Сабақтың мақсаты: Жердің құрылысымен таныстыра отырып, жер қыртысы,
мантия және ядро қабықтарының ерекшеліктерін түсіндіру және оқушыларға дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Оқушыларға жер қыртысы туралы мағлұмат беру.
2. Өзара бірлесе әрекет етуге, өз
бетімен жұмыс жүргізу қабілетін арттыру.
3. Зиянды әрекеттерден аулақ болуға,
жердің қадір-қасиетін ұғына отырып, қорғауға, сақтауға бағыттау.
|
Ресурстар: (материал дар көздері қалам қағаз жұмыс дәптер,бейне
материалдар үнтаспа)
|
Сабақ барысы:
Сыртқы интеграция:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
«Орманға саяхат».
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір
тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір
біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті
ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны
жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған
күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай
болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.
Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап,
еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош
иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.
Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті.
Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз
өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында
бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз.
Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз,
ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне
арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған
айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2
минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты
сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен
қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық
жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген
уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға
дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген
жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне,
мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық,
қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет.
Оқушылар
өз әсерлерімен бөліседі.
1.
Үйге
тапсырма:
Өткен
сабақта «Жер қыртысының қозғалуы» туралы өткен едік, соған тоқталып өтейік.
-
Жер қыртысы қозғалысына мысал келтіріңіздерші?
-
Қай жылдары өте күшті жер сілкінісі болды?
-
Неше баллмен өлшенеді?
-
Біздің еліміздің қай аймағында жер сілкіну құбылысы байқалады?
Дәйексөз:
Ұлтарақтай
болса да
ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
туып-өскен ел қымбат.
Халық мақалы
1.Жеке оқыту;
2.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
3.Дәптерге жаздыру
Сұрақтар:
1.Дәйексөзде қандай
құндылықты байқадыңдар?
2. Жер не үшін қымбат деп ойлайсыңдар?
3. Жер туралы қандай мағлұматтар білеміз?
1. Ғарышкерлер үшін ең үлкен
таңғаларлық жағдай-Жердің ғарыштан қарағандағы көрінісі. Таулы жоталар, ірі
көлдер мен өзендерді анық ажыратуға болады. Ең бір сұлу көрініс қараңғы
түнектен нұрын шашып көкжиектен көтеріліп келе жатқан кезең. Осы кезде Жердің
дөңгелеек, сопақша екендігі айқын байқала отырып, күн нұрының шашырауынан
көкшіл түстен, көгілдір-күлгінге, одан кейін қою көк түске боялады. Бұл –
Жерді ғарыштан бірінші болып көрген
ғарышкер Юрий Гагариннің сөзі еді.
| |