Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
Дамытушылық:Оқушылардың байланыстырып сөйлей алу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын кеңейту.
Тәрбиелік: Өзбетімен қорытынды шығара алуға, алған білімін қолдана алуға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, түсіндірут.б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дидактикалық материалдар т.б.Электронды оқулық.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ Психологиялық дайындық

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)

Үй тапсырмасын тексеру

5-жаттығу

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Ертеде Сөйлем деген патша болыпты.Оның үш баласы болыпты. Олардың өз орындары бар біреуі бірдеңені хабарлап айтатын болса,екіншісі жауап алу мақсатында,үшіншісі адамның көңіл -күйін ,сезімін,көтеріңкі дауыспен айтқан .Патша балаларын бір бағытта тәрбиелеген.

Хабарлы сөйлем Лепті сөйлем Сұраулы сөйлем 3 топқа бөлу

а) «Сиқырлы сандық» ойыны ұйымдастырылады.
Сандықша ішіндегі сөздерді оқы. Әр сөздің нені білдіретінін айту.
Оқушылар шығып, сандықшадан қағаздарға жазылған сөздерді алады.

ә) Үй тапсырмасын қорытындылау

Сөйлем нені білдіреді?

Сөйлем неден құралады?
Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
Сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгі қойылады?

IV Жаңа сабақ
Дәптерді ашу, бүгінгі күннің жадын жазу
Көркем жазу
Мысалдар келтіру:
Үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат-арзан, ақ-қара, күн-түн..

Жаңа сабақты қорыту:

Тілімізде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болады. Бұл сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздер дейміз

V Сабақтыбекіту:

а) Оқулықпенжұмыс

1-жаттығу. 1Шие-тәтті жеміс,ал пияздың дәмі .....2 Қыста күн суық

болады,жазда ....... болады.3 Қаланың көшелері кең ұзын,ауылдың

көшелері тар,......4 Қанаттың үйінде ...... ат бар ,Ерболдың аты асау екен.

2-жаттығу. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама –қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.

Алыс жер- ---------------
қымбат киім---------------

айлакер адам- -------------

батыр бала---------------

биік ағаш----------------

суық су--------------------

Сергіту сәті:
Жаза, жаза саусағым
Әлсіредің шаршадың
Азырақ тынығып демалып,
Көркем етіп жазамыз.
Қолымызды созамыз,
Белімізге қоямыз,
Алға – артқа бәріміз айналамыз
Оң аяқ пен сол аяқ
Секіреді жылдам – ақ

Сергіту сәтіндегі қарама – қарсы сөздерді табу

ә) Шығармашылық тапсырма
Көп нүктенің орнына сол сөзге мәндес сөздерді тауып жаз және сөйлем құра.
Сұлу, … (әдемі, көрікті, ажарлы)

Атақты, … (әйгілі, белгілі, көрнекті)

Суық, … (мұздай, салқын)

Сөздердің мағынасын ашып жазу

Түс (түскөру, қызыл түс, арбадан түс)

Бас, алма, үй, шаш, нан.

Қарама-қарсы мағынасын тап.
Биік – Адал – Ашық –
Ақ – Қатты – Арзан –
Ұзын – Өтірік – Ыстық –
Жоғары – Жақсы – Батыр –

«Қай сөз артық» ойыны

Ас, тамақ, тағам, асаба, дәм

Аспан, көк, шарықтау, әуе

Үлгілі, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, өнеге

Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, айтқыш

Мәтіндермен жұмыс

5-жаттығу орындалады

VI Сабақты қорыту

Оқушылар өзбетімен ізденуіне берілген тапсырмалар

а) Сөздің дыбыстарында өзгешелік болады;
ә) Сөздер бір ғана ұғымды білдіреді;
б) Сөздер бірғана сөз табына қатысты.
Мысалы: күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болады.
Мысалы: үлкен – кіші, суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ

VII Үйге тапсырма
6-жаттығу

VIII Бағалау Бағдаршам әдісі арқылы бағалау.

Қорыта келе, сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді.Ізденушілігін арттырып өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып,белсенділігі күшейеді.Егерде жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек,өз нәтижесін береді. Ендеше «ел келешегі – ұстаз қолында», - деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін.
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ