығың болса, ол сенің қорғаушың, асыраушың

7.Жүйрік тазы «ит» - адамның досы, көмекшісі, адамдар бұрын алыс жолға өздерімен бірге ит алып шыққан.

Балалар апта күндерін атайды.

Суреттегі бейнелерді мұғаліммен бірге атап береді.

"Әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім?"-деп сұрақ қойды.

"Әлемде теңдесі жоқ патша сізсіз, бұл өмірде сзден қайратты, ақылды, епті жан жоқ-деді түлкі.

Иттің өзін мақтамағанына ашуланды.

«Мен үшін дүниеде қайратты әрі ақылды тек - адамзат» деп жауап берді Ит.

Балалар би қимылдарымен жасайды.

Қорытынды

Ертегіні рольдерге бөліп ойнату.

б) Жеті қазынаның аттарын атату.

Балалар рольге бөліп ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: "жеті қазына" ұғымын.

Түсінігі:«Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіну

Көрсете білуі: Ертегі бойынша сахналауды.

Рольге бөліп сахналау

Сабаққа қатысушы мұғалімдер мен ата-аналар


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін

дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау барысында

шығарма идеясын ашу. Мәтін мазмұны бойынша оқушылардың

шындыққа көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық:іздену, болжау, ойлану, пікірлесу арқылы шығармашылық

әрекеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:достық пен сенім, шындық пен жағымпаздық сияқты мінез-

құлықтар аражігін ажырата білу, сезіну.Бірін-бірі тыңдауға,

құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық жұмыстар, СТО жобасының стратегиялары:

«Араласып кеткен оқиғалар», «Топтастыру», «Биопоэма», «Венн

диаграммасы» т.б.

Пәнаралық байланыс:дүниетану

Көрнекіліктер:жеті қазынаның суреті, интербелсенді тақта, слайд, видеобейне, т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

Күндей жарқырап жайнаймыз,

Нашар баға алмаймыз.

Тәртіпті боп сабақта,

Ақылмен біз ойлаймыз.

Білімге терең бойлаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

а) «Туған күнді тойлау» шығармаларын оқыту.

ә ) Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

- Мәтіннің авторы кім? (Бауыржан Момышұлы)

- Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз? (Ол-жауынгер, жазушы, қолбасшы, халық қаһарманы)

- Бұрынғы уақытта туған күн қалай тойланған? (Мүшелді кезеңдер тойланған).

- Алғашқы мүшел жастағы бала нешеде? (Қырық күндік). Екінші мүшелдегі ше? (Жеті жаста).Сендер қай мүшелдесіңдер? (Екінші мүшелдеміз).

- Мүшел жас пен аспан әлеміндегі қандай әрекет байланысты болуы мүмкін?

(Әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады.Мүшел жас та әрбір 12 жыл сайын кіріп отырады.Бір жылда да 12 ай бар).

І. Қызығушылықты ояту.

Балалар, бүгін біз сендермен «Жеті қазынаның бірі» атты ел аузынан жазылып алынған мәтінмен танысамыз.

«Қазына» дегенде көз алдарыңа не елестейді? Сөзге топтастыру жазу. Топтастыру көк түспен жазылады.

байлық

ақшаасыл тастар

көмбеалтын

Қазына

үйдүние


мұра

- Өмірдің бар қызығы материалдық байлықта ма?

- Өмірі таусылмайтын, мәңгілік сақталатын қазына не нәрсе деп ойлайсыңдар?

(Топта талқылату, пікірлерін тыңдау).

Ыбырай Алтынсарин атамыз осы мәселе туралы не айтты екен? (Өлеңін оқу, мағынасын бірлесе ашу).

Бейнет көрмей, дәулет жоқ.

Мал дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң жоқ болар.

Оқымыстының байлығы

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Топтастыру кестесіне қайта оралып, қызыл түспен ақыл, білім, кітапсөздерін қосу.

байлық

ақша асыл тастар

көмбе алтын

Қазына

үй дүние

ақылмұра білім кітап

- Ал халқымыз жеті қазынаға нені жатқызады екен, мәтіннен оқып көрелік. Осы қазыналардың бүгін біреуі туралы оқып білеміз.

ІІ. М а ғ ы н а н ы т а н у .

Мәтінді «Араласып кеткен оқиғалар»әдісі арқылы оқу.

Мәтіннің 1,2 абзацын оқып түсіну.

- Ертегідегі Түлкінің сөзінен не байқадыңдар?

- Балалар, өмірде өздеріңді біреу мақтаса қандай сезімде боласыңдар? (Қуаныш, рақаттану, кішкене қысылу...)

- Ертегінің осы бөлігіне қандай тақырып қояр едіңдер? І. Аңдар жиналысы.

(Әрі қарай оқу). Сұрақтар:

- Ит неліктен әңгімеге араласқысы келмеді?

- Қалай ойлайсың, Арыстан Итті қалай жазалауы мүмкін?

- Олай болса, осы бөлімді қалай атауға болады? ІІ.Арыстанның қаһары.

Сөздікпен жұмыс:Аластату деген не? (қуып жіберу).

(Ертегіні аяғына дейін оқу).

- Ит қайда кетті?

- Иттің кеткені дұрыс болды ма?

- Сендерге Иттің қай сөзі ұнады?

- Ал адам Итті қабылдады ма? Оны қалай дәлелдер едің?

Бөлімге ат қою. ІІІ. Ит-адамның досы.

Сөздікпен жұмыс:Құйрық (қол) үзу – араласпай, қатыспай кету.

Ертегідегі Ит пен Түлкіні салыстыру. «Венн диаграммасы» (топтық жұмыс).

Түлкі Ит

жағымпазадал, әділ

айлакер, қу байсалды

жабайы батыл

екіжүзді қорғаушы

қорқақ төзімді

- Адамдар неліктен итті елдің жеті қазынасы қатарына қосқан деп ойлайсыңдар?

-Өйткені ол адамға адал қызмет етеді. (Иттер туралы білетін мәліметтерін сұрау).

Деректер:Әлемде итттердің 400-дей түрі бар екен. Олар 10-12 жыл өмір сүреді. Тұрмыста пайдалануына қарай олар 3 топқа біріктіріледі:

* аңшы иттер

* күзетші иттер

* үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер

- Жеті қазынаның бірі Ит екенін білдік, ал қалған қазынаға не жататынын білгілерің келе ме?

Таныстыру, түсінік беру.

жүйрік ат


қыран бүркіт құмай тазы (ит)

Жеті қазына

майланғыш ау қандыауыз қақпан

берен мылтық өткір кездік

Құмай тазы туралы видеобейне көрсету.

ІІІ. О й т о л ғ а у .

1. Топпен жұмыс. Биопоэма(ит туралы)

Аты– _____

Сипаттайтын сөз- ______________

Жақсы көретіні - _______________

Қорқатыны - ___________________

Басынан өткізген сезімдері - ________________

Болашақтан күтетіні- ____________________

Мекенжайы - ___________________

Тегі - _____________________

Қорыту сұрақтары:

- Арыстан мен Ит неліктен араз болды?

- Иттің адамға достығын қалай түсіндіресің?

- Қазына деген не?

- Адамдардың арасына келгенге дейін иттің өмірі қандай болды деп ойлайсың?

Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу. Батпырауық белгісінің тапсырмасы.

Бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ