Сабақтың тақырыбы:
|
Алашорда
үкіметінің құрылуы
|
Жалпы мақсат
|
Алаш партиясы
мен Алашорда үкіметінің құрылуындағы негізгі идеясын ашу және меңгерту, Алаш
,алашорда ұғымдарының мағынасын ашу, тірек сигналдармен жұмыс істеу
кезеңдерін меңгерту, білімдерін кеңейту, білім, іскерлік дағды қалыптастыру.
|
Оқу нәтижесі
|
Тақырыптыжан-жақты
талдауға үйренеді, Алашорда үкіметі туралы біледі, Алаш партиясының мақсатын, ерекшеліктерін ажырата алады,
топпен жұмыс жасауға жаттығады, пәнге қызығушылығы артады және өзін-өзі,
бірін-бірі бағалауға үйренеді.
|
Негізгі идеялар
|
Ой тұжырымын
жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал жасау, білім, білік, дағдыларының
жетілуіне жағдай жасау.
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
Интербелсенді
тақта, сабақ презентациясы, парақтар, маркерлер, таратпа материалдар, ,
бағалау парақтары
|
Оқыту әдістері
|
Түсіндіру, СТО,
АКТ пайдалану, сұрақ-жауап, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, «Миға шабуыл»
әдісі, «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі, «Ыстық орындық» әдісі
|
Дерек көздері
|
Оқулық,
әдістемелік құралдар
|
1 сабақ сағ 8.00-8.45
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3 мин
|
I. Қызығушылықты ояту кезеңі
Тренинг: «Кезекпен ойды аяқта»
Мақсаты: Жағымды
психологиялық ахуал тудыру, көтеріңкі көңіл орнату.
Менің
көңіл-күйім тамаша, себебі...
Рахмет! Ендеше,
осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
|
Оқушылар ойды
кезекпен жалғастырады.
|
Қол шапалақтау
|
Слайд 1
|
2 мин
|
«Жарайсың!», «Тамаша!», «Өте жақсы!» сөздерін
алу арқылы
топқа бөлу
- Ендеше, осы
атқа сай жұмыс атқарайық!
|
«Жарайсың!», «Тамаша!», «Өте жақсы!» сөздері
арқылы 3 топқа бөлінеді
|
Қол шапалақтау
|
Қима қағаздағы сөздер: «Жарайсың!»
«Тамаша!», «Өте жақсы!»
Слайд 2
|
5 минут
|
II. Мағынаны тану
«Атаулар туралы үш сұрақ»тәсіліМақсаты: жаңа тақырыпқа кіріктіру
Ол үшін жаңа тақырыпқа қатысты үш сөзді тақтадан жазып
қойып сұрақтар қоямын.
«Алаш», «Алашорда», «Қазақ»
1.Қайда?Бұл сөзді і сіз бұрынырақта қайда
және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2.Қалай?Өз тәжірибеңізден осы атауларды
қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3.Қандай?Осы
сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
|
Оқушылар пікірлерін білдіреді, көзқарастарын айтады.
Осы сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.
|
|
Слайд 4
|
8 минут
|
Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспар:
1.IIЖалпықазақ
құрылтайы.
2. «Алаш» партиясының бағдарламасы мен тактикасы
|
Жаңа білімді
игереді. Пән аралық байланыс. (Қазақ әдебиеті) Проблемалық сұрақтарға жауап
береді. Іс -тәжірибемен байланыстырады. Дәптермен жұмыс.
|
|
Алаш
қайраткерлерінің суреті, тақырыптық сызба, тірек сызба үлгілері
|
10 мин
|
III. Ой толғаныс
Топтық жұмыс
Мақсаты: жаңа сабақты бекіту
«Тірек сызба» оқыта үйрету ойыны
Ойын екі
кезеңнен тұрады.
1 кезең. Әр топ
мәтінді түсініп оқып, мәтінге сызба
дайындайды.
2 кезең. Әр топ
өзі дайындаған тірек сызбасын қорғайды.
(Тірек сызбаға қойылатын критерийлер (кесте
түрінде) топтарға таратылып беріледі)
Видео көрсету
|
Топпен
тапсырманы орындайды Мәтінге тірек-сызба дайындайды, қорғайды, бағалайды.
|
Критериалды
бағалау
Мазмұндылығы (5
ұпай) Шығармашылығы (5 ұпай)
Эстетикалығы (2
ұпай)
Қорғау (3 ұпа)
Бағалау шкаласы
12-15 ұпай - «5»
6-11 ұпай – «4»
1-5 ұпай – «3»
|
Таратпа
материалдар: мәтін жазылған қима қағаздар, бағалау парақтары
|
5 мин
|
«Алаш идеясы- Мәңгілік Ел идеясы» тақырыбында
«Ыстық орындық» әдісі арқылы ой толғау.
Мақсаты: Білім, іскерлік, дағдыны жүйелеу,
қорытындылау
-
Алашорда
қайраткерлері большевиктердің саясатына қандай көзқараста болды?
-
-
Алашорда үкіметінің жеңіліске ұшырау себебі неде?
- «Алаш» партисының бағдарламасын талдау.
|
Сұрақтарға
жауап береді
|
|
|
5 мин
|
Бағалау
Мақсаты: Сабақ қорытындысын, нәтижесін шығару
|
|
Жиынтық бағалау
|
|
2 мин
|
Үйге тапсырма беру
-
Алаш
қайраткерлерінің өмірбаяндарын оқу .
-
«Алаш
идеясы-тәуелсіздік идеясы» эссе жазу
|
- Берілген тапсырманы дәптерлеріне жазады
|
|
|
5 мин
|
Рефлексия: «Бес
саусақ» тәсілі
Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай
болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек
бердім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мағн ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
|
Бүгінгі
сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
|
Қол шапалақтау
|
|